74
тазаланған ақаба сулар қосымша
одан әрі тазалауға немесе
дезинфекциялануға бағытталады. Биологиялық процесс нәтижесінде активті
лайдың биомассасы жоғарылайды. Оның артық мөлшері тұнбаны өңдейтін
ғимаратқа жіберіледі де, негізгі бөлшегі айналымдық түрде аэротенкіге
қайтарылады. Аэротенкідегі активті лайдың концентрациясы
4 г/л
шамасында
ұсталуға тиіс.
Биосүзгілерде
ақаба су жүктеме материалдардан құрылған қабат
арқылы сүзіліп тазаланады. Биосүзгі келесі негізгі бөліктерден тұрады:
ұсақталған тас; ірі құм; керамзит; пластмасса;
металл торы және басқада
материалдар, сонымен бірге, су бөлгіш қондырғылардан; сүзілген суды әкету
үшін дренажды қондырғыдан; қышқылдану процесіне қажетті ауаны
жіберетін ауа бөлгіш қондырғылар. Олардың бетінде түзілетін биологиялық
қабықша қабат активті лайда жүретін функцияны орындайды. Бұл қабат ақаба
судағы органикалық заттектерді адсорбциялайды және өңдейді. Биосүзгіштің
тотықтырғыштық қуатын жоғарылату мақсатында сүзу процесінің бағытына
қарама-қарсы қысымда ауа жіберіледі.
Ақаба суды биологиялық әдіспен тазалауда массасы көп мөлшердегі
тұнба шығады және ауру тудыратын бактериялардың
91% - 98%
ғана
жойылады. Сондықтан тазаланған ақаба суларды су
қоймаларына жіберудің
алдында залалсыздандыру қажет. Ақаба суларды залалсыздандыру үшін газ
тәріздес хлорды немесе хлорлы әк ерітіндісін пайдаланады. Ақаба суларды
суды залалсыздандырудың ең танымал әдістерінің бірі -
хлорлау
. Мұнда
хлорлау процесі хлор әгі (СаСl
2
O), сұйық хлор (Сl
2
), натрий гипохлориті
(NaCIO) және электролиз көмегімен жүреді. Осы заттардың еруі нәтижесінде
белсенді хлордың түзілуі болады, яғни судың залалсыздану процесі жүреді.
Ақаба суларды хлорлау арқылы залалсыздандыру қондырғысы 14-суретте
көрсетілген.
1- шығын багы, 2 - тұндырғыш шайба, 3 - дозатор, 4 - еріткіш баг.
14 сурет - Ақаба суларды залалсыздандыру қондырғысы
Ақаба суларды жер қыртысымен тазарту тәсілдері - жер қыртысының
өзін-өзі тазарту қабілетіне негізделген. Осындай тазарту суландыру
алаңдарында немесе сүзу алаңдарында болады.
75
Суландыру алаңдары дегеніміз – ақаба суды тазартуға арналған арнайы
дайындап жоспарланған жер бөлігін айтады. Егер
жер бөлігі ақаба суларды
тазарту үшін ғана арналған болса, онда сүзу алаңы деп атайды. Ақаба суды
жер қыртысы арқылы сүзгенде оның жоғарғы қабатында қалқымалы және
коллоидты заттар ұсталынады. Суландыру алаңдары және сүзу алаңдарында
ақаба суларды тазарту дәрежесі қыс мезгілінде баяулайды және төменгі
температурада биологиялық процестердің тоқтатылуына әсер етеді. Бұл
мезгілде алаңдарды тек қойма ретінде пайдалануға болады.
Суландыру алаңдарын жасаудың негізгі мақсаты - санитарлық-
ластанған суды тазарту, ылғал көзі ретінде сарқын суды және ондағы
ұсталған заттарды тыңайтқыш ретінде ауыл
шаруашылығында пайдалану
болып табылады. Ақаба сулар алаңдарға жыл мезгілдеріне және
метеорологиялық жағдайларға байланыссыз беріле береді. Суландыру
алаңдарын және сүзу алаңдарын су қабылдау ғимараттарынан жеңіл саз үшін
- 200 м, ал құм үшін - 500 м ара-қашықтықта жер асты су ағыны бойымен
төмен орналастыру керек.
Жақсы сүзетін жер қыртысы жоқ кезде биологиялық тоғандарды ақаба
суларды тазарту үшін пайдалануы мүмкін. Тоғандарды жарты метрден төрт
метрге дейін тереңдікте жасайды. Биологиялық тоғандар жасанды
биологиялық тазарту ғимараттарына қарағанда бактериялардан өзі
тазартылудың жоғарғы тиімділігін қамтиды.
Тоғанның жақсы жұмыс істеу
уақыты жылы мезгілде болады.
Ақаба суларды тазалауда биологиялық әдісті қолданғанның өзінде
органикалық заттектердің 90%-інен, биорганикалық қосылыстардың 40%-
інен, ауру тудыратын бактериялардың 98%-інен ғана құтылуға болады.
Сонымен бірге, биологиялық тазалау әдісі суды тұзсыздандыра алмайды,
сондықтанда бұл тазалау әдісінен кейін судағы тұздардан құтылу мақсатында
арнайы тазалау әдістері қолданылады. Оларға
дистилляция (булау), қатыру
(мұздату), мембрандық, ион алмасу
әдістері жатады.
Ары қарай, микроорганизмдердің күшімен тазаланбай қалған судағы
органикалық заттектерді жою мақсатында активтенген көмірдің көмегімен
адсорбциялау әдісі
қолданылады.
Ақаба судың сұйық қалдықтарын босаған кен шахталарына жіберу, тау
жыныстарында арнайы жасалған қуыстарына көму және сазды- цементті
қоспа түрінде жер астына қысыммен жіберуде қарастырылған.
Тазартылған суларды қайтадан технологиялық
қажеттерге пайдалануға
болады. Су ресурстарын қорғау және оны ұтымды пайдалану үшін негізгі
бағыттың бірі – ол, өндірістерге
айналмалы сумен қамтамасыз ететін
жүйені
енгізу. Ол өз кезегінде, айналадағы ортаның ластануын азайтады және
экономикалық тұрғыда тиімді, өйткені тұщы судың шығынын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: