Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»



бет19/20
Дата28.01.2018
өлшемі4,03 Mb.
#34540
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Ізгілік формуласы

Біз Политехникалық институтта оқып жүрген жылдары металл пештердегі ері өлшемдерін (жылдамдығын, температурасын, қышқылдық деңгейін) реттейтін кибернетикалық жүйені, кеннен металды пісіру процесін басқаратын автоматиканы оқыдық. Бұл зиянды өндіріс болғандықтан, онда жұмыс істейтін адамдар санын қысқартып, олардың қызметін тетіктер мен машиналарға беру керек.

Бірақ осы инженерлік жүйелерді құрмастан бұрын, олардың математикалық құрамдас бөліктерін есептеген дұрыс болар еді. Бізге мәскеуден жас оқытушылар келді, олардың ішінде қазір өмірден озған Өмірбек Арсланұлы Жолдасбеков бар болатын. Ол кейін Политехникалық институттың ректоры болды. Ол өз ісіне берілген жан болатын, тіпті басымыздан нұқитын еді.

- Қазақтар! Сендер Налимовтың теңдеуін жаттап, оның мәнін түсінбей металлургияда ештеңе істей алмайсыңдар»,- деп ұрсатын.

Екі тақтаның бетін толтырып осы теңдеуді жазатын. Студенттердің көбісі арнайы физика математика мектебін бітірмеген ауылдың балалары болғандықтан, мұндай теңдеуді оқып шығу олар үшін өліммен барабар болатын.

Ол:


  • Мен осы тақтаға жазғандарымды өзім де толық түсінбеймін, егер кім де кім маған түсіндіруге тырысса, оған үш қойып, өмір бойы жақсы көретін боламын», - дейтін. Налимовтың өзі беске білмегенде, мен бәлкім төртке білетін болармын.

  • Осы теңдеу авторының тегін мен өмір бойы ұмытқан емеспін. Налимов Жолдасбековтің және онымен бірге келген педагогтардың ұзтазы еді. Налимовтың өзін көзбе-көз көрмесек те пештегі күрделі процестердің ойға келмейтін теңдеулерін шешетін есінен адасқан адам барын білетінбіз. Ол біз үшін аспандағы математика құдайындай болды. Маған келетін болсақ, мен Налимовтың теңдеуін түсінуге, шешіп көруге тырыстым. Осы үшін Жолдасбеков мені құрметтеп, ең жоғарғы баға уәделі үштікті қоятын.

2000 жылдың ақпанында ұмытыла бастаған Налимовтың есімі қайта жаңғыртылып, ММУ-де марқұмға арналған конференция өтті. «Мир» компаниясы Василий Васильевич Налимовтың 80 жылдығына орай сюжет түсіре аласыз ба? Ол керемет талантты адам еді» деп маған қоңырау шалған болатын. Мен олар айтпаса да, Налимовтың қандай адам екеніне күмәнданбаған едім. Сюжет түсіріп, көрсеттік. Алғыс ретінде маған Налимовтың «разбрасываю мысли» атты кітабын беріп жіберіпті.
Я продолжаю разбрасывать мысли.

Они разлетаются, как листья осенью.


Кітаптың бетін ашқаннан кейін түнгі үшке дейін көз ала алмай оқыдым. Тамаша! Бұл кітапты кеш оқығаным өкінішті-ақ! Налимов жүзжылдықта бір туатын керемет математик қана емес, ұлы философ екен. Осы кітапты оқып шыққаннан кейін Налимовты сүйікті ойшылдарым – Менделеевпен, Вернадскиймен, Гумилевпен, Гачевпен бір қатарға қойдым. Мүмкін біз өз отандастарымыздың қадірін білмейтін болармыз. Лев Николаевич Гумилев Петербургті кезіп жүргенде ешкім бағасын білмей, есуас санады. Оның ойларының Ресейдің бүгіні мен ертеңін түсіну үшін қажет екенін тіпті білген де жоқ. Налимов маған сондай алып тұлғадай болып көрінеді.

Әкесі коми деген аз халықтан шықса, анасы даттық болған, өзі болса бүкіл өмірін Ресейде өткізген ғалым. Жас кезінде анархистік идеяларға әуес болып, сол үшін Колымда жазасын өткерген. Қазақстанға өмір бойға жер аударылған. 1956 жылдан кейін Мәскеуге келіп, ММУ-де заманының атақты математигі А.Н. Колмогоров меңгеруші болған ықтималдық теориясы және математикалық статистика кафедрасына жұмысқа тұрады. Осы жерде Налимов профессор, Колмогоровтың бірінші орынбасары, дүниежүзі мойындаған тұлға болды. Ешқандай да диссиденттік ойындарды ойнамай, сексен жеті жасқа дейін өмір сүрді. Біздің көптеген басқарудың автоматтық жүйелері оның теңдеулеріне негізделген. 13 кітап, жүз елу ғылыми мақала жазған. Налимовтың еңбектері көптеген елдерде, кейбірі – тек шетелде шықты. Өйткені олардың тек шетелде ғана шығуына рұқсат берілген болатын. Шетелдегі жарияланымдардың өзінде «цензура нарығымен» санасуға тура келді, себебі ғылыми канондардың шеңберінен асуға болмайтын еді. Налимовтың еңбектері тар шеңбердің ғана игілігіне айналды.

Кропоткиннің идеяларында «анархизм» деген сөзді көбісі күлкілі деп қабылдайды. Бірақ бұл ойлай емес. Налимов абсолютті еркіндік жоқ, оған ұмтылу нөлге ұмтылумен бірдей деген шешімге келді. Налимов әлем аяқ астынан құрылған деп санады. «Тұлға – аяқастылық. Аяқастылық - әлемдік әлеуеттің ашықтығы. Онымен бір резонансқа түсу. Әлем әрқашан жаңадан пайда болып, әрқашан жаңа көкжиектерін ашады.

Әлем секунд сайын пайда болып, секунд сайын жойылуда. Спонтандық пен вариациялықты Құдай жаратқан. Ол сынған тәрелке, жағажайдағы төбелес, галактика кеңістігінде жарқ еткен комета сияқты болжанбаған миллиондаған жағдайлар себебінен өзгеріп отыратын заң бойынша жаралмаған. Осының барлығының өзара байланысын табу тіпті мүмкін емес. Налимовтың кемеңгерлігі сол, ол осының барлығын математикалық формулаларға түсіруге қабілетті болды. Әлемді талдау тұрғысынан ол Энштейнге дес бермейтін.

Әлеуметтік және биологиялық тұлға ретінде біз құдай маңдайға жазған, тағдырымызда белгіленген құпия әлемнің барлық күрделілігін беруге ешқандай формуланың шамасы келмейтінін білеміз. Налимов мұнымен келіспес еді. Әлемдегі болатын нәрселердің бәрі жоғарыдан келмейді, бүгініміз де ертеңіміз де өз қолымызда. Жер бетінде болып жатқан керемет те, қорқыныш та бәрі өзіміздің әрекеттерімізден туады.

Налимов: уақытты санаудың бір нүктесі жоқ, өткен де, қазіргі де, болашақ та жоқ деген тамаша шешімге келді. Тарихтың нөлдік нүктесі кез келген уақыт процесі сияқты екімыңжылдықтан бүгінге дейін емес. Әр сәт сайын нөлдік нүктеге келеміз.

Бұл туралы Хазар қағанатында дін тандау туралы пікірталас кезінде айтылған. Кім болу керек. Иудей ме, мұсылман ба, христиан ба? Билеушілер оқымысты кеменгерлерді шақырып: «Есептеу нүктесін тапқымыз келеді» деген екен. Милорд Павичтің «Хазар сөздігі» кітабының барлық түйіні осыған келіп тіреледі. Бір оқиға әртүрлі осьте – иудейлік, мұсылмандық, христиандық осьте беріледі. Оның үстіне автор үнемі оқиағаның қалай беріліп жатқанын ескертіп отырады. Осы кітап авторлық тәжірибенің батылдығымен бүкіл әлемді таңғалдырды. Бір кітапта үш түрлі өмір ағымы берілді - өмір ағымы осы үшеуінде қатар өтуде.

Өзгеше айтсақ – нөл – бүкіл жерде орын алған. Тарих өзгеруде. Өткен де, бүгінгі мен болашақ та кесіп-пішілмеген. Олар үнемі өзгеріп отырады. Демек тағдырымыз да өз қолымызда.

Налимовтың ойы алыстан шолған. Оның ойын жалпыға түсінікті тілмен алатын болсақ, барлық тұқым бір-біріне ұқсайды, барлығы да «тұқым» деген бір сөзбен аталады. Қандай да бір биотехнолог олардың барлығына ортақ формула жаза алады. Бірақ тұқым топыраққа түсісімен, одан формулаға сыймайтын өскін пайда бола бастайды. Ол - біз сезініп, тамсанып, таңғалатын өмір сұлулығы. Осы сұлулықты идеология саласына айналдырудан құдай сақтасын. Онда шыршаны мынау дұрыс өспеген пальмаға ұқсатып қиыңдар деп айтар.

Налимов бойынша жаңа әлем құрудың негізгі тетігі - спонтандық. Өмір үнемі қозғалыста болғандықтан, не боларын ешкім де білмейді. «Мирдің» аяқ астынан Арарат тауынан армян және түрік ғалымдарының Нұх пайғамбардың кемесін іздеуіне атсалысатынын (жауласушышылық өршіп тұрған жылдарға қарамастан келістік!) кім білген? Алайда, бұл идея бізге күтпеген жерден келіп, біздің мүдделерімізбен үйлесім тапты. Спонтандықтың өзі орынды әрі қажетті болады екен. Бірақ та армяндарды Түркияға кіргізбегендіктен тауға шыға алмадық. Конфронтация партиясы күштірек болып шықты.

Тағы бір мысал: Қазандағы сабантой. Осы жерде Путин де татар халқынын салтымен қатық салынған тостағаннан аузымен теңге іздеуде. Осы жерде Олжас Сүлейменов Шыңғыс Айтматовпен бірге осы кітапта мен ой толғаған Ресей қыранының екінші басы, түркі тілінің проблемаларын талқылауда. Осы жерде біздің Буров Аверкиевпен бірге Қазанда «Мирдің» филиалын ашу туралы Шаймиевпен бірге келіссөз жүргізуде. Осының бәрінің болуы кездейсоқтық па, жоқ па? Мүмкін бұл Налимов айтқан спонтандық болар? Өмірдің өзі беретін осындай кездейсоқтықтарға сүйенген мүмкін дұрыс болар?

«Мир» неліктен ұзақ жасауда? Қиындықтарға неліктен қайыспады? Менің ойымша, мұның бәрі біздің идеямыз аққан салаға оны құрғақшылықтан құтқаратын күтпеген жайлардың болуы әсер етті. Бұл саланың өзіндік талпынысы, тың идеялары бар адамдарды тартатын энергетикалық әлеуеті бар. Біз басқа саланы таңдадық, бұл таңдауымыздың дұрыс болғанын өмірдің өзі дәлелдеді.

Ірі, азулы компаниялар туралы жаман айтқым келмейді, НТВ-ға тоқталып өтсем, оны құрушылар бақайшағына дейін қаруланған, жалғыз өзі басқаларға қарсы тұра алатын танкі құрған. Олар брондалған корпустің ішінде. Оқ-дәрілері біткенше маңайын қырып сала алады.

Біз мүлдем өзгеше принцип таңдадық – спонтандық, оқиғаларға ашықтық. Біз бұған «көпшілік алқабы» арқылы жеттік. НТВ әу бастан биік шың ретінде құрылса, біз – алқаппыз. Біздің постулаттарымыздың бірі мынадай: «Мирде» - қай жерде болсын билікқұмарлық пен атаққұмарлыққа жол жоқ. Ол бірдің емес көптің мекені.»

Біз барлығын өз алқабымызға шақырамыз. Келіңіздер! Барлығына жетеді. Бұл сіздің де отаныңыз, сіздің үйіңіз. Жайғасыңыздар...

Налимовтың ойлары кімнің суретші, кімнің жаратушы екенін түсіну үшін аса маңызды. Айталық фильм – ол өмірдің өзі емес. Суретшінің болған оқиғаға көзқарасы. Сурет салатын, не кино түсіретін адам болсын ол өз туындысын өзі жаратады. Эмир Кустурицаның, Сергей Соловьевтің өз қолтаңбасы бар. Мүмкін болашақта мен «Мир» туралы кітап жазып «Нөлдер мекені немесе ұялы байланыс» («Улей нулей, или сотовая связь») деп атармын.

Налимов христиан болса да шіркеуді мойындамаған. Шіркеу догматтық, оның постулаттары заңмен бірдей. Бұл ақиқат па? Заңмен бірдей болуға хақылы ма? Налимов философиясында таңғажайып жолмен христиандықты буддизммен біріктірген.

Мен бұл адамды мүлде білмесем де «Мирде» өз командаммен бірге оның математика, биология, дінтану салаларында ғылыми тілмен тұжырымдаған ойларын, өмір философиясын насихаттауға тырысыппын. Жауласу, қарсы шығу, бір-бірімізбен күресу әлемді жақсартпайды. Мейірбандық өшпенділікке қарағанда жемісті.

Мен пессимист емеспін. Бар болғаны өмірді бақылап өмір сүрудемін. Иә, нарықтық тетіксіз экономиканы алға жылжыта алмаймыз. Ал нарық әлсізге аяушылық танытпайды. Күш жинамағандардың бәрі өмір сүруге қабілетсіз болғаны ма? Вернадскийдің қоры «Ресейдің тұрақты түрде қауіпсіз дамуын қолдаймыз» «РТҚДҚ» қозғалысын тудырды. Еуразиялық елдердің тұрақты және қауіпсіз дамуын тек нарықтық тетіктер ғана қамтамасыз ете ала ма? Барлық пікірімен келіспесем де Путиннің «бүгінгі таңда қара күш емес, инновациялық еншілес технологиялар жеңісті қамтамасыз етеді» деген сөздерін еріксіз мойындаймын.

Бір жағынан, жаңа коммуникациялық технологияларға, бір жағынан, мейірімділік пен достық идеяларына сүйене отырып, «Мир» Еуразияның тұрақты дамуына өз үлесін қосуда. Мықты күшке ие емес екенімізді мойындаймыз. Таралымдарымыздың көлемі мен таралуы жағынан ОРТ сияқты алыпқа жетудің ауылы әлі алыс. Бірақ та біздің өз айтарымыз бар және мұны бізсіз әрі біз үшін ешкім де айта алмайды. «Мирді» мен ойлап тауып, ұлтаралық өшпенділіктің қайнаған ортасына салған графит діңгек боларына сенгім келеді. Өшпенділік радиациясының әлемді апатқа ұшыратарын күтіп отыруға болмайды. Мұны болдырмау үшін әрекет ету әрқайсымыздың қолымыздан келер парызымыз.


Тарату үлгісі

Басты проблемалардың бірі – инвестиция тарту. Инвесторлар болса: «Жоба бер» дейді. Жобаның кесіп-пішілген, технологиялық болуы, бизнес-жоспары қоса берілуі түсінікті жайт. Алайда барлық жобалар мен бизнес жоспарлар идея мен арманнан бастау алады. Егер істеген нәрсеңе місе тұтып өмір сүретін болса, алға жылжу жоқ.

Адамдар әртүрлі болады. Бизнесте де әртүрлі қызмет атқарады. Біреуіне қолда бар нәрсені ретке келтіру маңызды болады. Мұнымен дауласудың қажеті жоқ тәртіп керек, бәрі аяғынан тік тұруы керек. Конвейр секундпен жұмыс істеуі, бұрандалары сайма-сай болып, майлануы керек. Білікті менеджер қашанда ертеңім не болады деп ойлауы керек. Қазіргі үлгі ескірмеді ме? Бәсекелестер асып кетпей ме? Бір жыл немесе екі жылдан кейін қандай дизайн сәнге айналады? Күнделіктіге ғана емес, болашаққа да көз салу қажет.

Енді бірі болашаққа да, бүгінгіге де қарай алмайды. Әртүрлі міндеттің қызметтері де басқаша болғандықтан түрлі адамды қажет етеді. Барлығын бір адамға, бір құрылымға біріктіру қиынға түседі. Осы кітапта мен немен айналысамын? Өткенге көз жүгірте отырып келешектің көкжиегін көруге тырысудамын. Сені түсіне ме, жоқ па, болмаса сенің идеяларыңды бөлісе ме, жоқ па – ештеңені де өзгертпейді. Ең бастысы – нені қалайтыныңды өзіңнің түсінуің. Түсінсең командаңмен бөлісіп, қалай істейтіндеріңді бірлесіп ойлаңдар. Егер өзің түсініп, өзгелерге түсіндірмесең аласапыран болып, бәрінен айрылуың да мүмкін...

Енді таяуда компания серпілуі тиіс. Әрине, Ресей арналарынан көп уақыт алуға тырысатын боламыз және осы бағытта жұмыс жасаудамыз. Дегенмен «Мирдің» басты міндеті - «Евроньюс» сияқты тәулік бойы, нон-стоп, ТМД ақпараттық-мәдени арнасын құру болып табылады.

«Евроньюс» еуропа өмірін біртұтас қамтиды. Әр елдің өз ұлттық арналары болғанымен, көбісінің шамалары жетпейді. Айталық, Француздар сапасы қаншалықты жоғары болғанымен Би-би-Би немесе «Дойче Велле» ақпараттық бағдарламаларын қарамайды. Өйткені бұл француздардың емес, ағылшындар мен немістердің оқиғаға көзқарасы білдірілген ақпарат. Арналар қуатты, тіпті Бангкокте қарайды. Алайда Бангкокте қарағанымен, Эльзас пен Лотарингияда көрмейді. Неміс аймақтарына этникалық жақын француздардың өзі экраннан өздерінің, француздардың жаңалықтарын көргісі келеді. Сол сияқты немістер де РАИ-ды қарамайды – итальяндықтар олар үшін бедел емес, өмірге неміс көзқарасымен қарап, немісше комментарий тыңдағылары келеді. Әрине бәрі де көршілес елдердің балаларға арналған, спорттық, музыкалық, бағдарламаларын қарағанымен, жаңалықтарды қарамайды.

Ұлттық арналар амалсыз экспансияға ұмтылуда, ақшаны айналымға салған жөн. Итальяндықтар – Германияда, ағылшындар – Францияда, француздар – Англияда жиілік алуға қол жеткізді, дегенмен, олардың әсер ету аймағы шектеулі: көрермен жақсы кино көргенімен, саясат туралы қарамайды.

Осындай шектеулілікті жою үшін Еуропаның біріккен арнасы «Евроньюс» қажет еді. Құрылғаннан кейінгі алғашқы он жылда оның ісі алға баспады, француздардың, итальяндықтардың, ағылшындар мен немістердің балдыр-батпағын ешкімнің де тыңдағысы келмеді. Әр ел Еуропаны өз көзқарасымен қарағысы келді. Сол кезде «Евроньюстің» басшылығы Си-Эн-Эн принципі бойынша жұмыс істеу туралы шешімге келді.

КСРО кезінде құрылған ресейлік тарату үлгісі бар. Владивосток пен Калининград арасындағы уақыт айырмашылығы – 11 сағат болғандықтан, 9-дағы Мәскеудегі жаңалықтар шығарылымы біреулер ұйықтап жатқанда, енді бірде бәрі жұмыс істеп жатқанда берілетін болып шықты. Сондықтан да телетаратылым бес негізгі белдеу бойынша – 0 аймағы (еуропалық бөлігі), 1- Орбита Қиыр Шығыс – Сахалин, 2-Орбита – Новосибирск – Красноярск, 3-Орбита – Батыс Сібір, 4-орбита – 0 аймағының маңы. 1- 3-орбитада «Время» бағдарламасын жүргізетін дикторларды Мәскеу тіпті білмейтін де еді. Мемлекеттік телерадионың төрағасы болған кезде Егор Яковлев Алматыдан «Время» бағдарламасын мүлде бейтаныс диктордың жүргізіп отырғанын көрген кезде, таңданыспен:


  • Бұл кім? Танымайды екенмін, - деді.

  • Сіз білмегенмен, қазақтар жақсы біледі, - дедім.

Жаңалықтар Орбитадан Орбитаға ауысып отыратындықтан, оларды өзгертетін. Кадрдан Мәскеудегі басшылық жақтырмайтын адамдар алып тасталды - оралдық басшылармен санаспауға да болатын еді, өйткені, олардың арасында Саяси бюро мүшелері болмайтын. Орталық телевидениеде көптеген қулықтар болатын, мұны бәрі де қолдарынан келгенше пайдаланатын. Кино үшін, тираж алу үшін оны 0 аймағымен немесе кез келген орбитадан эфирге шығару керек болатын. Қиыр Шығыс қандай да бір «бүлікші» кино көріп отырса, Мәскеуге дейінгі жолда оны тезірек бейтарап басқа бағдарламаға ауыстыра қоятын. Бірақ авторлары қаламақыларын алып отыратындықтан, қаржылық жағынан өкпелі болмайтын...

СNN бұл жолды таңдай алмады. Арна басшылары әр ел үшін бағдарламаның 12 версиясын жасау ақылға сыймайтын ауыр міндет екенін түсінді. Міне, осы сәтте керемет шешім – айналмалы дөңгелекті ойлап тапты. Тәулік бойы келіп түсуі бойынша жаңалықтар сағат сайын жаңартылып отырады. Бірақ көрсетілім кезінде Бангкок пен Париждегі блоктардың құрылымы бірдей болады, оларды редакцияламай тек ұлттық тілдерге аударып отыратын болады. Бір сағаттан кейін бүкіл әлем бойынша аздап жаңартылған шығарылым, бір сағаттан кейін тағыда жаңартылған ақпарат көрсетіліп отырады т.с.с.

«Мирдің» алғашқы бағдарламасын бастаған Атланта студиясы 24 сағат жұмыс істейтін. Ондағы қызметкерлер өздерін қай жерде көріп отырғанын білмейтін, блоктарды бағдарламалық толықтыру эфирге шығу уақытымен сәйкеспейтін. Балаларға арналған - таңғы блок, үй шаруасындағы әйелдерге арналған – күндізгі блок, жұмыстан келгендер үшін – кешкі блок деген болмайды. Си-Эн-Эннің бағдарламалық желісінде бұндай әдейі ойластырылмаған. Басқа жерде дәл сол сәтте таң, түс, немесе қараңғы түн болған кезінде таңғы, кешкі блок деген қайдан болсын!

Атлантадан дабыл спутникке барады. Айталық, жаңалық Токиода болса, онда ол туралы сюжет спутник арқылы Атлантаға жетіп, бүкіл әлемді, оның ішінде Токионы да айналады. Аудиторияның 60-70% қызмет көрсетпейінше экраннан түспейді. Басты жаңалықтар кез келген көрермен ұйықтап жатыр ма, әлде жаңалықтар эфирге алғаш шыққанда жұмыста болды ма, үйде болды ма, қай жерде болғанына қарамастан қанша керек болса сонша жер шарын айналып шықпайынша қайталанатын болады.

Біздің ұлттық арналарымыз ОРТ немесе НТВ-нің істеп жатқандары мүлде рентабельді емес. Жаңалықтар таңертең бір-ақ рет беріліп, қайталанбауы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, ол тек шалғай белдеулерде болатын версиясында ғана қайталанады. Ал ол жаңалық болудан қалғанға дейін айналуы керек. Мұндай форматтағы орыс тілді арна жоқ. Біз мұндайға үйренбегенбіз; тіпті тарату принципін таңдау еркіндігі бар жеке коммерциялық арналардың өзі ескіше: таңғы, түскі, кешкі блок бойынша жұмыс істейді. Таңертең мультфильмдер, түсте – сериалдар, кешке – кино немесе спектакль көрсетіледі. Болашағы жоқ схема. Бұл қалалық, ұлттық арналарға тән, өйткені амалсыз көрерменмен үйлесіп өмір сүру керек. Бірақ ауқымды кеңістіктегі ел үшін кеңес кезінде де, қазір де ешкім ойламаған айналмалы принцип лайық. Ол ешкімді ренжітпей, кемсітпей, төмендетпей барлығына қызмет көрсете алады. Мұнда мәскеулік, губерниялық жаңалықтар бірдей болады. Бізден бұрын бұны еуропалықтар түсінді. Олар сиэнэндік принципті ұстанғанымен, эфирге шығар жолды екі есеге қысқартты. Өйткені америкалықтардан асып түсу керек қой! Си-Эн-Эн хедлайнды (жаңалықтар тақырыбын) сағат сайын қайталаса, Еуропа – жарты сағат сайын қайталайды.

«Айналмалы» принципіне өтудің салдарлары жоқ. Ұлттық шекаралар жойылып, континентке, мемлекетке бөліну болмайды. Біртұтас әлемдік ақпарат кеңістігі қалыптасады. Телекоммуникациялық компанияның жүргізушілері біртіндеп трансұлттыққа айналады. Басында СNN-де ұлттық арна ретінде құрылып, кейін біртіндеп трансұлттық болған. «Евроньюс» пен үздіксіз ақпарат беретін басқа да жүйелер адамзаттың уақыт кеңістігін жылжытуда. Кеше ғана тәулікте 24 сағаттың болуы бұлжымас ақиқат болатын. Бұдан да көп болуы мүмкін екен. Күнді айналып өтетін ақпарат айналымы 25 немесе 28 не 40 сағатты құрауы да мүмкін. Шынайы жер тәулігінің сегменттері тауыстың қанаттарындай бір-бірін жабады.

Жаңалықтар блоктарының ішкі мазмұны да бір уақытта өзгереді. Олар бұрынғыдай өте маңызды оқиғалармен шектелмейді, ұлттық шекараны ысырып, қандай да бір мемлекеттің шоғырланған проблемаларын қозғайды, бәрінен бұрын адамның шынайы өмірін баяндайды. «Евроньюстің» немесе Си-Эн-Эннің ақпараттарын талдау, президенттік сайлаулар мен парламенттік пікірсайыстарға уақыттың аз бөлінетінін, гуманитарлық проблемаларға, өмір сүру сапасына, қатардағы адамның қызықтыратын мәселелеріне көп уақыт бөлінетінін көрсетті.

Планетамыздың алтыншы бөлігінде, ТМД-нің он екі елінің ақпарат кеңістігінде әлемдік арналардың жаңалықтары қалай берілуде? Бұл орны толмас ақтаңдақ. Кейбір ресейлік арналар, әсіресе буржуазиялық, либералды НТВ-ні батыста қарайды.

Кейде:

- Ресей туралы аздап білеміз. Кімнің президент болып, кімнің жемқорлықпен ұсталғанынан хабардармыз. Бірақ басқа да елдер – Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан бар емес пе? Оларда да не болып жатыр?



Әлемде бұрынғы КСРО республикаларынан эмигранттар көп. Олардың арасында отанындағы жайттарды білгісі келетін көптеген бай, ықпалды адамдар бар. Үйлерінде отырып, мысалға, өзбек немесе қандай да бір орталық азиялық телевидениені көру үшін ақша төлеуге дайындары да бар. Бірақ батыста жолы болған өзбектің үйде отырып теледидар қарауға уақыты қайдан болсын? Дегенмен, оның төрт әйелінің бос уақытының көптігін ескерсек, күйеуі олардың жайлылығы үшін шығындалатын болар? Мүмкін болашақта осындай нон-стоп таралымға сұранымдар келіп түсетін болар. Олай болса біз олардың сұранысын қанағаттандыруға техникалық дайынбыз.

Бұл жеке оқиға, әркімнің өзіне сай ақпарат алғысы келеді. Батыста адамға 25 тілдегі арнадан бір де біреуі сай болмауы мүмкін. Демек, оған осындай арнаны көруге мүмкіндік беру керек. Бұл саяси, адами, мәдени, тіпті коммерциялық жағынан қажет.

Жаңа арна, мемлекетаралық телерадио қатынас арнасын құру туралы мен 1995 жылы Минскіде өткен Үкімет басшылары кеңесінде айтқан болатынмын. 1997 жылдың қаңтарында Үкімет басшылары кеңесінің қаулысына қол жеткіздік. Онда: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық қатынастағы радио-телевизиялық және телекоммуникациялық арналарының мәртебесі бекітілсін, осыған байланысты «Мир» МТРК мемлекетаралық Үйлестіру Кеңесі бір ай мерзімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық қатынастағы радио-телевизиялық және телекоммуникациялық арналарының мәртебесі туралы ереженің жобасын әзірлеп, белгіленген тәртіппен Достастықтың Үкімет басшыларының кезекті отырысына шығарылсын» деп айқын жазылған. Мәскеуде ТМД мемлекеттерінің тоғыз үкімет басшысы қол қойған.

Достастық ішінде күрделі проблемалар туындағандықтан болар, болмаса менің жеткілікті қуатты болмағандығымнан болар біз жобаны әзірлеп, Үкімет басшыларының кеңесіне шығармадық. Алайда, мұндай арнаға деген қажеттілік әлі күнге дейін бар. Біздің ұлттық, мемлекеттік немесе коммерциялық арналардың мүдделері саласына қол сұқпай, «Мир» мәртебесін пайдалана отырып, айналмалы сақина принципі бойынша жұмыс істейтін мемлекетаралық телерадиоарна құрғымыз келеді. Алғашқы төрт жылда жылына 50 миллион доллардан 200 миллион доллар қажет болады.

Ал бұл алғашқы 50 миллион долларды қайдан алуға болады? Олигархтарға барып тізе бүгу керек пе? Алайда олардың телеарналарға өз көзқарасы қалыптасқан. Ақша түсіретін болғандықтан, олар саясатқа көп қызығады. Әрине саясатты да өз пайдасына бергілері келеді. Бірақ біздің компаниямыздың мақсаты оларға пайда түсіру емес, біз бұл үшін құрылған жоқпыз. Олигархтармен саудаласуға барған күннің өзінде, олар қармаққа түсе қоймас, біздің арнада саяси қарсыластармен күресуге болмайды. Қаржыландырудың басқа көзі әзірге жоқ. Үкіметке рахмет, бірақ олар идеямызға қолдау көрсеткенімен, қаражат жоқ.

Қазір жағдай өзгерген мықты мемлекеттің және ақылды мемлекеттік реттеудің қажет екені айқын болды. ТМД елдерінің басшылары жер шарын аралай келе тек өз күшімізге ғана сену керек екеніне көздері жетті. Демек мемлекетаралық қатынас арнасын құру идеясы да бұрынғысынша өзекті. Құдайға шүкір, үкіметаралық келісімдерге тіркеліп те қойды.

«Мирдің» бөтен арналардың жамауы болуды доғаратын кезі келді. Біз бәрібір олардың бірі болмаймыз. Бізден құтылуға тырысқанымен, саяси себептерге байланысты ол қолдарынан келе қоймас. Тістерін қайрауда. Біз алатын жарты сағаттың өзін кезекте тұрғысы келетіндердің біріне беру пайдалырақ.
Жібек жолы

Мұрат Әуезовтың сөзін мысалға келтіргім келеді. Ол еуразиялық идеяның жақтаушысы болатын: «Мир» телерадиокомпаниясы қызметінің ақпараттық-коммуникациялық белдеуі өзіндік мүмкіндіктері мен әріптестік байланыстары есебінен Еуразия кеңістігін қамтуы тиіс. Континенттің тарихында ауқымды сауда-экономикалық, мәдени қатынастар жүйесі бұрын болған. Екі мың жыл бұрын Ұлы Жібек жолы Жапониядан, Оңтүстік-Шығыс Азиядан Роттердамға, Париж бен Римге дейінгі ұлан-ғайыр жерде теңіз және құрлық арқылы тауарларды, идеялар мен ақпараттарды тасыған. Бірақ та жолдар да гүл сияқты. Олар мемлекеттік шекара құрсауында солып, ақыры өледі. Ресей империясы мен Пиндік Қытай, Иран мен Түркия арасындағы шекаралық келісім көне күретамырды қиып, Жібек жолының орта Азия бөлігінде бір кездері гүлденген қалалардың құлдырауына әкеп соқты.

Бұдан шығар түйін - біреу. Радио- телекоммуникациялық байланыс та осы жолдар секілді. Олар үшін этникалық, мемлекеттік, мәдени оқшаулану сияқты қолдан жасалған кедергілер қауіп төндіреді.».

Меніңше, бұл өте орынды айтылған идея.

70 жылдардың аяғында «Ритм» операциясымен айналысып жүрген кезімде, орталығы Целиноград қаласындағы теміржолда көп уақытымды өткіздім. Екібастұз арқылы өтетін барлық составтар әлемдегі ең ірі жылу станцияларының бірі Екібастұз СЭС-ын салу үшін қажетті барлық материалдарды, бетондарды, энергоблоктарды, мыңдаған тонналық ірі көлемдегі жүктерді осы жаңадан ғана салынған жол арқылы таситын. Осы шаруашылықтың барлығына жол инженері Нығметжан Қабатайұлы Есенғарин басшылық ететін. Біз оның жанында жүріп белсене көмек көрсеткенімізбен, негізгі жүк Есенғариннің иығына түсетін. Ауыржүкті поезд – сол кісінің идеясы. Егер әдеттегі тауар вагонында отыз вагон болса, бүған алпысын тіркейтін. Әрине мұндай жағдайда проблемалар туындайды, станцияларда вагонды составтан шығару мүмкін емес еді. Ауыржүкті поездар теміржолда жоғары жылдамдықпен қозғалғанымен, станцияларда қиындық туындайтын. Дегенмен Есенғарин тәуекелге бел буды – уақыт өте келе бәрі біртіндеп реттеле бастады, жүктерді жеткізіп, вагондарды қозғауды үйрендік. Кезінде телеэкраннан осы жаңашылдық идеясы насихатталған болатын.

Есенғариннің еңбегі еленіп, оны КСРО Қатынас жолдары министрінің орынбасары етіп тағайындады. Мәскеуге көшіп барып Приволжа теміржолын басқарды. 80 жылдардың басында «Теміржол Жібек жолы» тамаша жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Ресей, Қазақстан мен Қытай теміржолдарының қуаттылығын қосу мақсат етілді. Мұны шындыққа айналдыру үшін түркімен шекарасынан бастап, Ирандағы Күшкектен Ишкекке дейінгі екі жүз шақырым жол жетіспейтін болды.

Бұрынғы 60 жылдардың басында инженерлік жұмысты жаңа бастаған кезде ол Семей және Талдықорған облыстарының тоғысындағы Қытай мен КСРО арасындағы атақты Достық станциясын салуға қатысқан. Бұл Есенғаринге болашақта талай жобаларды іске асыруға таптырмас тәжірибе сыйлады.

«Теміржол Жібек жолы» құлдырау алдындағы Кеңес Одағы бастаған ірі құрылыстардың соңғысы еді. Билікке Горбочев келіп, өзгеріс болатыны білінді.

1991 жылы Қазақстан егемендік алғаннан кейін Назарбаев маңына қолынан іс келетін қазақтарды жинай бастады. Кеңестік министрліктерде шендерің, мәскеуде пәтерлерің, дербес көліктеріңнің бары рас. Мемлекет құруымыз керек. Бәрін тастаңдар! Қайтыңдар!

Есенғарин алғашқылардың қатарында елге оралды. «Кез келген жұмысты орындауға дайынмын» деді. Оны премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындағаннан кейін, Есенғарин қатынас жолдары проблемаларын шешуді өз қолына алды.

Қазіргі уақытта ол Кеден одағы Атқару комитетінің төрағасы, техникалық ғылым докторы (жуырда Мәскеуде қорғады). Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Белоруссия кіретін Кеден одағы ТМД-ның анағұрлым тиімді ісі болып танылды. Көптеген жылдар бойы Есенғаринді бақылай отырып, оның сенбі, жексенбі күндері демалғанын көрмеппін. Өзі де, оның аппаратының барлығы да сол күндері жұмыс істейтін. Оның үстіне мамандығы туралы кітап жазып та үлгерді. Жақында Есенғарин Қазақстанның Журналистер одағына қабылданды, мен оған ұсыныс берген болатынмын.

Есенғариннің атақты картасы бар. Онда «Теміржол жібек жолы» көрсетілген. Осы жобаның іске асуына көптеген адамдар атсалысқанымен, негізгі идея соныкі болды. Жол Бастауын Қытайдан алып, Солтүстік тармағы Ресей, оңтүстік тармағы - Қазақстан, Орталық Азия, Түркіменстан, Иран, Түркия және одан әрі Еуропа арқылы өтеді. Есенғарин картасына жолды салуға жауапты барлық президенттер мен премьер-министрлердің қолын қойғызады. Негізі салынғанымен, айналымға әлі түспеген. Осы жолға деген мұқтаждықтың күн санап артып отырғаны анық.

Мен Алматыда өткен Давос саммиті туралы айтып өткен едім. Болашақта жаһандық соғыс Орта Азияда немесе Кавказда болады деп қауіптенген Еуропаға осы өңірдегі қатынас жағдайы мазасыздық тудыруда. Мұның артында басқа идеяның тұруы да ықтимал: яғни Еуропаның Ресейді айналып Қытайға шығуы.

Күн тәртібіне Жібек жолы идеясы қайта қойылуда. Еуропа экономикасы Америкадан, Африкадан, тіпті Қиыр Шығыстан да таптырмайтын Шығыстың зор әлеуетті нарығына ұмтылуда. Еуропа үшін Қытай қызықты әріптес. Қытайға Еуропа менталитеті жағынан да, экономикалық тұрғыдан да тартымды. Егер еуропалық тауарлар мен еуропалық технологиялар Қытайға келер болса, бұл екі жақтың экономикалық дамуын ұзаққа ынталандырады. Миллардтаған халқы бар ел кез-келген бизнесті қызықтырады.

Қытайға Ресей арқылы да баруға болады. Шешенстан Ресейлік варианттың қолайсыздығын көрсетіп отыр. Кавказдың Оңтүстігімен Орталық Азия арқылы өткен сенімді. Басқа жол жоқ, Еуразия құрлығын португалиялық жаулап алушылардың жолымен айналып өтпейді ғой енді! Жарылыс қаупі бар ислам елдері арқылы жүрудің қажеті жоқ. Ал Ұлы Жібек жолы болса, Еуропа үшін сенімді әрі шынайы қамсыз болашақтың кепілі. Ол Еуропаға түсінікті Кавказ, Каспий, Орталық Азия аумақтары арқылы өтеді. Бүкіл жерде мұнай. Бүкіл жерде еуропалық бағыттағы адамдар.

Ресей де Қытаймен жақындасуға мүдделі. Бженскийдің ойынша екі алып империяның келісуі мүмкін емес. Ескерткеніңізге рахмет. Қытайдың қарқынды дамып, әлемдік экономикалық көшбасшылықққа қадам басқанын да ұмытпайық.

Сондықтан да нон-стоп тәулік бойы жұмыс істейтін халықаралық қатынас арнасы Ресей мен оның оңтүстік, шығыс көршілері үшін маңызды. Егер арнаны тек ТМД үшін құрса, инвесторларды таба алмаймыз. Ресей нарығы құрылып болған, арналарының өз стратегиялық инвесторлары бар. Ресей мен ТМД-ға арнап жаңа арналар желісін құру тиімсіз.

«Мир» компаниясының идеясы мен негізі – халықаралық идеяға негізделген. Жоғарыда айтып өткенімдей, біз халықаралық заңды тұлғамыз. Анағұрлым кең халықаралық көкжиекке шығар кез келді.

Бүгінгі таңда ТМД ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін нон-стоп арна құру тиімсіз. Бірақ ТМД-дан басқа бірқатар елдерді қамтитын арна құруға болады. Мен оны өзім үшін «Жібек жолы» деймін. Бірақ әңгіме керуендер мен теміржол туралы емес, телевидение туралы болмақ. Оны құру үшін осы жол бойындағы елдерді тарту керек. Оған Жапония, Қытай, Оңтүстік және Солтүстік Корея, Ресей кіреді. Географиялық жағынан Ауғаныстан да жатуы тиіс болғанымен, ондағы саяси жағдай бұлай етуге мүмкіндік бермес. Содан кейін Иран, Түркия, Таяу Шығыс, Еуропаның оңтүстігі – Балқан, Италия, Испания, Германияның оңтүстігі, Францияның оңтүстігі. Арна жұмыс істеуі үшін ешқандай халықаралық конференция өткізудің қажеті жоқ, ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік туристік ұйым жүргізетін бірлескен бағдарламаны пайдаланса болғаны. «Жібек жолы» - ең алдымен туристер мен бизнесмендер жолы. Әрине жобаға инвесторлар керек. Оларға сол үшін қандай уәде беруге болады? Курорттардың, мейманханалардың, экологиялық туризмнің жарнамасынын түскен табысты уәде етсек те болады.

1998 жылы Тбилисиде өткен Дүниежүзілік туристік ұйымның конференциясында жоба туралы айтқанмын. Осындай арна құру туралы идеяға конференцияға қатысушылардың көзқарасын білгім келді. Оң көзқарас танытты.

Нон-стоп арнаны мен қалай деп ойлаймын? Бәрінен бұрын айтқанымдай тәулік бойы жұмыс істейді, әр сағаттың алғашқы 15 минуты әлеуметтанушылардың, саясаткерлердің, мәдениетттанушылар мен тарихшылардың комментарийлерімен болған оқиғалардың себебі мен негізін мүмкіндігінше түсіндіре отырып, әр саладағы, әртүрлі әлеуметтік деңгейде Еуразия әлемінде болып жатқан жаңалықтарға арналса деймін. Бәріміз бір-бірімізге және өзімізге түсінікті болсақ деймін. Өз позициямызды таңдау оңай болса екен. Бір арнада Қытайдағы, Ресейдегі, не Грузиндік оқиғаға бір-біріне қайшы болса да бірнеше көзқарас түйіссе екен. Бірақ біздің мақсатымыз конфронтация емес, оларды бір-бірімен жақындастыру.

Осындай үздіксіз нон-стоп арна тәулік бойы бітімгершілік бағытта мақсатты түрде жұмыс істейтін болады. Ал бірлік деген берекенің бастауы.


Нон-стоп арна

Арнаның құрылымына онжылдық мәдениет құндылықтары Бағдарламасына сүйенетін ЮНЕСКО насихаттайтын, Жібек жолының бойында орналасқан елдерді қамтитын принцип негізге алынуы тиіс. Құрылымы қарапайым: әртүрлі филиалдарының болғанына қарамастан ортақ өнім тудырған «Мир» сияқты әр елде бірнеше штаб-пәтері бар ортақ телеарна құрылады.

Бұл мәселе бойынша жақында Қытайда болғанда Пекин телевидениесімен келісімшартқа қол қойдық. Бүкіл Қытай бойынша көп ақпарат жинауға қабілетті Қытайдың барлық аумағын қамтитын екінші ұлттық желі болмақ. Оның дербес спутниктік арнасы болады. Бұл орталық телевидение емес, біздің ТВ-орталығымыз тәрізді қалалық телевидение. Орталық телевидениеде сегіз арна, Пекиндікте – төрт арна, олар аптасына 240 сағат таралады. Пекин телевидениесі коммерциялық негізде жұмыс істейтін, саясат пен идеологиямен аз айналысатын арна. Компанияға тамаша әкімші, өте зиялы тұлға Лю Ди И басшылық етеді, ол кісі идеяны бірден түсініп, қолдау көрсетті. Қаражат табуға да дайын.

Қытайлық телеаудитория миллиардтаған көрермені бар үлкен аудитория. Мұндай көрермені бар басқа ел жоқ. Автоқалам мен велосипед жетістік саналған кезден кеттік. Интернет қарқынды дамуда. Спутниктік телевидение ауқымды жерді қамтыған. Көптеген аймақтардың өз телеорталықтары, кабельді желілері бар. Телевидение олардың өміріне біздікіне қарағанда қарқынды енген. Бұл өзгерістердің барлығы соңғы 20 жылда реформа басталғаннан кейін болған. Жеке газеттер сияқты жеке телевидение деген жоқ. Барлығы мемлекетке немесе аймақтық билікке тиесілі. Жеткілікті дәрежеде бостандық берілгенімен бақылау қатаң. Телевидение көбінесе жарнаманың есебінен бай тұрады. Біздегідей жарнамадан қытайлықтардың да ығыры шыққан. Дегенмен әдемі түсіреді екен.

«Мирдің» бағдарламаларын бұрын КСРО мемлекеттік телерадиосының төрағасы, қазір, Пекин телевидениесінің кеңесшісі ретінде Қытайда он үш жыл бойы тұрған Владимир Семенович Куликов арқылы біледі екен. Қытай қоғамы ескі кеңес дәстүрімен тәрбиеленген. Елдеріміз ынтымақтасып, біз оларға көмектескен болатынбыз, сол кезден бастап қытайлықтар кеңес әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндіктен, біздің бағдарламаларымыз олардың көңілдерінен шыққан екен. Содан кейінгі қайта құрылысқа олар сыни көзбен қарады. Қазіргі ресейлік арналардың сәнді жаңашылдықтары қызықтырмайды. Қарапайым тілмен адами құндылықтарды қастерлеуге шақыратын «Мирдің» тілі оларға жақын. Қытайда «Мирді» ОРТ-ге қарағанда біледі. Өніміміздің көлемі шектеулі болғанына қарамастан көрермен көңілінен шыққан.

Біздің материалдарымыз бен логотип қытай телеэкрандарына жиі шығады. Олар шұғыл ақпараттарды басқа да арналардан алғанымен, өмір туралы, әсіресе Достастық едері туралы ақпаратты тек бізден ғана алады әрі біздің журналистердің сюжеттерін өз бағдарламаларында үнемі көрсетеді. Қытайлықтар тек Ресей туралы ғана емес, бұрынғы КСРО елдері: Белоруссияда, Қазақстанда, Әзірбайжанда не болып жатқанын білгісі келеді. Жаңа елдермен Қытайдың тікелей байланысы жоқ. « Мир» - олар туралы бірден-бір ақпарат көзі. Пекин телевидениесі өз тарапынан бізге Қытай туралы ақпарат алмасады. Басқа комапнияларды Қытай қызықтырмайды, оларға тек сенсация керек.

«Мирге» деген ерекше көзқарастың тағы бір себебі: Қытайда 42 ұлт бар, олардың кейбіреулері жеке автономия құрған (Синцзян, Тибет). Осыған байланысты көптеген проблемалар туындайды. «Мирдің» мақсаты болса бір тудың астына біріктіріп, халықтар достастығын насихаттау. Біз - бағдарламаларымыздың мазмұны бойынша халықаралық арнамыз.

Уақыт өте келе Куликовтың көмегімен біздің ынтымақтастығымыз едәуір биік дәрежеге көтерілді. Материалдар алмасып қана қоймай, бірлесіп бағдарламалар түсірдік. Сөйтіп «Беймәлім Қытай» атты цикл дүниеге келді. Қытайлықтар «Мирдің» кейбір идеяларын өздеріне бейімдеп алған. Айталық бізде эстрадалық ойын-сауық арқылы белгілі бір мамандық иелерін – дәрігерлерді, бухгалтерлерді, ағаш шеберлерін жарыстыратын «Профи-шоу» деген бағдарлама болған. Олар бұл бағдарламаны мұқият зерттеп, тура осындай бағдарлама шығарған. Жуырда Пекин телевидениесі қытайлық мамандарды ТМД елдеріндегі бауырластарымен телекөпір арқылы кездестіруді ұсынды. Бағдарлама 2001 жылдың 1 мамырына жоспарланды. Бір сөзбен айтсақ, біздің Қытай телевидениесімен байланысымыз мүдделі әрі мығым.

Телевизиялық Жібек жолы жобасын іске асыруға Лю Ди И қызығушылық танытып отыр. Алдымен Пекин телевидениесі «Мирмен» бірлесіп ақпараттық бюро құрмақшы. Бастапқы кезде әр елдің материалдарын біртұтас етіп біріктіруде және ортақ өнімді өңдеуде тәжірибесі болғандықтан, түсірілімдерді Мәскеуде монтаждау жоспарланып отыр.

Пекиннен кейін Йорам Глобус бсшылық ететін қуатты өндіруші құрылыммен келіссөз жүргіздік. Ол кісі Менахем Голанмен бірге Голливудта атақты «Кэннон» компаниясын басқарған кинематографист, көптеген атақты фильмдерге, оның ішінде Кончаловскидің «Возлюбленные Марии» және «Поезд-беглец» фильмдеріне продюссерлік еткен.

Глобус алты жыл бұрын Израильде немен айналысты? Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған үш кинопавильон құрды. Атақты кино түсіру әрбір кинематографистің арманы. Бірақ бұл тәуекелі көп, өтеуі кеш келетін еңбек. Әрине егер киноны Америкаға немесе Еуропаға бірден сатудың сәті түссе кешеуілдетпей-ақ өтеледі. Бірақ ол үшін атақты жұлдыздар, нарықтағы көшбасшылардың алғашқы жүздігіне кіруді қамтамасыз ететін сапа деңгейі, сосын тиісінше өте үлкен қаражат қажет.

Адамдардың жұмыс істеуі, еңбекақы алуы үшін павильондар күнде толық болуы керек. Оларды немен толтырса болады? Осы мақсатта телесериал түсіру керек. Бастамас бұрын сериалды сатып алатын арнамен келіскен жөн. Сериалдар – телевидениенің тұздығы іспеттес. Күнделікті эфирге қажетті бағдарламалар, телеойындар, телесайыстар мен телешоу – қара нан сияқты. Осылайша бүгінгі күні мәскеуде «О, Счастливчик», «Сам себе режиссер» секілді атақты бағдарламалар түсірілуде. Кино мен телевидениенің қарым-қатынасы күн сайын артуда.

Күнделікті көрсетілетін өнім керек. Алдымен Глобус үй шаруасындағы әйелдерге арнап – сеиалдар шығарды. Сосын балаларға арналған бағдарламалар түсірілді. Израиль телевидениесінің екінші арнасымен тығыз қарым-қатынас жасап, акциялар пакетінің бір бөлігін сатып алды. Содан кейін ақпараттық бағдарламалармен айналысуды қолға алды. Бұл киноға қарағанда мүлде басқа іс еді. Нарық оны басқа салаға итеріп, әлемдегі үздік студиялардың бірі, қазіргі заманғы желілік ақпараттық студиясын - ньюс-рум, «жаңалықтар бөлмесін» құру үшін 10 миллион доллар салу қажеттілігіне әкелді.

Жуырда біз оны қолданысқа енгізген, ашылу салтанатына қатыстық. Студия мен қабылдау-тарату спутниктік антенналарының өте үлкен кешені Иерусалимнен жиырма шақырым қашықтықтағы шағын ғана Нев Илан кентінде орналасқан. Еврейлер мен палестиналықтардың дауында Иерусалим туралы мәселе қалай шешілсе де бұл аумақ израильдік болып қала береді.

Ньюс-рум - солтүстік телевидение принципі негізге алынған, заманауи технологиялық машина арқылы жаңалықтар берілетін бөлме.

Телевизиялық бағдарлама бағдарламалық режиссер қызметін атқаратын қуаттылығы өте зор компьютерлік сервер арқылы жүргізіледі. Серверге ақпараттық түсірілімнің барлық лентасы - видеоматериалдар, субтитрлер, қажет болуы мүмкін барлық материалдар жүктеледі. Ол РТР сияқты жүргізуші қасында болатын не Си-Эн-Эн, Евроньюс, «Мир» секілді жүргізушілері қашықтықта болатын басқа да компьютерлік жұмыс орындарымен байланысты. Ақпаратты жинау және өңдеу бір жерде емес, цифрлы спутник арқылы бір-бірімен байланысты бірнеше жерде жүреді. «Жаңалықтар бөлмесі» қызметкері Мәскеуде көрші столда отыр ма, әлде Бакуде ме оны ешкім білмейді. Олар бір-бірін анық көріп, жұмыс уақытында еркін сөйлесе алады. Кез келген ақпарат мыңдаған шақырым жерде компьтерге компьютер арқылы жіберіліп отырады, сосын жинақталып, монтаждалып, уақтылы эфирге шығады.

Біздің телевидение эфирден тірі адамды көруге үйрен. ОТР, РТР және НТВ осылай жұмыс жасайды. Кез келеген елдің ұлттық телеарнасында мұнсыз болмайды. Ал Си-Эн-Энде болса, эфирге компьютерлік хабар таратушы шығады. Көрермен дикторды студиядан көргенімен, оның дәл сол уақытта сол жерде емес екенін, барлығынын алдын ала жазылғанын біліп отырады. Жаңалықтың Токиодан ба, Гонконгтан ба, Лонданнан әлде Атлантадан ба беріліп отырғанын айту қиын.

Сервер паторндар сияқты эфирге шығар дабылды күтетін бағдарламалық ленталармен толықтырылады. Бір лента эфирге беру үшін болса, екіншісі интернет желісіне және т.с.с. Іс жүзінде қателік жіберілуі мүмкін емес. Сервер тәулік бойы айналып отыратындықтан, қуаттандыруды қажет етеді. Жаңалықтарды, тақырыптық блоктарды жаңартумен арнайы даярланған бөлімше айналысады. Сервермен жұмыс істеу үшін өзге технологияға, жаңа мәдениетке кәсіби бейімделуге белгілі бір дағды қажет. Біздің «Мирде» радиобағдарламаларға арналған қуаттылығы аз сервер ғана бар. Бірақ егер де біз салмақты еуразиялық арна болғымыз келсе, серверлік технологияға бағдарламаларды да көшіруіміз керек.

Глобус та «Жібек жолы» жобасына сенім артып, бірлесіп таяу шығыс орталығын құруға келістік. Осы мақсатта ол өз технологиялары мен үй-жайларын беретін болды. Бұл орталық тек Израильден ғана емес, сол маңдағы Иорданиядан, қазір Мартин Хедлоу жұмыс істейтін Иерусалимнен ондаған шақырым жердегі Оманнан ақпарат тарататын болады.

Сонымен қатар, Софиядан Балқан орталығын құруға келістік. Ол туралы Глобустың өзіндік кино қызығушылықтары бар.

Сосын ескі досым Генрих Юшкявичуске Парижге баруым керек. Мен «Әлем мәдениеті» идеясына ұқсас «Жібек жолы» идеясы туралы жазған болатынмын. ЮНЕСКО-ның серіктесі болғандықтан, арнаны іске асыру үшін грант бөлінуіне үміт арта аламыз. Неге екенін білмеймін, мен Юшкявичусті біздің компаниямыздың ТМД-да ғана жұмыс істей алатынына сендірдім. Енді оған толық баяндалған нұсқасын көрсету керек. Біз жаңа ғана осы жобаның анонсымен компания туралы буклет шығардық. Арна туралы сипатталса, инвесторлар да табылады. Мүмкін жобаға Андрей Кончаловский қосылатын болар, ол бізге «ТВ-2000» арнасы туралы идея ұсынған болатын. Кончаловский осы жобаға көмек көрсете алады.

«Жібек жолының» маңыздылығын осы идеяны бірден қолдаған Лю Ди Идің реакциясынан байқауға болады. Орыс тілді аудитория болғанымен, қытайлықтарға орыс тілді арна қажет емес. Ресей саясаты, парламенті керек емес. Бірақ та егер бірін-бірі алмастырып отыратын блоктар біртіндеп адамдар туралы, мәдениет, салт-дәстүр, ғылым, тарих, табиғат, экология жайында және басқа да танымды әрі қызықты тақырыптарда ақпарат бере бастаса, мұндай арнаның Қытайдан да, Ираннан да, тағы басқа елдерден де өз көрерменін табары анық. Бұл аудитория үшін Жириновскийдің қылықтары мен Үлкен театрдағы қойылымнан гөрі базардағы құрманың құны маңыздырақ. Бағалар, валюталардың айырмашылығы, қонақ үйдегі бөлме құны қандай екені мәлім болады. Жабық әлем біртіндеп ашылып, түсінікті бола бастайды. Адамға барынша пайдалы ақпарат керек. Айқайлаған патриотизм өзіміздікілер үшін жақсы болғанымен, өзге елдің адамдары қарамай, басқа арнаға ауыстырады.

Сондықтан мен Юшкявичусті арна ашып, инвесторлар тартуға көмектесуге көндіргім келеді. Көптеген техника, қабылдау-тарату станциялары, персоналды оқыту қажет болғанымен «Мирдің» негізгі инфрақұрылымы қазір дайын, қазірдің өзінде Шығысқа барар жол салынған. Бірақ жалпы құрылымды өзгертіп, қазіргі бір штаб-пәтердің орнына бірнеше: Еуропадан, Мәскеуден, Астанадан, Ираннан, Қытайдан штаб-пәтер ашу қажет. Мұндай құрылымды Си-Эн-Эн қолданып отыр, оларда Атлантадағы кешенді қоспағанда Токио мен Лондонда екі кешен жұмыс істейді. Үшеуі де өзара іс-қимыл жасасып, үшеуі эфирге қатар шығады, компьютерлік желілер көзді ашып-жұмғанша өзара әсерлеседі.

Бір сөзбен айтқанда, ағылшын тілінде болса да (ұлттық тілдерге аударыла отырып) қолданыстағы аналог бар. Мұндайды орыс тілінде неге істемеске? Жобаның негізі таратудың осындай түріне негізделген қолданыстағы телерадиокомпания бар. Айтпақшы бұл жерде «тарату» сөзін қолдану орынсыз. Орталық «таратып» қалғандары «қабылдайтын» кез кетті. Келісім болу үшін пікірлер ортақтығы, диалог, нақтырақ айтсақ – полилог қажет. Егер әркім өзінің ұлттық ділінде тұратын болса, егер әрбір адам бір-бірін тыңдауды үйренбесе – соғыстан басқа жол қалмайды.


Саналы ғұмырын сарп етті
Біздің Қырғызстандағы филиалымыздан босқындар мәселесімен айналысатын БҰҰ өкілдігі келіп көмек сұрады. Олар ұлтаралық қақтығыс кезінде тұрғылықты жерінен бұрындары қашып кетіп, қазір Бішкек базарларында қайыршының күйін кешіп жүрген таулы тәжік қыстақтарының бұрынғы тұрғындарын қайтаруға дайындық үстінде еді. Оларды тасымалдау үшін автобус жалданып, гуманитарлық көмек бөлінді, бізден осы оқиғаны түсіруді сұрады. Филиалдың бас редакторы Жарқын Кененбаева (кезінде ол бізде «Вместе» бағдарламасының жүргізушісі болып жұмысын бастаған болатын) келісімін берді. «Мир» халықаралық ұйымдармен байланыс үзбей, олардың қызметін насихаттауға мүдделі.

Бардық. Кешке таман тау бөктерінен, тас көшкіні салдарынан жолдың жабылып қалғанын байқадық. Жолаушылар тоқтап, жолды тастан тазарта бастады. Жарқын оператор Валерий Бушуевпен бірге жұмыс істеп жатқан адамдардан сұхбат алды, сосын Валерий туған ауылдарына жол салып жатқан адамдарды түсіру үшін камерамен жартасқа қарай шыға бастады. Кенет күтпеген жайт болып.... жаңадан тас көшкіні басталды. Таудан құлаған тастардың бірі операторды мерт етті. Бұл оқиғаның барлығы Жарқынның көз алдында болды. ..

Валерий біздің компанияға әскерден кейін кірген еді. Анасы бізде есепші болып жұмыс істеп, оның жұмысқа орналасуына көмектескен болатын. Бішкектегі талантты телеопреаторлардың бірі еді, сюжеттері ойлылығымен, өткір көзқарасымен, кәсіби сапалылығымен ерекшеленетін. Алда тек жақсылықтар ғана тұрғандай көрінетін. Енді міне ...

Махонио Бішкекке жерлеу рәсіміне ұшып кетті, Алматыдан жігіттер келіп, анасына материалдық көмек көрсеттік. Қырғызстан үкіметі мен БҰҰ миссиясы қолдан келгенін жасағанымен, адам өмірі қайта айналып келе ме?

Артында аяқталмаған сюжет қалды – көптеген арналар эфирге шығарды. Журналист қызметтік борышын өтеу жолында ажал құшты. Осындай ерлікке тұрмайтын ерлік сияқты көрінгенімен, кезекті қатардағы тапсырманың не күтіп тұрғанын кім білсін?..

Мені кейде «неге Шешенстан туралы түсірмейсіңдер? Соғыс болып, қан судай ағып жатқанда неге бейтарап қаласыңдар. Оның үстінде Владикавказда филиалдарың бар» деген сұрақпен мазалайтындар бар. Мен: «Шешенстан туралы онсыз да барлық арналар жеткілікті дәрежде айтып жатыр. Оның үстіне ол жерге тілші жіберіп, басына қатер төндіргім келмейді» дер едім. Біздің олай етуге моральдық хақымыз жоқ.


Тосқауылдарға төтеп береміз

Саша Беликов «Үшінші мыңжылдыққа бірге аттанамыз» деген әдемі ұранмен Ялтада Халықаралық телефорум өткізуді ойластырды. Достастық елдерінің тележурналистерін жинап, өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, мастер-кластар өткізбекші болды. Қырым Үкіметі, одан кейін Журналистер одағы, Кеңестік кинематографистер конфедерациясы және ялталық телевидениенің тамаша директоры Юлий Павлович Кононцес қолдау көрсетті. Парламентаралық Ассамблеяда Егор Строев: «Идея деп осыны айт! Мұны ойлап тапқан адамға алғыс айту керек. Арқаларына ауыр жүк артты..» деп қуанышын жасыра алмады.

Дайындық басталып та кетті. Оған Беликовтың басшылығымен мир командасы жетекшілік етті. Оған кино және телесыншы, менің ескі досым, әрі осы кітапты жазуға қатысқан – Александр Липков жәрдемдесті. Сергей Соловьевті Президент болуға шақырғанымызда, ол: «телефорум емес, телекинофорум» өткізейік деген ұсыныс білдірді. Олар басқа сала болса да өзара үйлесетін еді. Бүгінгі таңда бір де бір мамандық өз шеңберіне сыймайды.

Форум өтіп жатқан кезде кітап баспада жататын болады. Қалай болғанын айтып үлгермейтін болдым. Оның сәтті өтетініне сенімім мол (мәдениет, телевидение және кино қайраткерлері: Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов, Андрей Кончаловский, Рустам Ибрагимбеков, Станислав Говорухин, Александр Абдулов, Светлана Сорокина, Зинаида Кириенко, Александр Пороховщиков және т. б. қатысуға уәде берді). Осындай кездесулер жыл сайын өтіп, достастық елдерінің ғана емес, барлық халықтың ынтымақтасуына әсер ететін болады деп ойлаймын. Мәдениетте де эфир толқындары сияқты шекара жоқ. Соловьев форум туралы сөзінде Пастернактың «тосқауылдарға төтеп береміз» деген тамаша сөзін еске алды. Мәдениет әрдайым кедергілермен күресіп келеді.


«Адамзат құқығының жалпыға ортақ декларациясынан»

1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 217 А (ІІІ) резолюциясымен қабылданып, жарияланды.

19-бап. «Әр адамның сенімін таңдауға және оны еркін білдіруге құқығы бар; бұл құқық өз сенімін еш кедергісіз ұстанып, мемлекет шекарасына қарамастан кез келген түрде ақпарат алуды, таратуды қамтиды».
Бутрос Гали. Сұхбат.

1996 жылдың мамырында БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Галиден сұхбат алдым. Содан үзінді келтірейін:

Мен: Біздің планетамыздағы құрлықтың алтыншы бөлігін ұлы орыс тарихшысы Лев Гумилев Еуразия деп атады. Сіздің ойыңызша, осы Еуропа мен Азия бөліктерінің, славян және түркі халықтарының, христиан, ислам, буддизм діндерінің үйлесімділігі ТМД-ның әлсіз тұсы ма, әлде керісінше күш-қуаты ма? Осыған кеңірек тоқтала кетсеңіз?..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет