Энергетика
өнеркәсіптің
барлық салаларының - транспорттың,
коммуналды және ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын,
халықтың әл-ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы күш.
Отын-энергетикалық кешен - жанармайларды барлау және өндіру,
тасымалдау, тарату және пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Бұлардың
құрамына
отын
өнеркәсібі
(Мұнай,
газ,
көмір)
және
халық
шаруашылығындағы басқа салалармен тығыз байланысты электроэнергетика
кіреді.
Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына республикадағы
мол табиғи байлықтар себеп болып отыр. Мысалы, Қарағанды көмір
бассейнінде көмірдің қоры 51 млрд тоннаны құрайды. Қостанай облысындағы
қоры бай темір рудалары және Теміртау металлургия комбинатының
салынуымен Карағанды көмір бассейінінің маңызы арта түсті.
Сонымен қатар энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық
түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу
қалдықтарымен
ластауда
да
үлесі
көп.
Бүкіл
пайдаланатын
энергоресурстардың 25% электр энергиясының үлесіне тиеді. Қалған бөлігі
(75%) өндірістік, тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия, химиялық
процестер үлесіне тиеді. Жыл сайын дүние жүзінде 25 млрд тоннадан аса
энергия пайдаланылады. Энергетиканың қоршаған ортаға әсері отынның
түріне байланысты.
Қатты отынды жаққанда атмосфералық ауаға толық жанбаған отынның
күлді бөлшектірімен бірге күкіртті ангидрид, азот оксиді, фторлы
қосылыстардың кейбір қоспалары бөлінеді. Кейбір жағдайларда отын күлінің
құрамында бұдан да улы заттар қоспалары кездеседі. Мысалы, Донецк
антрацигтерінің құрамында аз мөлшерінде мышьяк кездессе, Екібастұз көмірі
күлінде - бос кремний диоксиді бар.
Көмір
- планетада ең көп тараған қазбалы отын. Кейбір мамандардың
айтуы бойынша көмірдің қоры 400-500 жылға жетеді. Көмірдің мұнайдан
тағы бір артықшылығы, ол дүние жүзі бойынша біркелкі таралған және
мұнайға қарағанда арзан. Бұрынғы КСРО кезінде ірі жылу-энергетикалық
кешендер елдің шығысында орналасты, мысалы Екібастұз, Канск-Ачинск кең
орындары. Ашық әдіспен өндірілетін бүкіл көмірдің төрттен бір бөлігі
Екібастұз кен орнының еншісіне келетін. Мұндағы көмірдің қоры шамамен 9
млрд тонна деп саналады. Алайда Бұл кең орнынан алынатын көмірден күл
көп шығады (50% дейін).
Торф
(шымтезек). Энергетикалық тұрғыдан торфты (шымтезекті)
кеңінен пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз жақтары көп.
Біріншіден, су экожүйелерінің режимі бұзылады, сол жердің топырақ жабыны
мен ландшафтының өзгеруіне алып келеді. Жергілікті жердегі тұщы су
көздерінің және ауа бассейнінің сапасын төмендетіп, ол жерде тіршілік ететін
38
жануарлардың өміріне де қауіп төндіреді. Сондай-ақ оны сақтау және
тасымалдау кезінде де экологиялық мәселелер туындайды.
Сұйық отындарды
(мазут) жаққанда атмосфералық ауаға күкіртті
ангидрид, азот оксиді, толық жанып бітпеген отын өнімдері, ванадий
қосылыстары, натрий тұздары бөлінеді. Сұйық отын көмірге қарағанда
біршама таза, қалдықтар ретінде көп жерді алып жататын, жел тұрса желмен
бірге таралатын күл- қоқыстар бөлмейді. Алайда сұйық отын экономикалық
тұрғыдан қымбат болғандықтан тиімсіз. Д.И.Менделеев айтқандай, Мұнай
жағу - пеште (ошақта) ассигнацияларды өртеумен бірдей.
Табиғи газ
. Көмірді табиғи газбен ауыстыру еңбек өнімділігін арттырып,
шығын азайып өнімдердің (металл, құрылыс материалдары) сапасын көтереді.
Ең негізгісі қаланын экологиялық ахуалын жақсартады. Сондықтан соңғы
кезде көмір мен Мұнай өнімдерінің орнына табиғи газ көп пайдаланылуда.
Егер көмір жаққан кезде атмосфераның ластануын 1 бірлік деп есептесек,
мазутты жаққанда - 0,6, табиғи газды пайдаланғанда - 0,2-ге тең. Табиғи газды
пайдаланғанда атмосфералық ауаға зиянды N
2
0
3
(азот оксиді) бөлінеді, бірақ
көмірмен салыстырғанда мөлшері 20%-ға төмен.
Электр энергетиканың негізін жылу электр стансалары құрайды.
Бұлардың үлесіне өндірілетін жалпы энергияның 70 % келеді - Жылу
стансалары жалпы өнеркәсіптен бөлінетін зиянды қалдықтардың 29%-ын
бөледі. Олар өздері орналасқан жердің айналасына, биосфераға айтарлықтай
әсер етеді. Әсіресе, сапасы төмен отындармен жұмыс жасайтын электр
стансалары аса қауіпті. Мысалы, 1 сағат ішінде 1060 тоннасы жағылған
Донецкі көмірінен қазандықтардан 34,5 т қоқыс, газдарды 99%-ға тазалайтын
электрсүзгіштердің бункерлерінен 193,5 т күл, ал мұржалары арқылы
атмосфераға 10 млн/м
3
түтінді газдар бөлінеді. Жылу стансаларынан бөлінген
ағынды судың және территориядағы жаңбыр суының құрамындағы ванадий,
никель фтор, фенолдар және мұнай өнімдері су айдынына қосылып судың
сапасына, су организмдерінің тіршілігіне әсер етіп, жылуды ластануға алып
келеді. Қандай да бір заттардың концентрацияларының көбеюі нәтижесінде
судың химиялық құрамы өзгеріп, ол өз кезегінде бактериялар мен су
организмдерінің түрлі құрамы мен санына және су айдындарының өздігінен
тазару процестерінің бұзылуына, санитарлық жағдайының нашарлауына алып
келуі мүмкін.
Жылу электр стансалары қызған пармен қозғалысқа келетін
турбиналардың көмегімен энергия береді. Турбиналарды үнемі сумен
салқындатып отыру керек. Сондықтан жылу стансаларынан су айдынына,
әдетте 8°С-12°С-қа жылынған су бөлінеді. Ал ірі жылу стансалары мен АЭС-
тер судың үлкен мөлшерін қажет етеді. Олар 80 м
3
/сек - 90 м
3
/сек жылы
суларды бөліп шығарады. Су айдынында температураның көтерілуімен
олардын табиғи гидротермиялық режимі бұзылып судың «гүлдеуіне» алып
келеді. Суда газдардың еру қабілеті төмендейді, судың физикалық қасиеті
өзгеріп ондағы барлық химиялық және биологиялық процестер жылдам
жүреді. Судың тұнықтығы бұзылады, қышқылдығы өзгереді, жеңіл
39
тотықсызданатын заттардың ыдырау жылдамдығы артады және фотосинтез
процесінің жүруі төмендейді.
Кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін
өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияға көшіру,
автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазанды қатарынан бөлінетін газтәрізді,
ауа тозаңы, ауыр металдар, фенолдар және т.б. зиянды заттардың шекті
мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |