Жеңіл атлетикадан жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеңіл атлетика федерацияларының Халықаралық Қауымдастығының ережелерінде көзделген тәртіппен айқындалады.
Әрбір команда жарысты ұйымдастырушыға тиісті өтінім құжаттарын ресімдейді және ұсынады.
Жарыс басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жарыстарға қатысу үшін командаларды жіберу жүзеге асырылады.
Мектеп спорт федерациясымен бекітілген мандаттық комиссиялар рұқсат беру жұмыстарын жүргізеді.
Белгіленген мерзімде команданың заңды өкілі мандаттық комиссияға талап етілетін құжаттарды, оның ішінде:
дене шынықтыру және спорт немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы
орган, жаттықтырушы, спортшы және дәрігер қол қойған белгіленген нысан бойынша үш данада атаулы өтінім парағы; туу туралы куәлік және жеке куәлік;
мектеп спорт федерациясына өтінім жарнасын аудару туралы банктің белгісі бар төлем
тапсырмасы.