«Үркер» мен «Елең-алаң» — тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен, тереңнен толғайтын кең құлашты күрделі романдар. Ал тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын, қоғам болмысын тереңнен толғайтын кең құлашты, күрделі романның тақырыбы да, идеясы да жан жақты болады. Қазақстанның Ресейге қосылуы, қазақ халқының XVIII ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі — сол тақырыптардың бірі болса, Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы, ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі — сол идеялардың бірі.
Елең-алаң
Романда қазақ халқының Ресейге қосылғаннан кейінгі өмірі суреттеледі. Қазақтар сабылып, ақ патшаға табынып Петербургке барады. Ресейге бодан болып қосылған қазақтарды билеп-төстеу үшін Орынбор экспедициясы құрылып, қазақ жеріне келіп табан тірейді. Патшалық билеу әкімшілігі Ор өзені бойында бекініс-қала салады. Орынбор экспедициясының алғашқы бастығы Кирилов, кейінгі бастығы Татищев, патша генералы Румянцев сияқты отарлау аппаратының басшыларының ойлары мен нақты іс-әрекеттері арқылы орыс-қазақ қарым-қатынасының саяси және әлеуметтік мазмұны ашылады.
Үркер
«Үркер» — реализмі бай шығарма. Онда сол кездегі қазақ қоғамының өмірі, оның көрші елдермен тартысты тіршілігінің алуан түрлі шындығы терең суреттелген. Жазушы тарихи оқиғалар ізін сақтай отырып, сол арқылы ел тағдыры, халық өмірінің кешегісі, бүгінгісі, ертеңі жөнінде ойланады. Әбілқайыр ұстаған жолдың көрегендігін дәлелдейді. Романда қазақтың ұлттық ерекшеліктері, халықтық салт-санасы, ұғым-түсініктеріне қатысты материалдар мол келтіріледі. Автор жақсыны мадақтай, ұнамсыз жайларға сын көзімен қарай жазады. Әсіресе Мәртебе, Құлтөбе, Ордабасы жиындарындағы үш атыраптан бас қосқан елдің думанды мерекесі — реалистік бояуы қанық суреттер. Осы жиындар мен ондағы ел тіршілігі, аға билердің өнегелі сөздері халық санасында қалыптасқан шешендік өнер поэтикасына негізделеді. Роман айтар ел тағдырына қатысты ақылды ойлар, халықтың мінез-құлқы сол елдің мекені болған даланың кеңдігін бейнелейді. Халықтық характерлерде де осындай сипат басым. Ерлік те, сөз ұстар тапқырлық та сол ортаның шындығынан туады.
Төменде берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазып, суретке түсіріп жіберіңіз:
А) Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» – деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
Б) Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан авторға не үшін қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |