Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


Жылу электр стансаларының қоршаған ортаға әсерін талдау



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
 
4.2 Жылу электр стансаларының қоршаған ортаға әсерін талдау 
 
Атмосфераны ластайтын негізгі көздердің бірі - көмірмен жұмыс 
істейтін жылу электрстансалары болып табылады. Көмір алдағы жүз жылда 
ғаламшардың энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ете алады және әлемде 
ең көп таралған энергия көзі болып табылады. Республиканың мемлекеттік 
балансында 49 кен-орын бойынша қорлар есептелген, яғни 
33,6 млрд 
тоннаны құрайды

оның ішінде тас көмір – 
21,5млрд тн., 
қоңыр көмір – 
12,1 
млрд тн.
Көмірді кең қолданудың айтарлықтай артықшылығы – оның пайдалы 
энергияның таза шығысының мәні жоғары, оны жағу арқылы ең арзан жолмен 
жоғары температуралы жылу мен электрэнергиясын алуға болады. Әлемде 
өндірілетін электр энергиясының шамамен 40%

көмірді жағу арқылы 
алынады. Оның үстіне көмір ең көп ластайтын энергетикалық ресурс болып 
табылады. 
Көмірді жағу кезінде құрамында күкірт пен азот қышқылдары, түрлі 
қатты дисперсиялық бөлшектер (күл мен шаң) және де парникті газдардан 
тұратын бірқатар ластағыш заттардың эмиссиясы атмосфераға шығады. ЖЭО-
да өндірілген 1 кВт/сағ электрэнергиясынан басқа энергия көздерімен 
салыстырғанда парникті газдардың біршама көп мөлшердегі эмиссиясы 
бөлінеді. Осылай, көмірден 1 ГДж жылу алу кезінде 90 кг СО² түзілсе, ал 
мұнай мен табиғи газдан - сәйкесінше 73 кг және 55 кг СО² түзіледі. Бұдан 
басқа, көмірді жағу кезінде атмосфераға бөлінетін күлдің құрамында 
қорғасын, сынап, кадмий секілді ауыр металдардың көп мөлшері болады. 
Көмірді жағу кезінде түзілетін қалдықтар ауқымды жер ресурстарының 
ауданын алып жатыр және ауа бассейнінің ластану көзі болып табылады. 
Ауада қатты дисперсиялық бөлшектердің, әсіресе, 10 және 2,5 микроннан 
кішкене мөлшердегі бөлшектердің болуы тұрғын үйлерге күйе мен күлдердің 
таралуы секілді жеке тұрмыстық қолайсыздықтардан бөлек адамдардың 
тыныс алу жолдарының ауруларын тудырады. 
Қоршаған ортаға, атмосфераға түскен күкірт пен азот қышқылдары тез 
қышқылданып, су буларымен өзара әрекеттесе отырып, күкірт пен азот 
қышқылдарының ұсақ тамшыларын түзеді. Бұл өз кезегінде өсімдіктер мен 
жануарларға, ғимараттарға, мәдениет ескерткіштері мен құрылыстарға үлкен 
залал келтіретін қышқылдық жаңбырдың жаууына ықпал етеді. Азот 


40 
қышқылдары фотохимиялық түтіннің түзілуіне ең үлкен үлесін қосады. Азот 
диоксиді 
тропосферада 
салыстырмалы 
түрде 
бейтарап 
болып 
табылатындықтан, стратосфераға жеткенде азот қабатын бұзатын белсенді 
катализаторға айналады. 
Көмірді жағу улы тұрақты органикалық ластағыштардың – диоксиндер 
мен фурандар, біршама белсенді көмірсутектердің, оның ішінде адамға үлкен 
канцерогендік және мутагендік ықпал ететін қауіпті бензопиреннің түзілуіне 
алып келеді. 
Көмірге деген сұраныстың тиімді және сенімді энергетикалық отын 
ретінде артуына байланысты энергетикалық тиімділік пен экологиялық 
қауіпсіздік мәселелерін шешу өзектілігі арасында таңдау қажеттілігі 
туындайды. 
Мұнай мен табиғи газ құнының жоғары болуы нәтижесінде көмірдің 
мол қоры Евразия елдері үшін ең сенімді және экономикалық тиімді энергия 
көзі болып саналады.
Қазақстанның көмір өнеркәсібі ел экономикасындағы ірі салалардың 
бірі болып табылады. Республиканың отын-энергетикалық балансы тауарлық 
нарықтағы отын-энергетика ресурстарының маңызды түрлерінен құралған, 
олардың ішінде ең негізгілері табиғи ресурстар болып табылады. Табиғи 
ресурстар отын-энергетикалық кешенінің жалпы көлемінің 71,7 % құрайды. 
Республиканың табиғи ресурстарының құрамында 50,7 % мұнай, сондай-ақ 
газконденсат, 31,7% - көмір, 17,6 % - табиғи газ бар. 
Қазіргі таңда республиканың көмір саласы Қазақстанда электр 
энергиясы өндірісінің 78% қамтамасыз етеді. Энергетикалық көмір 
ресурстары қазіргі кезде тек жылу электр стансаларының қажеттілігін толық 
мөлшерде қамтамасыз етеді. Тез дамып жатқан урбандалған аумақтардың 
коммуналдық секторлары мен тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру үшін 
Шұбаркөл және Майкүбі кен орындарында күлі аз көмірді өндіру көлемін 
арттыру жоспарлануда. 
Көмірдің баланстық қоры ішкі қажеттіліктерді қамтуға және көмір 
өнімінің айтарлықтай көлемін экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Көмір 
кен орнының үлкен бөлігі Орталық (Қарағанды және Екібастұз көмір 
бассейндерінде) және Солтүстік Қазақстанда (Торғай көмір бассейні) 
шоғырланған. 
Кокстелетін көмірдің барлық баланстық қоры Қарағанды облысында 
жатыр. Қарағанды бассейніндегі жер астындағы көмір шахталарынан күлділігі 
10-нан 35 пайызға дейін жететін жоғары сапалы кокстелетін көмір өндіріледі. 
Бассейндерде газдың қоры үлкен және ұзақ жылдардан бері одан метан 
өндіріп алынады. 
Екібастұз бассейні Астанадан солтүстік-шығысқа қарай Павлодар 
облысында орналасқан. Бассейнде метанға бай көмір карьерлері шоғырланған. 
Екібастұз көмірінің күлділігі өте жоғары, 35-тен 50 пайызға дейін жетеді. Бұл 
көмір, ең алдымен, тұрмыстық мақсатта және де жылу электр стансаларында 
электр энергиясын өндіру үшін қолданылады. Республиканың айтарлықтай 


41 
өнеркәсіптік потенциалына ие батыс және оңтүстік аудандарында кен-
орындардың түрлі орналасуына байланысты көмір отыны тапшылық 
тудырады. 
Қазақстанда сапасы төмен және күкірт мөлшері жоғары көмір түрлері 
көп, олар бастапқы энергия ресурсына деген сұраныстың 40% қамтиды. 
Энергетика мен өнеркәсіпте пайдаланылатын көмір ресурстары байыту 
деңгейі бойынша төмен болуымен ерекшелінеді. Экспортқа шығарылатын 
көмірдің халықаралық стандарттарға сай келмеуі нәтижесінде сыртқы 
нарыққа төмен құнмен шығарылады. 
Қазақстанның экономикалық өсімі артқан сайын отынның қатты 
түрлеріне деген сұраныс артады. Отын-энергетикалық кешеннің тиімділігін 
арттыру үшін көмір саласын дамыту бағдарламасы қабылданды, бұл 
бағдарламада көмір өндіру көлемін арттырумен қатар, жаңа техникалық 
шешімдерді орындау негізінде жылу мен электр энергиясын өндіруге көп 
назар аударылады. 
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық 
дамуының бағдарламасында қарастырылған қайта өндірілетін қуаттардың 
қажеттілігін қамту үшін Министрлікпен 2020 жылға дейін болжау арқылы 
көмір саласын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. 
Жоспар бойынша 2015 жылға дейін көмір өндіру көлемін 131 млн. 
тоннаға дейін арттыру көзделіп, яғни республиканың КСРО уақытында 
жеткен көмір өндіру көлеміне жетіп, ал 2020 жылға дейін тағы 20 млн. 
тоннаға арттыру жоспарлануда (5- сурет). 
Қазақстанда электрэнергиясы дәстүрлі көздермен – жылу және су электр 
стансаларында (сәйкесінше 88% және 12%) өндіріледі. 2010 жылғы жағдай 
бойынша республикадағы жылу және су электр стансаларының анықталған 
электрлік қуаты сәйкесінше 17 252 және 2 273 мың кВт. құрайды.
Аймақтар бойынша жылу электрстансалары қуаттарының ең үлкен 
көлемі (46,4%) Павлодар облысына, су электрстансаларының қуаты бойынша 
(75,8%) Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. 2010 ж. Ақтөбе, Атырау, 
Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында жылу электр 
стансаларының электр қуаты біршама артқан. 
Республиканың электр станцияларында 2010 жылғы анықталған жылу 
қуаты 28 507 Гкал/сағ құраған. Аймақтар бойынша жылу қуатының ең үлкен 
көлемі Қарағанды (17,5%) және Павлодар (13,3%) облыстарына тиесілі.
Қазақстанда негізгі электр энергиясын Екібастұз, Майкүбі, Торғай және 
Қарағанды бассейндерінің көмірінде жұмыс жасайтын 37 жылу 
электрстансалары өндіреді. Олардың ішінде ең ірісі – Екібастұз МАЭС-1, 
МАЭС-2 және Ақсу (Ермак) МАЭС – барлық электр энергиясының 14% 
өндіреді. 


42 
 
5 сурет - Көмірді өндіру мен жеткізудің болжамдық көлемі (млн тонна) 
Жалпы, Қазақстанның көмірмен жұмыс жасайтын жылу электр 
стансаларының пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК) 33% – 35%. ХХ 
ғасырдың 50-ші және 70-шы жылдары салынған жылу электр стансаларының 
ПӘК өндірістік ресурсын толығымен жұмсаған. Бұл жағдайда 2010 жылғы 
есептер бойынша тозу коэффициенті 82 % құрайды. 
Қазақстандағы жылу электрстансалары мен электр орталықтардың 
бекітілген қуатының жалпы мөлшері 14 300 МВт электрэнергиясын құрайды 
(2 кесте). 
Қазіргі таңда Қазақстанның энергетиалық кешені көздерінен шығатын 
шығарындылардың меншікті салмағы Орталық Азиядағы атмосфералық ауаға 
ластағыш заттар эмиссиясының 43,7% құрайды. 
Атмосфераны ең көп ластайтын ірі ластағыш көздері 7-суретте 
көрсетілген. 
2 кесте - Көмірді тұтынатын электр энергиясы мен жылудың 
энергетикалық көздері 
№ 
п/п 
Облыс атаулары 
ЖЭС және ЖЭО атауы 

Ақмола 
ЖЭО-1,2 «Астанаэнергосервис» ААҚ, ЖЭО 
«КазСабтон» ЖАҚ 

Атырау 
Ортақ 
қолданыстағы 
электрстансасы 
– 
қуаттылығы 215 МВт Атырау ЖЭО, қуаттылығы 
12 МВт, ЖЭО АМӨЗ, қуаттылығы 156 МВт, 
Теңіз кен орнындағы ГҚЭС-144 газқұбырлық 
құрылым, кешенді технологиялық желілерді 


43 
электрмен 
қамтуға 
маманданған 
ГҚЭС, 
«Тенгизшевройл» ЖШС ГҚЭС. 

Шығыс Қазақстан «АЕS 
Усть-Каменогорская 
ЖЭО», 
«AES 
Согринская 
ЖЭО», 
Лениногорск 
ЖЭО, 
«Теплокоммунэнерго» ЖЭК. 

Жамбыл 
Батуров атындағы «Жамбылэнергокомбинат» 
ААҚ Жамбыл МАЭС. 

Батыс Қазақстан 
«Қарашағанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» 
Компаниясының ГҚЭС. 

Қарағанды 
Қарағанды 
ГҚЭС-1, 
«Казахмыс» 
корпорациясының Қарағанды ГҚЭС, ЖЭО -1,3 
«Карағанды–Жылу» ЖЭО, «Испат-Кармет» ААҚ 
ЖЭО-2, «Тентек ЖЭО» ЖШС, «Испат-Кармет» 
ААҚ ЖЭО-ЖАС, «Казахмыс» корпорациясының 
Жезқазған ЖЭО, «Казахмыс» корпорациясының 
Балқаш ЖЭО, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ 
ЖЭО-2. 

Қостанай 
«ССТӨБ» ААҚ ЖЭО, ЖЭО ГПП, Қостанай 
жылуэнергетикалық ЖЭО және Арқалық ЖЭО, 
Рудный ЖЭО («ССТӨБ» АҚ). 

Қызылорда 
«Петро Казахстан КумкольРезорсиз» АҚ Құмкөл 
ГҚЭС. 

Маңғыстау 
ЖЭО-1, МЖЭС ЖБ. 
10 
Павлодар 
Екібастұз МАЭС-1, Екібастұз МАЭС-2 станциясы 
(жылулық көмірстанциялары), Ақсу (Ермак) 
МАЭС, 
Павлодар 
ЖЭО-1 
«Алюминий 
Казахстана» АҚ. 
11 Оңтүстік 
Қазақстан 
ЖЭО-1,2,3,5 
«Южполиметалл» 
ЖАҚ, 
«Энергоцентр №3» ААҚ, Шымкент ЖЭО-3, ЖЭО 
БВС. 
Жылу электр стансаларындағы шығарындылар энергетикалық кешені 
эмиссиясының жалпы көлемінің шамамен 70% (Солтүстік аймақ - 92%, оның 
ішінде Қарағанды - 39% - 42%, Павлодар 38% - 39 %) құрайды. Орталық 
аймақтағы шығарындылардың ең ірі көздері: «Испат-Кармет» ААҚ (36%), 
«ЕЭК» ААҚ (15,5%). 


44 
7 сурет - Атмосфералық ауаның ластануындағы ірі кәсіпорындардың 
үлесі 
Тұрақты көздерден шығатын улы заттардың ең үлкен мөлшерін түсті 
металлургия кәсіпорындары - 29 %, екінші орында жылу энергетикасы - 23 %, 
қара металлургия - 17 %, мұнайгаз кәсіпорны - 10%, тау-кен өнеркәсібі - 20 % 
және басқалар құрайды. Шығарындылардың 152 820 бірлік барлық көздерінен 
тазалағыш құрылғылармен 11 590 бірлігі жабдықталған. 
Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары жылына 
үш миллион тоннаны құрайды, оның 85 % 43 ірі кәсіпорындарға тиесілі. 
Қазіргі кезде шығарындылар мемлекеттік реттеу мен бақылау Техникалық 
регламенттерге сәйкес орындалады. 
Қоршаған табиғи ортаға кері әсерін төмендету үшін төмендегі іс-
шараларды қарастыратын бірқатар іс-әрекеттер жүргізу керек:
- отынды жағу технологиясы мен өндірісін жақсарту, жартылай немесе 
жекелей тұйық циклдерге негізделген технологияларды ендіру;
- «жел бағытын» ескере отырып өнеркәсіп орындарын оңтайлы 
орналастыру, олардың айналасына санитарлық-қорғаныс аймақтарын құру, ең 
улы өндірістерді қала мен елді-мекендер сыртына шығару, құрылысты тиімді 
жоспарлау мен аумақты көгалдандыру;
- қоршаған орта сапасын тұрақтандыру мен жақсарту;
- орнықты дамуға өту тетіктерін құру;
- гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жаңғырту 
және енгізу. 


45 
Қоршаған ортаға шығатын эмиссияны төмендету индустриялы 
нысандардың диверсификациясы мен техникалық жабдықталуы арқылы, ең 
қолжетімді сапалы технологияларды енгізу жолымен жүзеге асырылатын 
болады. 
Еуроодақтың 
тәжірибесі 
бойынша 
кешенді 
экологиялық 
рұқсатнамалар енгізілуде, оның құрамында эмиссия нормативтері, 
энерготиімділік, энергия және ресурс жинақтау критерилері, ең жақсы 
технологияларға көшу тәртібі мен мерзімінен тұрады. 
Республиканың орнықты дамуға өтуі тетіктерін құру үшін мақсатты 
көрсеткіштер мен квоталарды белгілеу, мемлекеттік бақылауды күшейту, 
экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу есебінен өнеркәсіп 
кәсіпорындарынан шығатын эмиссияны азайту жоспарлануда. 
Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті енгізу мен 
жаңғырту үшін Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті атмосфералық ауа 
сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесіне ауыстыру ұсынылады. 
Қазақстан халқы мен экономикасын электрмен толық қамту жаңа 
электрэнергетикалық нысандарды салумен, жұмыс етуші нысандарды кеңейту 
мен қалпына келтірумен, ұлттық энергетикалық желілермен жаңғыртумен 
байланысты, ол өз кезегінде барланатын ресурстарды заманауи басқарудың 
жоғалтылған пайдаларын айтарлықтай төмендетеді. 
Қазіргі кезде Қазақстан Еуропада (ЕМЕП) ластағыш заттардың – ауыр 
металдардың алыс қашықтыққа тасымалдауын бақылау мен бағалаудың 
бірегей бағдарламасы шеңберіндегі Хаттаманы ратификациялау туралы 
сұрақтарды қарастыруда. Бұл халықаралық келісім-шарттармен көмірді жағу 
кезінде түзілген ластағыш заттарды, әсіресе: күкірт пен азот қышқылдары; 
түрлі дисперсті бөлшектер (күл мен шаң); ауыр металдар – қорғасын, сынап, 
кадмий; тұрақты органикалық ластағыштарды реттеуге бағытталған. 
Электр энергиясын дамыту үшін – қоршаған ортаға әсерін минимум 
шамаға жеткізу кезінде әрекет етуші электр стансаларының қызмет мерзімін 
ұзарту бойынша іс-шаралары. Барлық электрстансаларын жаңғырту үшін 2050 
жылға дейінгі болжаммен Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту 
концепциясында қарастырылған ұстанымдар мен көрсеткіштерді ескеріп 
электр және жылу энергетикасының болжамдық балансын әзірлеу 
қарастырылады. 
Барлық электр стансаларын жетілдіру үшін 2050 жылға дейінгі 
Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы қарастырылған 
сектордың даму көрсеткіші мен қағидасын ескере отырып, жылу және электр 
энергия келешекте тепе-теңдігін болжауды дамыту.
Улы 
заттардың 
шығарындылары 
бойынша 
қазіргі 
заманғы 
стандарттарға жету мақсатында 2020 жылдан кейін пайдалануға берілетін 
электрстансаларын жаңғырту кезінде шаң, күкірт диоксиді, азот оксидін 
ұстайтын шаң-газ тазалағыш құрылғыларды құру қарастырылады. Жаңа 
электрстансаларын қалпына келтіру мен салу үшін жылу тиімділігі мен 
экологиялық қауіпсіздік көзқарасы тұрғысынан жылу және электрэнергиясын 


46 
өндіру бойынша алдынғы қатарлы халықаралық технологиялардың тізілімін 
пайдалану – «жасыл экономиканың» көрсеткіші болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет