Сабақ тақырыбы Дұрыс және тиімді тамақтану мәзірі



бет1/23
Дата29.04.2024
өлшемі0,58 Mb.
#201541
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Көркем еңбек 4 тоқсан 5 сынып ҚЫЗДАР



Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4.1А Бөлімі: Тамақтану мәдениеті
Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Дұрыс және тиімді тамақтану мәзірі.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.4.2 Дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастыру
5.3.1.1 Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме т.б.)

Сабақ мақсаттары

  • Әр түрлі тағамдардың пайдасы мен зиянын талқылау

  • Әр түрлі тағамдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау

  • Тәуліктік дұрыс және тиімді ас мәзірін жасау.

Жетістік критерийлері

  1. Әрбір тағамның артықшылықтары мен кемшіліктерін ажырата алады

  2. Адам ағзасына зиянды және пайдалы тағамдарды ажыратады

  3. Бір тәулік жеген тағамының тиімділігін анықтайды

  4. Дұрыс және тиімді ас мәзірін дайындайды

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
• академиялық тілдік дағдыларын қолдана отырып, өзінің шығармашылық жұмыстарын орындалу үдерісінің сатылы кезеңдерін түсіндіре (сөйлеу дағдылары) отырып сипаттайды;
• өзінің іс-әрекетіне және дайын жұмыстарды орындау бойынша нәтижелеріне талдау жасап, таныстыра алады;
Пәнге тән лексика мен терминология:
Қасиетттері, пішін, түр, үдеріс, коктейль, құрамы, тепе-теңдік, ас мәзірі, карвинг, тамақтану рационы, жабдықтар/құралдар/құрылғылар;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Мен… үшін таңдадым. Себебі,…
• Мен оны…. материалдарынан орындаймын;
• Мен ….. пайдалы қасиеттерін білемін.
• Мен …. материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдандым.
• Бұл тағамның ерекшелігі….
• Мен … өзгертер едім не жақсартар едім.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет
Оқушылар мен мұғалім бір-бірімен амандасады. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Пікірлесу барысында сөйлесу этикасын сақтайды.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
ұлт дені сау ұлттың қалыптасуы үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіну, дұрыс тамақтану мәзірін жасау
Еңбек және шығармашылық
Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады.
Өмір бойы білім алу
берілген тапсырманы өз бетінше орындайды, өткен сабақтағы білімін қолданады. Оқушылар ферменттердің болашақта ғылымда қолданылатын салаларын ұсынады, өз білімдерін үздіксіз дамытады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет