Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтар Сабақтың мақсаты



Дата29.06.2017
өлшемі62,8 Kb.
#20543
түріСабақ
Сабақ жоспары:
Күні:

Пән: Қазақ тілі

Сынып:

Мұғалім: Хасенова М.М.

Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтар

Сабақтың мақсаты:

Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тақырып бойынша білімдерін тереңдете түсу, өз бетімен, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптасытыру. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын молайту. Өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.



Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: «Өрмекші», «Миға шабуыл» «Дана үкі», «Шұлық», «Алтын жәшік», «Өзіңді бағала».

Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру: Топаралық, өзін-өзі бағалау, бағалау тақтасы.

Қажетті ресурстар: Түрлі түсті қағаздар, жіп, постер, сөздік дәптері,интербелсенді тақта, постер, жәшік,шұлықтар, бағалау парағы.

Сабақ барысы

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

Ресурстар

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Бір-бірімізге тірекпіз, 
Бірге соққан жүрекпіз. 
Аянбай еңбек етеміз, 
Мақсатымызға жетеміз. 
3. Топқа бөлу

Түстер арқылы оқушыларды топқа бөлу.



Әр топқа топ басшысын сайлап алу.

Оқушылар мұғаліммен, келген қонақтармен амандасады.

Әр оқушы өзіне ұнаған түсті таңдап алады, сол түстер бойынша топтарға бөлінеді


Топқа бөлу





Түрлі түсті қағаздар



4. «Туған күн» модулі бойынша өткен сөздерді қайталау.

Туған күн, сыйлық, сыныптас, көрші, сыйлайды, құттықтаймын т.б. сөздер.




Барлық оқушылар тақтаның алдына шығып шеңбер құрады, қарама - қарсы тұрған оқушыға тақырып бойынша сөзді орыс тілінде айтып жіпті береді, ал қарсы тұрған оқушы сол сөздің аудармасын айтып басқа оқушыға жіпті береді.

«Өрмекші» әдісі

жіп

ІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбын сандар мен әріптерді сәйкестеңдіру арқылы ашады.



Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушылар сандар мен әріптерді сәйкестеңдіру керек.

«Миға шабуыл» әдісі

сөзжұмбақ

5. Мәтінмен жұмыс

Екі топқа әр түрлі мәтін беріледі.

1 топ.

Менің атым – Санжар. Мен үшінші сыныпта оқимын. Бүгін менің туған күнім. Достарым доп, сағат сыйлады. Мен рақмет айттым.



2 топ.

Бүгін менің туған күнім. Менің туған күніме көп қонақ келді. Олар: атам, әжем, сыныптастарым, достарым. Атам мен әжем компьютер сыйлады.



1-ші топтың оқушылары мәтінді оқиды, топпен бірлесе отырып мәтіндегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырады.

2-ші топ мәтінді орыс тіліне аударады.


«Дана үкі» әдісі


оқулық


6. Сергіту сәті


Көңілді күй видеосы

тренинг

Интербелсенді тақта

7. Постермен жұмыс

Әр топқа суреттер, тақырыптар, қима қағаздар беріледі. Тақырып бойынша оқушылар постер жасайды, қорғайды.





1 топ. Анамның туған күніне не сыйлаймын?

2 топ. Досыма не сыйлаймын? тақырыбы бойынша постер құрастырады, қорғайды.

Топтар бір - бірінің жұмыстарын бағалайды.

«Бағдаршам» әдісі



Постер, тақта


8. Грамматикалық тапсырма

1- ші топ. Тақтаның алдында «сыйлық» сөзін септеу, ал қалған оқушылар «сыныптас» сөзін тәуелдеу.

2-ші топ. Тақтаның алдында «бер» етістігін келер шақта жазу, ал қалған оқушылар «қонақ» сөзін жіктеу.


Оқушылар орындарында және тақтада тапсырмаларды орындайды, оқиды.


Дәптер, тақта.


9.Тақтаның алдында шұлықтың суреттері ілінеді, ал екінші жағында сұрақтар жазылады.

Досыңа не сыйлайсың?

Сенің туған күнің қашан?

Сенің туған күніне кімдер келді?

Қазір қай жыл мезгілі?

Сенің анаңның туған күні қашан?

Бүгін аптаның қай күні?

Сен нешінші сыныпта оқисың?

Сен қай қалада тұрасың?


Оқушылар шығып тақтаның алдында ілулі тұрған шұлықтардың біреуін таңдайды және артындағы сұрақты белгілі бір оқушыға қояды, қойылған сұраққа оқушы жауап береді.


«Шұлық» әдісі

шұлықтар

10. Мұғалім жәшікті көрсетіп, бұл ойынның шарттарымен таныстырады.


Әр топтан кезек бір оқушыдан шығып жәшіктен сөздерді алады, дауыстап оқиды, ал қалғандары сөйлем немесе сөз тіркестерін құрастырады.

«Алтын жәшік» әдісі

жәшік

11. Жинақтау. Бағалау:

Балалар бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, бағалайды.




Әр оқушы берілген жеке карточкаға сабақта қалай жұмыс істегенін жазып, өзін – өзі бағалайды. Топ басшылары әр топ мүшесінің жинаған ұпайларын санайды және бағалау тақтасына бағаларын қояды.

«Өзіңді бағала» әдісі

Жеке карточка

Үй тапсырмасы:

128 бет, 1- тапсырма. Сөздерден сөйлем құрастыр

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет