бет 6/43 Дата 04.11.2019 өлшемі 1,06 Mb. #51088
Байланысты:
мұғалім кітабы 5 сынып 5-сынып . Мұғалім кітабы
Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақтастық ат- мосферасын орнату үшін оқушыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріне қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айта-ды. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!
Өткен сабақты тексеру
Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой қозғар» әдісін пайдаланып, «отбасы» сөзіне ассоциограмма құрғызады.
Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Оқылым. Жазылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Жазылым. Диаграммаға отбасына қатысты туыстық атаулар- ды, «Қандай отбасы?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға, машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Диаграмманы пайдала- нып, өз отбасы туралы мәтін құрап жазады.
Б) Оқылым. Оқушыны мәнерлеп оқуға дағдыландыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқиды, өлеңдегі туыстық атауларды табады, мағынасын анықтайды, мазмұнын түсіндіреді.
В) Айтылым. Оқулықтағы жағдаяттық тапсырманы (4-тап- сырма) орындатады.
Айтылым. Өз отбасылары жайлы диалог құрады.
3. Тілдік бағдар. Тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгертеді.
Тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгереді.
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады, қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптеріне жазады.
Ә) Жазылым. Оқушыны дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру үшін 6, 11-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Мәтіндегі тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазады, синквейн дайындайды.
Б) Оқылым. Айтылым. Дұрыс оқуға,
жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 7-тап- сырманы орындатады.
Оқылым. Айтылым. Мәтіндегі ақпа- раттың дұрыстығын тексереді.
1-тақырып. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
В) Жазылым. Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындата- ды.
Жазылым. Айтылым. Мәтін бойынша бес сұрақ құрастырып жазады, сұ- рақтарға жауап береді.
Г) Айтылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдеп айтады.
5. Мәтінсоңы жұмыс. Жазылым. Оқулықтағы 12, 13, 14-тап- сырманы орындатады.
Жазылым. «Бинго» ойынының шар- тын орындайды, мәтінді толықтырып жазады, 12-14 үнқатымнан тұратын диалог құрастырады.
6. Мәнерлеп оқу. А) Оқулықтағы «Кел, жаттығайық!» айда- рында берілген өлеңді мәнерлеп оқып береді. Мәнерлеп оқуға машықтандырады. Өлеңде тақырыпқа байланысты кездескен сөздерді тапқызып, қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, жаңа сөздерді қайталайды, жаттайды.
Ә) «Сыр сандықтағы» сөздер.
«Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.
7. Сергіту сәті. «Менің отбасым» дидактикалық ойынын ой- натады. Ойынның шарты бойынша оқушылардың қолына доп береді.
Оқушылар шеңбер құрады, бір-біріне допты лақтыра отырып отбасылары жайлы жақсы сөздер мен тілектер айтады. Мысалы, менің отбасым тату. Мен отбасымды жақсы көремін.
ІІІ. Ой толғаныс
Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Суреттер» блиц ойынын (15-тапсырма) ұйымдастырады.
Әр оқушы өз отбасының суретін салады, оны сыныптастарына таны- стырады.
IV. Бекіту
Оқулықтағы 16-тапсырманы орындатады.
Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, жағдаяттық тапсырманы орындайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді.
Тексерілді ____
ОІМ: Байтасова Ш.Ш.
5- сынып 3-4-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Атам төрде отырады.
Білімділік:
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы қазақ дүниетанымындағы «төр» ұғымы жай- лы ақпарат беру. Лексикалық тақырып аясында тәуелдік жалғауының көпше түрін меңгерту.
Дамытушылық:
Сөйлесім барысында тілдік үлгілерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік:
Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған мәтіндер негізінде оқушыларды отбасылық қарым-қатынасты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша «төр» ұғымы туралы ақпарат бере алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы отбасылық қарым-қатынастарды сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрайды, сыныптастарымен тілдеседі.
Жаңа сөздер:
Төр, босаға.
Сабақта қолданылатын мате- риалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, отбасы мүшелерінің суреті, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, диалог, жағ- даяттық тапсырма, «Интервью» блиц ойыны, «Жеке әңгіме» техникасы, жұптық жұмыс.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
Өткен сабақты тек- серу
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында қазақы отбасы бейнеленген слайдтарды көрсетеді. Суреттерде не бейнеленгендігін сипаттап беру- лерін сұрайды.
Слайдтарды сипаттайды.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Дастарқан жасау тәртібін ретімен жазады.
3. Тілдік бағдар. Тәуелдік жалғауының көпше түрін меңгертеді.
Тәуелдік жалғауының көпше түрін меңгереді.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Мәнер- леп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтан- дыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Мәтінді тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, түсінгенін айтады.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру 4-тапсырманы орындатады.
Б)
Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Б Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Сөздерді үш бағанға бөліп жазады.
5. Сергіту сәті. «Интервью» блиц ойынын ұйымдастырады.
Оқушылардың арасынан тілші сай- ланады. Тілші әр оқушыға отбасы мүшелері жайлы сұрақ қояды.
Оқушылар отбасы мүшелері туралы интервью береді.
6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Сөйлесім. Сұхбат құру мәдениетін қа- лыптастыру үшін 6-тапсырманы орындатады.
Тілдесім. Диалогті толықтырады, қарт кісі мен ұл баланың арасындағы әңгімені жалғастырады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға, машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.
Жазылым.
Дастарқан басында не істеуге болмайтындығын жазады.
ІІІ. Ой толғаныс
Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Тілдесім. Жағдаяттық тапсырманы орындайды.
IV. Бекіту
Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Жазылым. Ұлағатты сөздерді түсініп оқиды, шағын мәтін құрап жазады.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы біл- діреді.
Тексерілді ____
ОІМ: Байтасова Ш.Ш.
5-6-сабақ 5-сынып
Сабақ тақырыбы:
Табалдырықты баспа!
Білімділік:
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде оқушы- ларға тыйым сөздер жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Шағын мәтіндер негізінде оқушылардың тыйым сөздер туралы дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді, қазақша тыйым сөздер туралы ақпарат бере алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді, тақырып аясында қазақша Сөйлесімге түседі.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында ырым, тыйым сөздер жайлы мәтін құрай алады.
Жаңа сөздер:
Жаман ырым, тыйым сөздер, басу/баспау.
Сабақта қолданылатын матери- алдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты аль- бомдар, буклеттер, қоржын, карточкалар, парақшалар, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, жағдаяттық тапсырма,
«Сиқырлы қоржын» ойыны диалог, «Шағын шолу» тәсілі, «Жеңілдетілген анықтама» блиц ойыны, «Жағымды сөздер» тәсілі, жұптық жұмыс.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.
Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.
Өткен сабақты тексеру
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді. Ырым, тыйым сөздер туралы мағлұмат береді. Оқушы- лардан тыйым сөздер жайлы сұрайды.
Слайдтарды қарайды, сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Жазылым. Дұрыс айтуға, сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1, 2-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Жазылым. Суреттерді сөздермен алмастырып айтады, дәптерлеріне жазады, тыйым сөздер жайлы өз ойымен бөліседі.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тап- сырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым.
Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машық- тандыру 4-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Б) Жазылым. Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Айтылым. Мәтіндегі өзіне ұнаған тыйым сөздердің мағынасын ашады.
В) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 6, 8-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздерге сұрақ қояды, сөйлемді сұраулы сөйлемге айнал- дырып жазады, сөздердің антонимін табады.
Г) Оқылым. Жазылым. Дұрыс оқуға,сауатты жазуға дағдыландыру үшін 7-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Жазылым. Сөздер мен сөз тіркесін оқиды, суретті сызбамен көрсетеді, сөздерден сөйлем құрап жазады.
Д) Сергіту сәті. «Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.
Әр оқушы қоржынның ішінен сөз жазылған бір карточканы алады, сол сөзді қатыстырып, 2 не 3 сөйлем құрайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға ма- шықтандыру үшін 10, 11-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Сөзжұмбақты шешеді, шешуін тәуелдеп жазады.
ІІІ. Ой толғаныс
Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.
Тілдесім. Жағдаяттық тапсырманы орындайды, диалог құрады.
IV. Бекіту
Жұптық жұмыс. Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін
«Жеңілдетілген анықтама» блиц ойынын ұйымдастырады. Шарты: әр жұпқа жаңа тақырып бойынша бір сөз беріп, оқу- шылардың әрқайсысына түсінікті болатындай сипаттап беруін сұрайды.
Әр жұп өзіне берілген сөзді түсіндіріп береді.
V. Бағалау
Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар тара- тады.
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныпта- стары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.
Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
7-8-сабақ Тексерілді ____
ОІМ: Байтасова Ш.Ш.
5 сынып
Сабақ тақырыбы:
«Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда...»
Білімділік:
Ата-әже тәрбиесіне қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы тілдік коммуникация құру.
Дамытушылық
Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтін- дерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы атаның отбасындағы рөлі туралы толық ақпарат бере алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады.
Жаңа сөздер:
Жарықтық, зиялы, қалжыраған.
Сабақта қолданылатын мате- риалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, Сәбит Оразбаевтың орындауындағы «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» әнінің үнтаспасы, сөздік, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, синквейн, «Жұптас. Ойлан. Пікір- лес» стратегиясы, «Оймоншақ» тәсілі, топтық жұмыс.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Достарыңызбен бөлісу: