бет 83/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы 7—8-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Академиктің стипендиясы.
Білімділік:
Тілдік коммуникация барысында А.Жұмаділдаев туралы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында достық қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы , «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде академик, оның ғылымдағы жетістік- тері жайында ақпарат береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтіндегі ақпараттың өзектілігін түсінеді, негізгі ойды табады, өз пікірін білдіреді.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында қазақша сыныптастарымен тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады, мәтін құрастырады.
Жаңа сөздер:
Ғылым, ғалым, ерекше қабілет, талмай іздену, жаңа ашылымдар, еліктеу, зерттеу жүргізу.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты слайдтар, буклеттер, парақшалар, желімқағаздар, смайликтер.
Оқыту әдістері:
С Сипаттау, түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі,
«Интервью» рөлдік ойыны, диалог, «Шағын шолу» тәсілі, «Жағымды сөздер» тәсілі.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған , қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.
Өткен сабақты тексеру
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтар көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды:
—Балалар, сендер академик А.Жұмаділдаев жайлы не білесіңдер? Ғалым ғылымда қандайжетістіктерге
жеткен?
Сұрақтарға жауап береді , сипат- тайды.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таны- стырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушы- ларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен
ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді , сөйлем құрап айтады.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, мәтіндегі әр ойбөліктерге тақырып қояды.
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.
Оқылым.Айтылым. Мәтіндегі тірек сөздерді табады , ғалым туралы қысқаша мәлімет айтады.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жаса- тады.
Сергіту жаттығуын жасайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс.
А) Жазылым. Оқулықтағы 7, 9-тапсырманы орындата- ды.
Жазылым. Көңіл-күй одағайларын пайдаланып , сөйлемдер құрап жазады, кесте- ні толтырады.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Диалогті толықтырады.
IV. Бекіту
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Айтылым. «Интервью» рөлдік ойынының шартын орындайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін , сөйлемдерін параққа жазады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мына- дай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім , сыныптастары тарапынан айтыл- ған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаз- дарға жазады, тақтаға жапсы- рады.
Достарыңызбен бөлісу: