Райымбека 348/5; Фуркат көшесінің қиылысы, (2 Б ғимараты, 430 кабинет)
Кафедра телефоны
276-97-06, ішкі 107
Оқу пәнінің сипаттамасы: Пәнді оқыту мақсаты:
Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы шынайы, толық білім беру; мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына білім алушылардың назарын аудару.
Пәнді оқыту міндеттері:
1) ғылыми дүниетаным мен азаматтық ұстанымды қалыптастыратын Қазақстанның қазіргі заман тарихы білімін жүйелеу;
2) Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыминегізді тұжырымдамасын жасау;
3) полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;
4) жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру;
5) Дүниежүзілік тарих ауқымындағы бүгінгі Қазақстан қазіргі заман тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу.