Жарыстарды медициналық қамтамасыз етуді жарыс дәрігері (фельдшер) жүзеге асырады.
Дәрігер (фельдшер) Қатысушыларды орналастыру орындарында санитарлықгигиеналық талаптардың сақталуын қадағалауға міндетті, жарыстар өткізілетін жерлерде медициналық көмек көрсету пункттерін ұйымдастырады, қажет болған жағдайда жекелеген қатысушыларды бақылау-дәрігерлік тексеруді ұйымдастырады және олардың жарыстарды жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, егер олар қандай да бір себептермен қатысушыларға қауіп төндірсе немесе олардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін болса, бас төрешіге жарыстың күшін жою туралы өз пікірін баяндайды, жарыс аяқталғаннан кейін жарыстарды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету туралы есеп береді.