Ғайыптан келген ғажапсөз
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға ұсынады.
Кітапшада түрлі тақырыпта жазылған оқушылардың сөздік қорын молайтып,бай ана тіліміздің сырлы да сұлу,терең де бейнелі сөз мәйектерін мейлінше танытқан эсселер жинақталған.
Бұл кітапша оқушылар мен өздігінен білім алушыларға, мұғалімдерге арналған.
44
біз басында тесті жоғары оқу орнына барып тапсыратын шығармыз деп ойлаған болатынбыз. Бірақ ол олай емес екен, тесті тек ауданда тапсырып, сол тестен сертификат алып, сол сертификатпен жоғары оқу орнына тапсырады екенбіз. Бірақ бұның бір жақсы жері ұстаздарымыз ұрыс естімейді. Сонда да оқушысы «2» алғаны үшін бәрібір ұстаздарымыз қынжылады . Егер де оқушы тестке жақсылап дайындылса емтиханнан да , тестен де жоғары балл жинай алады. Тек оқушы шын ынтасымен дайындалса бәрінен де өте алады. Ия , біз қазір осы жаңа формат бойынша тестке дайындалып жатырмыз. Жаңа формат деген анау айтқандай қиын емес екен. Оқу сауаттылығынан көзімізді жұмып- ақ 20 балл жинай аламыз, басқа пәндерден 20-40 балл жинауға болады. Менің бір байқағаным тесте таңдап отырған математика пәні математика сауаттылығына қарағанда қиындау екен . Тек математика пәні ғана емес басқа да таңдау пәндермен блок пәндер де сәл күрделендіріп берілгені болмаса басқалары оңай деп айта аламын . Ия, бұл тек менің ойымша ғой, басқаларының не ойлайтынын, оларға қиын не оңай екенін мен білмеймін. Бірақ бір нәрсені ғана білемін егер де оқушы тестке шын көңілімен дайындалса тесттен жоғары балл жинай алады . 140 балл болмаса да 90-120 балл жинай алса жоғары оқу орнына түсе алады деп ойлаймын. Тек тесте «2» алып қалмауымыз керек. Сөзімді қорытындылайтын болсам, тестке бар күшімізбен дайындалып жақсы балл жинауға тырысайық . Биыл бітіретін жас түлектерге өздерінің қалаған жоғары оқу орнына түсулеріне тілектеспін . Қалжанова Нұрила
1
ҰБТ мен Жаңа форматтың пайдасы мен зияны . ҰБТ осы сөзді естісек бойымызға үрей бойлайтын . Өйткені осы ҰБТ жайлы небір қауесет тараған болатын . ҰБТ жайлы көптеген қарама – қайшы пікірлер айтылып жатыр . Біз ҰБТ жайлы ғаламторлардан , теледидардан , қолданылып жүрген сайттардан көреміз . Осы ҰБТ кезінде егер де оқушылар тест тапсыра алмай , екі алып қалған кезде,олардың екі алғаны үшін ұстаздарымыз сөгіс еститін еді . Біздің мұғалімдеріміз оларды күн – түн демей бар уақытын бөліп тестке дайындайтын . Сол мұғалімдердің берген білімін дұрыс пайдалана алмағандары ғой . Тестен шыққан оқушылардан: «Қандай болды ? Қандай сұрақ келді?»- деп сұрасаңыздар , олар былай деп жауап береді: «Біз білмейтін сұрақтар келді, өте қиын болды»,- деп жауап береді . Бірақ бұған оқушыларды кінәлауға болмайды , мүмкін оларға шынымен де өздері білмейтін сұрақтар келген шығар, біз оны қайдан білеміз, олар мен бірге тест тапсырған жоқпыз ғой . Қазіргі кезде осы ҰБТ – ны алып тастап, оның орнына жаңа тест жүйесін енгізіп жатыр. Мен ғаламторлардан, сайттардан жаңа формат жайлы іздестірген кезімде көп деген мағлұматтарды таптым. ҰБТ – да125 балл болса, жаңа форматта 140 балл жинау керек екен . Осы тесте екі кезең болады екен: Біріншісі, біз мектепте емтихан тапсыратын болыппыз. Ия, бұрынғылар сияқты емтихан тапсырып, аттестат алады екенбіз .Екіншіден, біз ауданда тест тапсырамыз. Негізінде
43
Иманов атындағы жалпы орта мектебі
(Еркін тақырыптағы эсселер жинағы)
Абай ауылы -2017
2
Алғы сөз
Қазіргі білімді ұрпақтың бәсекелестікке қабілеттілігі, елімізді өркениетті елдермен терезесін тең ұстау қажеттігінен туындап отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».Білім беру жүйесінде еңбек етіп жүрген әрбір мұғалімнің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін өз қолына ала алады.
Білім мазмұнын жаңарту аясында қорытынды аттестаттау форматы да өзгеріп отыр. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жазбаша емтихан эссе түрінде өткізіледі.
Эссе ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі,еркін композициялық прозалық шығарма.
Эссенің мақсаты -- өзіндік шығармашылық ойлау, және сол ойды жазбаша бере білу дағдыларын дамыту. Эссе мазмұнында ең алдымен ойды нақты және сауатты тұжырымдау,ақпаратты жүйелеу,негізгі түсініктерді қолдану, ойларын қорытындылай білу.Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.
І деңгей қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Оспан Ә
3
Қалдаяқов атамыздың: «Сыйлар ем ай мен күнді, қолға түспеді,»- деген әні еріксіз еске түседі. Аяулы аналарымыз үшін ай мен күн де артық болмас еді. Аяулы аналарымыз үшін жақсы сөздерді айтып жеткізу мүмкін емес. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат болып өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. «Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеннің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – анаңның қолында. Ана бір қолмен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызымызды өтеп, ананың шашына ақ түсірмей, аяулы аналарымызды аялай білейік. Себебі, ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын. Сөз соңында айтарым Ана сөзінен аспайық, оны әр қашанда қадір тұтып сыйлайық... Б.Жұмағұл
42
Аяулы- анашым!
Бәрі де, ана Бір өзіңнен басталады Мен бұл өмірдің мәні де, шырағы да аяулы аналарымыз деп білемін. Міне, бүгін аяулы аналарымыздың мерекесіне орай ой толғауымды жаза отырып, небәрі үш әріптен тұратын сөзде қаншама мән жатыр десеңізші. Түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, анамыздың ақ сүтінің алдында қарыздармыз деп білемін. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз болар, сірә. Менің де мына өмірді сыйлаған анама алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана деген сөздің өзі әрбір адам баласы үшін ең ыстық жанға жақын мағыналы сөз емес пе? Дүниедегі ең жұмсақ нәрсе не ?-деп сұраса ол анамыздың аялы алақаны деп айтар едім. Ал ең тәттісі анамыздың ақ сүті емес пе? Мен анамды бар жаныммен жақсы көремін және оны аялай білемін. Ана үшін бақыт деген өз перзенттерінің аман-есен жүргені емес пе? Мен анам үшін өмірдегі барлық бақыт анамның аяғының астында тұрса екен деп Алладан тілеймін. Әрбір ана өз баласын жақсы болғанын тілейді, баласы үшін барлық жақсылықты жасайды. Ана өз перзентінің жақсы жұмыс істеп, өз Отанына пайдасы тисе екен деп тілейді. Шәмші
ӨМІР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Ұзақ өмір сүруді армандағаннан
гөрі уақытты тиімді пайдалан!
Джек Ма
«Өмір» шынымен де тәтті, ғажап, тамаша! Алайда, осы керемет,ғажап өмірдің қадірін түсінбейтіндер өте көп. Қайталанбас бұл өмірді бітпестей көретіндер жетерлік. Қадірін білмей дүние қуып, алдамшы сағымға еріп шөл далада шөл қысып өлген адамша дым бітірмей, өкінішпен кететіндерді аяймын. Бізге өмір бос сауық құрып,
думандатып - той тойлап, ақшаның соңынан қуып, табыстың ізін кешіп кету үшін берілген жоқ. Артына өшпес із қалдырып, мұрасына ие болып, ізін басатын, жүрген жолын жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу үшін берілді.
Өмірдің өзіндік құндылықтарын сезініп, сырларын аша білу де бізге міндет. Осы істерді атқарудың орнына босқа жатып-ішіп, өмірге қайта айналып келетіндей өмір кешу, әрине, ақымақтық.
Алла Тағаланың өлшеп берген саналы да шамалы өмірін дұрыс пайдалану кімге де болсын парыз деп білемін.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырын пайдалы іске, яғни, бала оқытып, адам емдеп, ұрпағына үлгі болып, жақсылық жасай білуге жұмсау өмірден бос кетпегеннің белгісі.
Өмір деген - жол сияқты. Алдыңнан қандай жол шығарын білмейсің. Мүмкін ол бұралаң жол шығар, мүмкін тегіс, мүмкін ойлы-қырлы. Осы жолдан дұрыс жүріп, сүрінбей өткен адам ғана мақсатына жетеді. Өмірде өз орныңды табу үшін алдыға мақсат қоя білу керек. «Мақсатсыз мың адамды, мақсаты бар бір адам басқарады», - деген сөз өте орынды айтылған.
4
41
Мен өмірді өзенге де теңеймін. Себебі, өмір өзен секілді тоқтаусыз ағады және қай жерінде ағыс баяулап, қай жерінде жылдамдайтыны да белгісіз. Ал біздің басты мақсатымыз - өмір атты өзеннің ағысымен емес, керек кезінде өз талабымыз арқылы жоспарларымызға жету жолында ағысқа қарсы жүзе білу.
Адам баласы өтірік айту, алдау деген ұғымдарды білмесе ғой. Ол кезде әлем нұрлана түсетін секілді. Бір-біріне риясыз сенетін жандар, боямасыз қылықтар, шынайы сөздер, ақ қағаздай таза көңілдер. Ал аяушылық сезімі артып, қастандық, қиянат сөздері жойылса, өміріміз ертегіге айналар еді-ау.
Грек философы Пифагор айтыпты: «Өмір ойын сияқты, біреу күресу үшін келеді, біреу саудаласу үшін келеді, ал бақыттылары қарап тұру үшін келеді»,-деп. Ал біреулер өмірді ақ-қара тасты шахмат ойынына теңеп, жеңіліс пен жеңісті мысал қылып жатады. Енді мен сол шахмат тастарын мысалға алатын болсам, король мен фишка ойында екі түрлі дәрежеде болады, ал ойын біткен соң барлығы бір қорапқа түседі. Сол секілді өмірде байлар мен кедейлердің дәрежесі әр түрлі, бірақ дәм-тұзы таусылған кез келген адам қара жердің қойнауына түсері айтпаса да түсінікті. Сондықтан да кедейлікке өкінбей, байлыққа көпірмей, адамгершілігімізді сақтап қалуды өмірлік ұстаным ретінде есте сақтау қажет.
«Адам боп туу-анадан, адам боп қалу-өзіңнен», деп Қадір Мырза Әли атамыз айтқандай өмірге қалай келсек солай өлу біздің осы өмірдегі атқарар жұмысымыздың басты бөлігі іспетті.
Нұғман Бану
5
ағзаның әлсіреуі және түрлі ауру туына себепші болады . Меніңше , бір күн бойы смартфонсыз өмір жариялап көрсек Бұл адамдарға пайдасын тигізетіні анық . Біздің жанымызда жиырма төрт сағат бойына смартфонымыз жүретін еді . Осыдан адам тез шаршап , меңіреу күйге түседі . Сондықтан смартфонсыз бір күн болсын өмір сүріп көрейік . Алғашында үйренісе алмай отырасыз , алайда смартфонның жоқтығы , сізді далаға серуендеуге шақырады. Онда, сіз достарыңызбен кездесіп , олармен тығыз қарым – қатынас жасай аласыз. Жаныңызда ешқандай техника болмағаннан кейін, жұтқан әрбір оттегіңіз қанық күйде жұтылады . Сөзімді қорытындыласам , әрбір техниканы өз орнымен пайдалануға , шамадан тыс тәуелді болмауға тырысайық . Жасанды дүниеге қарағанда табиғи заңдылыққа етімізді үйретейік , достар !
Жақаева Ақтоты
40
кеңседе немесе басқа бір жерлерде қолың босаған кезде музыка тыңдағың , фильмдерді көргің келеді. Бұндай жағдайда кинотеатрға немесе арнайы жерлерге барудың қажеті жоқ, тек қолыңыздағы смартфонды қоссаңыз болды. Екіншіден ,ақпараттардың тез, әрі оңай алмасуын жүзеге асырады . Мысалы : алыс туысқандарыңмен , жақындарыңмен , достарыңмен , отбасыңмен қоңырау шалу арқылы барлық жағдайын біліп , хабарламаларды да жылдам жаза аламыз. Бұл смартфондардың адамдарға берер көптеген пайдасының бірі ғана. Білесіздер, қандай зат болсын, оның пайдасы мен зияны қатар жүреді. Ендігі жерде смартфондардың адамдарға тигізер зияны жайлы айтсам. Бүгінде, бұл смартфондар күнделікті қажетті мүлік емес, олардың өмірлерінің бір бөлшегіне айналып кетті десем қате емес шығар. Себебі, үлкен қаланың көшелеріне шыға қалсаңыз, планшет, смартфондарына үңілген адамдар тобы бірден көзге ұшырай кетеді. Олар күн өткен сайын табиғатқа сүйсінуден қалып бара жатыр. Осылай жалғаса берсе, қоршаған орта мен адамдар арасындағы байланыс үзіледі деп ойлаймын. Күнделікті пайдаланатын смартфондарды бір күн болсын пайдаланбаған кезіңіз болды ма?! Болды деген күннің өзінде сирек . Себебі, біз күнделікті жасайтын жұмыстарымызды смартфондар арқылы жоспарлап қоямыз. Тіпті адам оятар іске қосылмаса, ұйқыдан тұруы екі талай. Одан бөлек смартфондар арқылы әлеуметтік желілерге бір күн кірмесе , адам бойындағы күйзеліс пен алаңдаушылығын туғызады екен. Осының салдарынан
МЕН БАҚЫТТЫМЫН
Құстың ұшу үшін жаралғаны
сияқты адам да бақыт үшін жаралған.
(В.Г. Короленко)
Мен бақыттымын ба? Кез келген адам осы сұрақты өзіне қойып, әр болған жағдайдан сол сұраққа жауап іздейтіні белгілі. Кей кездері болмашы жеңілістерден өзімізді жолы болмайтын, бақытсыз адам сезініп жатамыз. Өмірде қуаныш пен қайғы қатар жүреді. Өмір тек бақыттан тұрмайды, бақытты сәттерден ғана тұрады. Әр қуанышты бақыт деп қабылдаудың өзі бізге үлкен үміт сыйлап, сенімділік берері анық. Бақытты болу үшін көп нәрсе қажет емес.
Иә, әркім бақытты әрқалай түсінеді. Көпшілік адам бақытты ақшамен,
байлықпен шатастырып жатады, алайда байлардың арасында да бақытсыздардың боларын байқай бермейді.
Ақшасы самсып, алтыны қаланып тұрған адамның денсаулығы болмаса оның бақытсыздық екені айтпаса да белгілі.
Билік басында отырып, атақ-абыройы асқақтаған адамның да бір перзентке зар болуы ғажап емес.
Ақылы мен сұлулығы жарасқан жанның да жауапсыз махаббаттың құрбанына айналуы мүмкін.
Адам баласына бақытты өмір сүру үшін мықты денсаулық, салихалы отбасы және «Қанағатшыл адамға бақыт үйірсек келеді»,-деп әлемнің бірінші ұстазы Аристотель айтқандай қанағат болса жеткілікті. Ата-анаңның жаныңда болуы да –ең үлкен бақыттың бірі. «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді»,- деп әйгілі суретші Леонордо Да Винчи айтқандай бақытты армандап қана қою жеткіліксіз. Үлкен мақсат қойып, оған тынбай қол жеткізудің өзі бақыттың белгілі бір бөлігін толықтырары анық. Еңбектенген адамның қолына бақыт құсы ертелі-кеш өзі келіп тұрақтайды. Жалқау жандар ғана: «Бәрі тағдардың жазуы!»,-дейді. Ал, сол тағдар жібін өз қолдарымен иіріп жатқандығын сезбейді де.
6
39
Бір ғана шаммен мыңдаған шамды жағуға болады, әрі оның ғұмыры ұзақ болады, бақыт та сол секілді, егер онымен бөліссең көбейе түседі.
«Адамға бақыт әкелетін, шаттыққа бөлейтін нәрсе-өзінің жақындарына керек екендігін сезіну» деген сөзді толықтай құптаймын. Өзгелерді қуанышқа бөлеу, адамдарға қол ұшын беру арқылы да бақытқа бөленеміз.
«Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұратындай көрінетін, қартайғанда оның өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз»,-деп Марк Твен айтқандай бақыт «Мен келіп тұрмын» демейді. Оның сәрсенбінің түнінде, бейсенбінің күнінде келуі шарт емес. Ол күтпеген сәтте, күтпеген жерден, күтпеген адаммен келеді.
Мен бақыттымын, себебі өмірге адам болып келдім.
Мен бақыттымын, себебі жақындарым жанымда.
Мен бақыттымын, себебі көзім көреді, құлағым естиді бір сөзбен айтқанда еш нәрсеге мұқтаж емеспін.
Мен бақыттымын, себебі таңертең бомбаның ащы даусынан емес, анамның тәтті үнінен оянып жүрмін.
Мен бақыттымын, себебі мен Тәуелсіз елдің ұланымын!
Нұғман Бану
7
түсірсе, бүкіл халықтың қызыға қарайтыны сөзсіз. Жастар да тарихымыздан хабардар болар еді. Қазақша киноларымыз да баршылық. Соларды да үзбей көрсетсе қандай жақсы.
Сөзімді қорыта айтқанда, бәріміз де киноөндірістің бізге кері әсерін тигізетінін білеміз. Сонда да соны үзбей көреміз. Есімізді жинайық, достар. Уақытымызды бос өткізгенше пайдалы нәрселер жасайық. Болашақ жастардың, яғни, біздің қолымызда. Бүкіл ел бізге сенім артып отыр, ал біз сол сенімдерін ақтайық,елімізге пайдамызды тигізе білейік. Өзіміздің санамызды өзіміз улауға жол бермейік.
Досыбай Айымкүл
Смартфондардың пайдасы мен зияны.
ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың заманы. Адамдардың шексіз ойлай алуының арқасында дүниеге келіп жатқан түрлі техникаға таңғалмай тұра алмаймыз. Бұл - сөзсіз. Осындай көп қолданысқа ие техниканың бірі – смартфон болып табылады.
Меніңше, смартфондардың адамдарға берер пайдасы мол . Әрине, ол смартфонды жете пайдалана алса ғана. Осыдан бір ғасыр бұрын адамдарға смартфондар мен планшеттер ертегі болып көрінетін, ол қазір әрбіріміздің қолымызда бар. Бұл смартфондар арқылы көптеген қажеттіліктерді өтей аламыз. Біріншіден, фильмдер көруге, музыка тыңдауға ыңғайлы болып келеді. Себебі,
38
Үшінішіден, жастардың санасын улайды. Жастарды ұрлыққа, өтірік айтуға итермелейді.
Төртіншіден, түрік, кәріс, үндінің сериалдары қазақтың менталитетіне мүлде сай емес. Әр сериал өзінің елінің мәдениетін көрсетеді. Ал өзгелердің мәдениеті мен қазақтың мәдениетінің үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығы бесенеден белгілі. Сол сериалдар біздің салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға кері әсерін тигізеді.
Байқасаңыз, кәрістің сериалы 20-30 бөлімді, түріктердікі 80-100 бөлім, үнділердің сериалы 1000 бөлімнен де асады. Ал бұлардың бәрінде баяндалатыны біроқиға: екі жастың махаббат жолындағы күресі,олар енді бақытты боп келе жатқанда бір кедергі туындайды. Енді біреуі өліп бара жатқанда, аяқ астынан көмектесетін жандар пайда болады. Соның екі жасты бақытты қылып бітіреді. Үнді сериалдарын алып қарасақ, мүлде шындыққа жанаспайды. Өлген адам тіріле қалады, қайдағы бір адам өзінің туған баласы болып шыға келеді, жақсы адам аяқ астынан жаман адамға айнала қалады. Мұның бәрі фантастика, мұның бәрі өтірік.
Сериалдар енді ғана есін жинап келе жатқан қазақтың жастары үшін өте зиян. Сол зиянды сериалдарды көрсете бергенше, пайдалы нәрселер көрсетсе ғой деп ойлаймын. Пайдалы нәрселер деп отырғаным-біздің тарихи киноларымыз. Қазіргі жастардың көпшілік бөлігі тарихымыздан бейхабар. Тарихи оқиғаларды қызықты етіп
8
37
АҚИҚАТҚА СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН ҚЫЗМЕТ ЕТ
Көпшілік адам ақиқат деп
санайтын дүние, ақиқатқа айналады.
Пауло Коэльо
Өмір көптеген адам өміріне маңызды құндылықтардан тұрады. Солардың бірі – ақиқат. Ал ақиқат сүйіспеншіліктен, шынайылықтан және де адалдықтан тұрады. Шындық-ақиқатты түсіндіруші.
Менің ойымша, шындыққа тура қарайтын адамдар санаулы ғана, себебі көзіңді өртеп, соқыр қылады.
Шығыс елдерінің даналары айтқандай, «Шындық айтушыда емес, тыңдаушыда», сондықтан тыңдайтын адамымызды біліп барып, айтатынымызды айтқанымыз жөн болар. Қазақтарда «Тыңдаушыңды таңдай біл» дейтіні осы болса керек.
Біз шындықты түн ұйқымызды төрт бөліп іздейміз, бірақ нағыз шындыққа жете алмаймыз, тек жақындап қана тынамыз. «Шындық, шындық» деп аңсаймыз, ал шын шындыққа кездессек налимыз, бұл неге олай? Меніңше, адам баласы қанша шындықты жақтап, соны қалағанымен, шындықтың ащы дәмін татқанда ғана, оны сезіне алады. Кейбір азаматтар өз пайдасы үшін не мәртебесі үшін досын да сатып кетеді, мұны талай рет өз көзім көріп, құлағым естіді. Оны-өтірік жала дейді. Өтірік-шындықтың өзгертіліп айтылуы. Меніңше, көпшілік адам шындыққа қарағанда өтірікті таңдайды. Себебі, өтірік – жеңіл, әрі оңай жол. Алайда бір өтірік айтып, оны жабамын деп екінші, одан үш, төрт осылай жалғасып кетіп, жалғыз өтірікпен дос болып, өтірікші болғаныңды да байқамай қаласың. Мен бұл арқылы өтірікшілер көп демеймін, алайда шындықты айтатындар, қалайтындар аз. Маған «Шындық пен достықтың қайсысы қымбат?» десе, мен шындықты бірінші орынға қоятын едім. Шындықты айтқаным үшін мейлі жек көріңдер, жақсы көріңдер, бірақ өтірік мақтамаңдар, бәрі-бір тон кигізе қоймаспын.
Осы орайда «Екі қасқыр» атты аңыз есіме түсіп отыр. Сол жайлы айтайын. Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді, ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айтқан көрінеді:
-Әр адамның көкірегінде екі қасқыр өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік қасиеттері бейнеленсе, екіншісі-сенім,шындық, мейірім, адалдық қасиеттері бейнеленеді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады...
Сонда немересі атасының сөзін бөліп: - Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді? – дейді. Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдауына сүйсіне отырып жауап береді.
-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.
Бұл аңыздан не нәрсе ұғына аламыз? Не түйеміз? Бұл сұраққа әр адам өзінше пікір қалдырғаны дұрыс. Меніңше, осы екі қасқыр арқылы адам бойындағы жақсы да жаман қасиеттерді айшықтап, дұрыс жолын таңдай біл деген сияқты.
Сөзімді қорытындыласам, өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.Сондықтан тек ақиқатты сүйіп, ақиқатты іздеп, ақиқатқа қызмет етейік, достар!
Жақаева Ақтоты
9
жетіп, жалақым көп болса осы арманымды міндетті түрде орындаймын. Әлемдегі ең керемет жер Меккеге баруды Алла бәрімізге кәсіп етсін.
Төлеген Сұлтан
Киноөндіріс қазақ жастарына әсерін тигізеді ме?
Киноөндіріс дегеніміз не? Киноөндіріс – біздің күнделікті көріп жүрген сериалдарымыз, мультфильмдеріміз. Ал сол киноөндіріс жастарға әсерін тигізе ме? Бұл сұрақтың жауабы барлығымызға белгілі:әрине тигізеді. Қазіргі уақытта теледидарды қосып қалсақ болды, әр арнада бір түріктің немесе кәрістің ия болмаса үндінің сериалы көрсетіліп жатады. Сол сериалдардың зиянына тоқталып өтсек:
Біріншіден, сериал сіздің уақытыңызды құртады. Сериал кем дегенде бір сағат болады. Ал сіз басқа жұмыстарыңызды ысырып қойып, диванға жайғасып алып қатарынан екі-үш сериалды көріп тастайсыз. Бір күніңізді, кем дегенде, 2-3сағатын босқа өткізесіз.
Екіншіден, өз өміріңізде болып жатқан қиындықтарды ұмытып,қайдағы бір сериал кейіпкерінің өмірі үшін алаңдайсыз. Сізді уайымға батырады, психологияңызға кері әсерін тигізеді.
36
Егер де мен.....
«Егер де мен....» деп болашақты,келер шақты арман етіп айтамыз. Көкейімізде жүрген көптеген шіркін-ай деген дүниелерді айтуымызға болады. Осылай қолымызға қалам мен дәптер алып қазір қолымыздан келмейтін, яғни уақыттың еншісінде қалған дүниелерді оймен түзетуге, өзгертуге не жетсін?»!
Егер де мен қайтадан өткен шаққа орала алсам, үш-төрт жыл кейін шегерте алсам ешқашан күреске қатыспас едім. Ауылда басқа үйірме жоқ болып тұрса да күреске бармас едім. Күрес үйірмесі ашылды дегенді естіп бәріміз қуанып барып едік, бұл мен үшін үлкен қателік болғандай. Себебі қазіргі денсаулығымдағы жағдай, бас ауруы осы күрестің себебі болған деп ойлаймын. Және өткен шақтағы тағы бір жағымсыз жағдай, бір қателік, қызық үшін әлі күнге дейін өкініп, бармақ тістеп жүргеніміз рас. Егер де мен артқа үшт жыл кейін шегере алсам, жаңа-жылдың демалысына бір апта ерте шығып кетер едім. Осы кездегі жағдай ең жағымсыз, әрі шырайсыз, үлкен қателігім болғандай. Егер де мен осы өткен шаққа қайта орала алсам осы екі қателігімді жасамас едім.
Егер де мен оқуымды бітіріп, жақсы жұмысқа орналасып, жалақым жақсы болса ата-анамды міндетті түрде Меккеге апарар едім. Бұл сапарға аттану үшін ешқандай қарыз алып бармау қажет, осы сапарға бару үшін қарызға барудың керегі жоқ. Егер де мен осылай ақшам
35
ҰСТАЗ – ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ
Ұстаз. Осы есімді естігенде кімнің ойына болмасын қазіргі оқушылар осы ұлы есімді ұлағаттап жүр ме деген сауал туындайды.
Әрине, мойындау керек, өз дәрежесінде ұлағаттамаймыз. Дәреже демекші, ұстазды сыйлап, ұлағаттап жүруімізге, мұғалімнің оқушы алдындағы дәрежесі мен сабақ өту тәсілінің төмендігі үлкен рөл атқарады. Бірде әл - Фарабидің шаңырағына он кісі қонақ болып келіпті. Үйде төр біреу, қайсысымыз төрге отырамыз десе,
әл- Фараби:
-Іштеріңізде кім ұстаз, сол төрге шықсын,- деген екен. Сол заманда ұстаздардың мықтылығы ма, жоқ шәкірттердің кішіпейілдігі ме, оны ұғына алмадым. Тіпті, беріге дейін, ағаларым:«Ойнап жүрсек, апай немесе ағай келе жатыр десе қорқып тығыла бастайтынбыз»,-дейді. Қазір мұғалімнен қорықпақ түгілі мән берудің өзі қиынырақ. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Тек бір мұғалімнің қателігінен ұстаз қауымына топырақ шашатынын ұстаздар түсінсе.
Менің ойымша, ұстаз қаншалықты білімі жоғары болса да, оқушы алдындағы дәрежесі төмен болса, ол білімін оқушыларға үйретіп, нәтиже шығаруы өте қиын. Қазіргі жеткіншектердің 90 %-ы Месси мен Роналдо болғысы келеді, ал мына мұғалімге ұқсағым келеді дейтіндер өте-өте аз. Себебі, Роналдо Мессидің тек жасыл алаңнан өз ісінің шебері адамдарын, яғни, жақсы жағынан көреді. Бірақ олардың қандай әке, қандай аға немесе іні екенін біліп жатқан жоқ. Мұғалімдер де солай етсе, мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өз мамандығына кіріссе онда бәрі өзгеше болар еді.Мұғалімнің мектепте эмоция мен мінезін көрсетуі – ол оқушы алдындағы дәрежесін төмендету. Менің әкем де, анам да мұғалім. Екеуі де мектепте басқа, үйде басқа жандар мен үшін. Маған өз анам бастауыш сыныпта сабақ беріп, сауатымды ашты. Мектепте - қатал, талапшыл ұстаз, ал үйде - мейірімді, қамқор ана. Мен есейгенше, менің анам екі жүзді ме, қалай өзі деген ой келетін. Бірақ ол маманның мектеп қабырғасындағы әдіс-тәсілі екенін кеш түсіндім.
10
Ғалым да, ұшқыш та, металлург та қай маман иесі болмасын біліп тумайды. Олардың жақсы маман болуында ұстаздың рөлі үлкен. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді ғой. Жақсы ұстазды серік етіп, ұстанымымызды биікке қояйық.
Оспанов Ұлан
11
Екіншіден, әлеуметтік желі арқылы өз бизнесін жүргізіп отырғандар бар. Өйткені бұл ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы. Әртүрлі компаниялар өздеріне жұмысшы іздеуде,желінің көмегіне жүгінеді.
Енді әлеуметтік желінің зиянды жақтарына тоқталып өтсем. Осы ақылды көк жәшіктің балалар денсаулығына зияны туралы дәрігерлер не дейді? Дәрігерлер : «Баланың ұзақ уақыт қозғалмай отыруы, ой-өрісінің дамуын шектеп, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады»-дейді. Әлеуметтік желілерде қарым- қатынас жасау арқылы әлеуметтік желіге деген тәуелділік пайда болады және сауаттылық деңгейі де төмендейді. Хабарлама жазу арқылы тіл қысқартылып, грамматикалық қателер жіберіледі, оларға адамдар үйреніп кетеді де, соның салдарынан сөйлесуде өмір бойы қателіктер жіберіп отырады. Желілерде қарым-қатынас жасайтын адамдар шынайы өмірдегі достарынан алшақтайды, шынайы өмірде айтайын деген ойын ашық айта алмай, қысылады.
Ойымды қорытындылай келе, әлеуметтік желілердің пайдасынан зияны көп-ақ. Әрине, әлеуметтік желілерді мүлдем қолданбау керек деп айтпаймын, тек уақытылы, өз орнымен қолданса деймін. Әлеуметтік желі ХХI ғасырдың тапқан жемісі болғандықтан, оны қолданған дұрыс. Сонда ғана адам баласының шынайы өмірмен қарым-қатынасы үзілмейді, адам баласы ғаламторға тәуелді болмайды. Темірбекова Балауса
34
жұмыс істеп, отбасына сәлде болса көмектескені дұрыс емес пе?
Қорытындыласам, қоғамдағы өзгерістердің зиянынан пайдасы басымырақ деп есептеймін. Әйел адам ер адамнан бір саты төмен тұратыны рас, оны жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, бір саты төмен тұрады деп, жұмыс істеуге шектеу қоюға болмайды. Әйел адам- аяулы ана, асыл жар, отбасы ұйытқысы, кәсіпкер, жұмысшы, ол теңдесі жоқ адамдардың бірі де бірегейі. Қазақта: «Ер адамды-бас десе, әйел адамды-мойын ,-дейді. Мойынсыз бастың бұрылмайтынын ұмытпайық, достар!
Оразбек Әсел
Ғаламтор мен әлеуметтік желілер жастарға не береді?
Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған күш бар. Ол – ғаламтор. Соның ішінде: facebook, instagram ,whatsapp, bk т.б.сияқты әлеуметтік желілерде бүгінде мектептегі балалардан бастап, егде жастағы адамдарға дейін пайдаланып, тұрақты тұтынушыларына айналған.
Әлеуметтік желінің пайдалы да, зиянды жақтары бар. Әлеуметтік желінің пайдалы жақтарына тоқталып өтсем.
Біріншіден, бұл арқылы адамдар таныстарын, достарын, әріптестерін тауып,олармен байланыста бола алады.
33
ӨЗІҢДІ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕН
Өзіңді басқаруды өзіңнен үйрен. Менің ойымша, осы сөздің өзінен-ақ тәрбиенің бастауы өзіңнен екенін білдіретін үлкен мағына жатыр. Әрине, бұл өмірде әркім жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ең бірінші өзіңді-өзің басқара білу қажет. Біреуге еліктеп, сол сияқты киініп, шаш үлгісін қоятын жандар да кездеседі. Менің ойымша, олар жеке тұлға емес, ол өзін дұрыс басқара алмау және біреуге еліктеу.
-Мен келе жатқан жастардан қорқамын!- деп Сократ айтпақшы, қазіргі кезде біз, жастар, еліктейтін нәрсе көп. Біз сонымен қорқыныштымыз. «Жастар анандай, жастар мынандай» дейді. Оның себебі: біз көріп жүрген фильмдердің де, әлеуметтік желілердің де әсері. «Баланы құлша тәрбиелесең құл, ұлша тәрбиелесең ұл болады» -деп Ахмет Байтұрсынов айтпақшы, біз көріп жүрген фильмдердің режисеры да, әлеуметтік желінің бологері де үлкен егде адам екенін ұмытпайық. Ал осыдан кейін жастарды қалай жамандауға болады.
Өзіңді басқару ол өз сөзіңе және істеген ісіңе жауап беру. Кейде шатасып өтірік сөйлеп, сөзден жаңылуымыз мүмкін. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Тіпті ұлы сөздің патшасы Абайдың өзі де сөзден жаңылған. Бірде болған оқиға. Құнанбай Абайға адам жіберіпті:
-Маған соятын семіз, жілік майы толған мал берсін, - дейді. Оны естіген Абай, жіберген адамын қайтарып жіберіп:
-Оның өз малы бар емес пе, әр кім өз тапқанын сойсын,- дейді. Құнанбай жиналыс жасап Абайды ортаға алып шығып:
-О, халайық, мен Абайға мал бер десем: «Ол маған әркім өз тапқанын сойсын»,-дейді. Менің тапқаным Абай, мен Абайды соямын,- деп Абайдың ашу-ызамен айтқан жауапсыз сөзін бетіне басады. Біз қазіргі таңда ата-ананың бақылауымен жүреміз. Ата-анаң сені жаман болсын демейді, әрине. Бірақ олар сенің жаныңда өмір ойы жүрмейді. Сенің пікірің басқа, ата-анаңның пікірі басқа болады. Кейбіреулер, тіпті, басқа да адамдардан ақыл сұрайды. «Өз ақылың ақыл-ақ, өзге ақылы шоқымақ»,-деп ата-бабамыз бекер айтпаған.
12
Қорыта айтсам, бізге берілген өмірді соқпағы мен тарамы көп жол деп алсақ, ал біз сол жолдан адаспай шығу үшін «өзіңе сен өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап»,-деп Абай атамыз айтпақшы өзімізге сенуіміз керек. Өзіңді басқаруды өзіңнен үйрен. Өзімізді өзгеге басқартып, өз жолымыздан өзіміз шығып кетіп жүрмейік.
Оспанов Ұлан
13
32
ісінен басқа түрлі кәсіпорындарда, зауыт, фабрикаларда, кеңселерде, мектептерде, мекемелерде әр түрлі орындарда жұмыс істейтін әйелдер қазір көптеп кездеседі. Олар ер адамдармен қатарласып ақша табады, отбасы шығынын жабуға көмектеседі. Қазіргі қоғамда екі түрлі пікір бар:бірі-әйел адамның жұмыс істегені дұрыс десе, енді бірі-әйел адам үй шаруасында отыруы керек, отбасын асырау ер адамның ісі дейді. Біздің қоғамымызда білімге көп көңіл бөлінуде, ер балалар мен қатар қыз балаларда тең дәрежеде білім алып жатыр. Егер біз әйел адам үй шаруасында отыруы керек дейтін болсақ неге қыз балаға білім береміз,егер отбасын ер азамат асырайтын болса. Осындай білім беріп жатқан кезде, оны оқыған соң, іске жарату керек қой. Меніңше, әйел адамның қол қусырап үйде отырғанынша, жұмыс істегені өзіне пайдалы. Әйелдердің жұмыс істегеніне барлығы үйреніп қалған секілді. Өйткені, кейбір елдердің президенттері қыз балалар, парламент мүшелері қыз балалар. Мысалы: бұрынғы кезде, сақ дәуірінде ел билеу ісін Томирис ханшаға сеніп отырған. Қарақытай елінде қыз балаларға да мұрагерлік жолмен билік беріліп отырған. Міне, бұрынғы кезде де қызбалаларға сенім артып отырғанын көруге болады. Үйде отырып,жұмыс істемейтін әйелдер, көбі емес,бірақ, көп кездесетін қолайсыз әдеттер шығара бастайды. Мысалы:кей жерлерде әйелдер үйге жиналып алып,жоқтан өзгені сылтау етеді, арақ шарап ішеді, өсек айтады. Жұмыс істемейтін әйелдер зерігеді, ермек қажет етеді. Бұнысы орынды да делік. Бірақ, алтын уақытын зиянды, берекесіз нәрсеге босқа ысырап еткенше
өзінен төмен көру, аузына келгенін айта беретін, ойланбай сөздер айтып дәрежесін түсіретін сасық ауыздық қасиет. Сөзімді қорытындыласам, мұсылманның бес парызын орындауға асығайық, барлығымызға Алла жәннәтті нәсіп етсін. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болайықшы.
Қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рөліндегі өзгерістерге не себеп болды?
Әр үйдің ер адам – басшысы,қамқоршысы, қорғаушысы, асыраушысы. Ал әйел адам сол үйдің ұйытқысы, тыныштық сақтаушысы болып табылады. Бұл ер мен әйелдің отбасындағы рөлі. Қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рөліндегі өзгерістерге не себеп болды?
Менің ойымша, бұл өзгерістерге себептің бірі-заман талабы. Олай деуімнің себебі, қазіргі кезде ерлер мен әйелдер бір деңгейге көтерілді. Оған мысал: әйел адамдардың билік басына келуі т.б.ұсақ түйектер. Адамдарға осы өзгерістердің пайдасы немесе зияны барма? Меніңше,зияны да жоқ емес, бірақ пайдасы молырақ. Өйткені, әйел адам әлеуметтік мәселелерді тез шешіп, жолға қоюға шебер болуы, олардың билік басына келуіне себеп болды. Қазіргі кезде ел билеу ісін қолына алған әйел адамдар көп. Олар мемлекеттік іспен қатар,үй-шаруасын, бала-шаға тәрбиесін бәрін алып жүр. Және де ел билеу
31
ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС
Жалпы қазақ деген сөзге тоқтаған халықпыз.Біз сонымен дараланамыз. Сөзге төркін беріп, жақсы дәйекті сөз естісек түртіп алып, ойда сақтап алатынымыз бар. Біздің ата-бабамыз «Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без»деген Кішіге сөз бастатпаған. Қазыбек биге келсек ондай адамдар ілуде біреу. Ал қазір болашағымыз жастар деп оларға көптеп мойын бұруда. Ал кітапты аз оқып, әлеуметтік желімен шектелген жастарға жақсы сөйлеп сөз бастауды қайдан, қалай үйретеміз.
Жас жеткіншек ақ парақ секілді, ақ параққа құнды сөз түсірсең асыл тас секілді, ал пайдасы аз сөз түсірсең жай ғана қоқыс болып қала береді. «Бір күндік ұрыс, қырық күндік ырысты алады»,- дейді. Ал ұрыс болса, он пәленің тоғызы тілден демекші, дұрыс сөйлемеуден пайда болады. Менің ойымша, қазіргі кезде жақсы сөз есту қиынырақ болып бара жатқан секілді. Адамдардың аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатады, әрине, барлығы емес. Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер. Ал бата беретін аузы дуалы қария кемі кем. Қариялар тәспі айналдырып, намаз оқудың орнына, карта ойнап, тойда қутыңдап жүргені. Қазір бесік жырын айтатын әжелер де аз. Бұл өкінішті. «Жемі жақсы болса мал семірер, сөзі жақсы болса жан семірер»,-дегендей бір ғана жақсы сөзбен тұңғиыққа кеткен адамды шығарып алып, жаман сөзбен тұңғиыққа батырып жіберуге болады.
Қорыта айтсам, біз қалай сөйлесек те мейлі, бізге бәрі бір. Бірақ айналамыздағы адамдардың бізге деген ой пікірін тек бір ауыз сөзбен өзгертіп жіберуіміз әбден мүмкін. Аузымыздан шыққан әр сөзге жауабымызды беріп, егер жауап бере алмасақ, аузымызға қара құлыпты ілгеніміз жөн болар. Жақсы сөз-жарым ырыс. Тек жақсы сөйлеп, жарты болса да ырысымызды қашырып алмайық.
14
Оспанов Ұлан
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘҢІРІҢ БЕРГЕН ТӘТТІ СЫЙ
Сәулелі ғұмыр түсіре берсін сәулесін...
Көршілеріміз түріп қоймасын пердесін,
Ертеңгі елдің алтын қолды жастарда,
Қапы қап жүрме еліміз бізге сенгесін.
Ұранымыз алаш, керегеміз ағаш, жүрегіміз қазақ деп соққан біз – жастармыз. Тәуелсіздік мәңгі болуы біздің,жастардың қолында.Тәуелсіздік. Бостанық. Зайырлық. Осы сөздерді есту үшін біздің ата – бабаларымыз не көрмеді? Қазақ хандық болғалы жоңғарды, репресия, көтеріліс, революция, жоқшылық барлығын бастан кешірді. Тәуелсіздік үшін күрес, ол түлкімен қоян аулаған секілді. Қыстың аязына қарамай қоян мен түлкінің жасағын қулығына төзіп алданбасаң қолға түсіресің. Тәуелсіздік те солай келген орыстар жасаған қулыққа, сұмдыққа төзіп, алданбай келген қазақ тәуелсіз.
Еліміздің осы дәрежеге жетуі, әуелі Алла, екінші халық, үшінші Елбасының арқасы, сарабдал саясаты. Дүниенің кемеңгерлері Елбасымызды «Дүние жүзі саясатының алға бастар капитаны» - деген атты бекер қоймаған. Елбасымыз ең бірінші бейбітшілікті қолдады. Ешкім бара алмаған қадамға барды. Ол – ядролық қарудан бас тарту. Осы қадамнан соң әлем елдері бізге сенім арта бастады. Тіпті, Англия ақша шығару зауыты, екі жылға келісімге отырып, біз төл теңгемізді шығарып, экономикамызды мықтай түстік.
15
ой – өрісіңде кемшілік жоқпа , яғни жынды емессің ба , отырып тұра аласың ба? Олай болса неге намаз оқымай жүрсің? Қарнымыз тоқ, күніне, айына неше мың ақша жаратамыз. Зекет, беруге келгенде ақшамыз болмай қалады. Жыл сайын шет елдерге демалып келетін адамдар қаншама? Испания, Анталия, Гавай аралдары қанша керемет болса да Меккеге жетпейді. Қанша ақша құртып жаңа жыл жасап шыршаны айналғанша Қағбаны айналайық, қалада флешмоп билеп мәз болғанша, жұртшылықпен Меккеде намаз оқиық .Ораза тұт, құрмет ет. Бір сәтке арып – ашқан адамдардың жағдайын түсінуге тырыс, Оразаны міндет қылып тұтқанша аузыңнан ас кетпесін деген. «Оразамын» деп үйінен шықпай, жұмыс істемей салқын жерде жату - бұл «Ораза тұтылды, маған сауап жазылды» деген сөз емес. Қазіргі біздің мешіттің имамы – ораза тұтып жүріп, шақырайған күннің астында күніне мың кесек құйған. Міндет қылып ораза тұтқан адам, мына адамның жанында теңіздің бір тамшысындай дейді . Осы асыл қасиеттерді көріп, біліп отырып қалай істеуге асықпаймыз. Бес нәрсеге асық бол деген осы емес пе?
Бес нәрседен қашық бол деп мына адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді айтқым келеді. Көре алмаушылық, өзінен басқаны өзінен жоғары көрмейтін менмендік қасиет, кісілік – өзінен бақа ешкім жоқтай, менсінбеушілік – киіміне, түріне қарап
30
де тым кеш болады. «Қыз өссе елдің көркі,» - демейді ме? Апатайым, қазақтың көркі болыңызшы, қытайдың күңі емес. Қазақтың намысы – қазақтың қызы. Қазақтың қызы қазақтың жігітіне лайықсың!
Бегманова Баян
Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол! Абай атамыз дүниенің ағын да, қарасын да қағаз бетіне тамаша түсіре білген жан болған ғой. Бізге бес нәрсеге асық болуымызды, бес нәрседен қашық болуымызды айтып кеткен. Бес нәрсеге асық бол деп талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сияқты асыл қасиеттерді айтқан . Ал бес нәрседен қашық бол деп өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ тәрізді жағымсыз қасиеттерді теріп айтқан. Ал мен болсам бес нәрсеге асық бол деп басқа дүниелерді, қашық бол деп басқа қасиеттерді айтар едім.
Бес нәрсеге асық бол деп намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару, ораза тұту, Алланың бар екеніне иман етуді айтар едім. Мұсылманның осы бес парызын орындауға асығайық. Осы бес парызды орындауға асыққаннан артық қандай асығыстық болсын. Денің сау ма, кішкентай бала емессің ба,
29
Тәуке ханның жеті жарғысынан соң тәуелсіздік кониституциясы Ата заңымыз қабылданды. Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолынан кейін, Назарбаев өзінің «Нұрлы жолын» жалғады. Шекспир айтпақшы «Ұлы дүние жасаймын десең, ескіні көзге көрінетіндей етіп жаңала» деген екен. Елбасымыз Ақмоланы Астана етіп ұлы дүние жасады. Бұл іс әр адамның қолынан келмейді. Қазақ елінің ең басты стратегиялық нысаны, ол – Мәңгілік ел. Мәңгілік ел болу үшін бізге мерейлі отбасы керек. Елбасымыз жас отбасыларға арнаған бағдарламалары да бар, яғни, әр отбасының мерейлі болуына жағдай жасап отыр. Тәуелсіздіктің тамашасын айтса күн өтер. Сөзім жетпес.
Қорыта айтсам, тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл. Адам ағзасы 25 жылда толық дамып бітеді. Еліміз дамуын тоқтатпасын. Мәңгілік болғай. Тәуелсізді түсінбей жатсаң, туылған күнге берілген айфон деп ойла. Сонда сәл болса да қадірлі болады. Тәуелсіздік Тәңірің берген тәтті сый. Тәуелсіздіктің тәтті дәмі аузымыздан кетпесін.
Оспанов Ұлан
БАЛАНЫҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ҮШІН ЖАРАЛҒАН
Өмірге келген әр бір балапан бақытты болуға құқылы. Олар өмірге бақытсыз боламын не болмаса ата-анамды өзім таңдаймын деп келмейді. Алла Тағала оларға жер бетінде бір періште жіберген ол-ардақты аналары. Жетім! Ол кім? Қандай қасіретті, азапты сұрақ еді. Жетім қалай, қайдан пайда болады? Қазақтың қара домалақ жігіттері шыр көбелек айналып түнгі клубқа барады. Ондағы қаракөз әпкелеріміз аз күндік нәпсінің жетегіне ереді. Қаншама опасыз «әке», көбелек «ананың» кесірінен, жарық дүниеге жетілмеген, өлі қалпында келетін кіп-кішкентай бейкүнә шараналар келеді. Олардың қандай күнәсі бар.
16
Әлемде әкесіз, анасыз келген қаншама сәбилер жетімдер үйінің терезесінен жолға қарап, телміріп: «Мына көлік менің әкем мен шешем емес пе екен?»- деп отырады. Олар бесік жырын да тыңдай алмай еміреніп иіскей қояр омырау да таппай қаншама сәбилер көз жұмды. Қаншама бізбен жасты жасөспірімдер бізге телміріп қарап қызғанып тұрады. «Жетім көрсең, жебей жүр»,- дейді халық даналығы. Осыған қарап ойланып отырмын. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз жетімін, жесірін жылатпаған. Бұрынғы кездері әмеңгерлік жолмен жетімдерді жылатпай бір-біріне қосып отырған. Қазіргі кезде ше? Олай емес, осы салтымыздың құлдырап, келмеске кеткеніне налып та жататын кездеріміз болады. Ал енді бұларды өзіммен салыстырып айта кетсем, Мен кейде алыс сапарларға кеткенде ата-анамды сағынсам қол телефонға жүгінем де, хабарласып хал-жағдайларын біле аламын. Бірақ әлемде қаншама жетім балалар қолына телефон берсең де кімге хабарласып, кіммен сөйлесуді білмей абдырап қалады. Кейде тамақ ішіп отырып, қалдық тамақты ас үйге қалдырып кете барамын. Ал онан соң қоқыс жәшігіне тастаймын. Әлемде қаншама аштықтан бұралған сәбилер жеуге тұрарлық нәрсе таппай қаңғып жүріп, өздері жемтікке айналып кетеді. Әлемде бақытсыз балалар болмас үшін аға – әпкелерімізді тәрбиелеуге, оларға сана беруін, ойлануына жағдай жасау керек.
Мен бір суретті көрген едім әлеуметтік желіде. Оны Ирандағы бір жетімдер бақшасынан түсірген екен. Өзі
17
28
теңсіздігін, қалыңмал алуды, көп әйел алушылықты, әмеңгерлікке тыйым салып, қыздардың мүддесін қолдаған А.Оразбаева, Н.Арықбаев, Шолпан Иманбаева сынды әпкелеріміз қазақ қыздарын күндестіктен босатуға өз үлесін қосты. ІІ дүниежүзілік соғыста жараланғандар көп болып, соларға көмек беруге, майданға өз еркімен еніп кетіп, мойнына қару ұстап басына шлем кигенде қазақ қызы. Майдандағы жауынгерлер ашықпасын деп, қыста тоңбасын деп күні – түні жұмыс істеп, бала-шағасының аузынан жырып, өз қажеттілігін майданға жібергенде қазақ қызы. 16 желтоқсанда,жігіттермен бірдей Кеңес үкіметіне қарсы шыққанда қазақ қызы.Құдай сақтасын, дегенмен,алда-жалда қауіп бола қалса,ағам еді, көкем еді деп күйіп, пісетін де қазақ қызы. Сол себепті өз қарындасыңа, болашақ жарыңа, аяулы анаңа қолыңды шошайтпа, қазақтың баласы! Сүймеген сені азамат, азамат па? Көңілің тәрізді аппақ таза мақта. Бәрін айт, бірін айтта лайықсың , Қазақтың қызы деген ғажап атқа. Қазақтың қызы деген ғажап атқа лайық болу шыныменде керек қой. Дегенмен, қазіргі қазақ қыздары « Қазақтың қызы» емес «Қытайдың келіні» деген атты ғажап көретін секілді. Иә, әпке не таптың сол қытайдан. Өз жерлеріне өздері сия алмай тұрғанда сізді қайтсын олар? Болашақта ботадай көзіңіз боздап келгенде, әлбетте, көз жасыңызды сүртуге дайынбыз. Алла сақтасын бұндай жайттан. Дегенмен осылай болып жатса бәрі
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.
Сонау XVIII ғасырда өз елінің намысын жат қолына бермеу үшін, жоңғарларға қарсы аттанған Қабанбайдың қызы – Назым, Абылай ханның еркесі – Гауһар, Айтолқын, найманның қызы – Жанқай. Бұлар Ақтабан шұбырынды кезінде елді ерлікке, бірлікке шақырып, көптеген шайқастарда ерлерден кем түспей қолдарына найза алып, қаншама түндерін ат үстінде ұйқысыз өткізді. Және ХІХ ғасырда Ресей империясына 500 сарбазбен қарсы шыққан Кенесарының қарындасы – Бопай, ел арасында беделі жоғары болған Айғаным ханша мен Ұлпан. Өзінің әділ де шешендігімен көпті қайран қалдырған Бұланбай батырдың жары Айбике, Шоқанның әжесі Зере мен анасы Айғаным. Міне, осындай қазақтың ер мінезді, өз мінезді апаларына қалай бас имейсің?!
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырың қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Әлбетте, мен де ерліктің қос қанатына, шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүкті жатқызар едім.
Негізі елдің басына түскен ауыртпалық халықты да дір еткізбей қоймайды. Ал халықтың ішінде аналарымыз, қыздарымыз бар. Біз негізі көбіне қыздарға аса зейін қоя бермейміз. Еліміздің басына түскен көптеген қасіреттің күніне, сол сәтте жарық нұрын сыйлаған жандарды ерлерімізге теңейміз. Неге тек жігіттер? Алыстан арбаламайын, 1920 жылдардағы қазаққыздарының
анасының суретін салып аяқ-киімдерін шешіп, сол суреттің үстінде алаңсыз ұйқыға кеткен екен. Ол бейкүнә сәби мына жарық жалғанның қасіретін сезінбей, ата-анасының құрсағына қайта еніп кеткісі келген болар.
Ал, енді сөзімді қорытындылай келе,әрбір дүниеге келген бүлдіршіндер бақытты болуға, ана мейірімін сезінуге, уақытылы ұйықтап, тамақ жеуге, ойнап күлуге лайықты. Біз бақытты сәттерімізде де, сәбилерімізді аямай білмеген кездерімізде желөкпе нәпсінің етегіне ергенде, қолда барға қанағатсыздық танытқанымызда да осы сәбилерге қарап ойлануымыз керек. Сәбилерді жылатпайықшы ,адамзаттар!
Мырзабай Гүлмерей
АРДАҚТЫ --ӘКЕМ, АСЫЛ-- АНАМ
Ата-ана – адам баласының бұл өмірдегі басты арқа сүйері, қамқоршысы.
Ата-ана – баласы үшін бүкі өмірін сарп ететін аяулы жандар. Ата-ана – баласының өмірін өзінің өмірінен артық көретін жандар. Иә, расында да, қарап тұрсақ, мына бес күн жалғанда баласы үшін әлемдегі бүкіл қиындықтарды көтере білетін тек әкелер мен аналар ғана. Ана – бізді тоғыз ай құрсағында, екі жыл қолында, өмір бойы жүрегінде көтеретін, біз ауырсақ ауырып, түн ұйқысын төрт бөлетін ерекше күш иесі. Әке – бала-шағам ешкімнен кем бомасын деп, күндіз-түні тынбай еңбектенетін, қиналса да ешкімге білдірмейтін ардақты адам. Осы екі кісіні қанша мақтасаң да жеткіліксіз. Әр мақтауға ата-ана ерекше лайықты. Әр бір пенде ата-анасының алдында қарыздар. Оларды Меккеге мың рет арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың.
18
27
Қазіргі кезде жастардың көпшілік бөлігі «әкең», «шешең», деп аузына келген боқауыз сөздерін сапырып жатады. Білмеймін, осындай аяулы адамдарды қалай жаман сөзге қияды екен. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ ондай адамдар арамызда да кездеседі. Осы жерде отырған барлығымыз да өзіміздің ата-анамызды жақсы көреміз. Ал сол жақсы көретін адамдарыңызды біреу боқтап бұралап жатса қандай жаман әсер ететіні белгілі ғой. Сол адамдарды буындырып тастағыңыз келеді иә, әрине, егер ұятыңыз болса. Біреу сізге айтса жынданасыз. Ал сіз ше? Сіз қаншама адамға осындай жаман сөздер айттыңыз, қанша адамды ренжіттіңіз? Ойландыңыз ба? Сізде бар ата-ана өзгеде де бар. Ешкімнің ата-анасы көшеде жатқан зат емес. Сондықтан да біреудің ата-анасын тілдемес бұрын ойланыңыз. Сіз өзгелердің ата-анасын сыйласаңыз, өзгелер де сіздің ата-анаңызды сыйлайтынын ұмытпаңыз.
Және қазіргі кездегі қоғамның жауыз істерінің бірі – ата-аналарын қарттар үйіне тастап кету. Әке мен ана баласы үшін қаншама қиындық көреді, қаншама кедергілерден өтеді. Сондағы балалардың оларға қайтаратын жақсылығы осы ма? Олар не үшін өзінің туған ата-анасын қарттар үйіне өткізеді. Менің ойымша, ер адамдар әйелінің сөзіне еріп, ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайды. Қазіргі келіндердің қарт кісілерді жақсы көрмейтіні білгілі ғой. Әйеліңіз немесе күйеуіңіз сізді құлай сүюі мүмкін, бірақ олардың махаббаты ата-анаңыздың сізге деген махаббатынан ешқашан да биік бола алмайды. Елестетіп көріңізші, Құдай сақтасын, бірақ сіз аяқ астынан көз жұмдыңыз. Сізді жақсы көретін жан да, ата-анаңыз да қатты жылайды, қайғырады. Сүйген жаныңыз ішкілікке салынып кетер, қиналар, бірақ ол екі-үш жылдан кейін есін жинайды, басқа біреуге ғашық болады. Сол себепті де, достар,
19
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Өзінде бәрі ғажаптың,
Көзінде көркем әлемі
Ақиқат жалғыз: Қазақтың Қызының бәрі әдемі!
Рахат Әбдірахманов
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Мен де қазақтың қыздарына қайран қалам. Әсіресе олардың қарапайымдылығын айтсаңшы, шіркін! Ата сөзінен аттап кетпей, ел ағаларының сөзін жерге қалдырмай, екі етпей орындамап па еді, сонау – ХХІ ғасырға дейін. Дегенмен мына тіләзарлық көптеген әпке-апаларымыздың маңдайына сор болып жабыспады ма?
Мал-жанның жоқтығынан ба, әлде ашкөздіктің жеңгені ме білмеймін. Қазақ «қазақ» болып іргесін қалағаннан бастап, қыздарын мал мен ақшаға, атақ пен даңқа сексендегі қу сүйек, иманын үйіріп отырған шалға сатпады ма? Осылардың құрбаны болған сексен қыздың ішіндегі Балқадиша, Бақытсыз Жамал емес пе, өзгелер үшін өздерін отқа салған.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған із бар өткен күннен,
26
айтарым бар. Тек махаббат оларды ауру қылған. Арабтарда айтады ғой: «Жек көрініш сезімін жасырыңыз, махаббатыңызды жасырмаңыз,» - деп. Бұларда дәл солай махаббаттарын жасырмай, өз махаббаты, өз бақыты үшін осынау махаббат деген майданға енуі. Қайта бұлар батыл жандар. Өз бақыттары үшін күрескен. Бірақ бір өкініштісі сезімдерінің жауапсыз қалып, жұдырықтай жүректеріндегі лаулап тұрған сезімді сумен келіп өшіре салу.
Махаббаттың түрі көп: Отанға, отбасыға,ата-анаға, балаға, достарға деген махаббат және алғашқы махаббат деген болады.
Алғашқы махаббат жайлы Нұрғали Ораз ағамыз былай дейді:
«Сіз қалай ойлайсыз?...Меніңше, алғашқы махаббат – алғашқы жауған қарға ұқсайды.Неге дейсіз бе? Мысалы... Қоңыр күздің аяқталып қалғанын білесіз.Қыр астында қылышын сүйретіп қыс келе жатыр.Көп ұзамай-ақ аспаннан қылаулап ақша қар, алғашқы қар жауады.Бірақ оның дәл қай күні, қай мезетте басталатынын ешкім де білмейді.Міне, махаббат та тап сондай жұмбақ құбылыс.»
Мұхаммед пайғамбарымыз «Сыйластықтан асқан махаббат жоқ, »-дейді.Сол себепті бір-бірімізбен сыйласып өмір сүрейік.
Бегманова Баян
25
өздеріңіздің жақсы көретін адамдарыңызды ата-анаңыздан артық көрмеңіздер. Мына өмірде ата-ана бір-ақ рет беріледі, ал сіздің ғашық болып жүрген адамыңыздан да артықтары табылады.
Сөзімді қорытындыласам, баланың бақыт құсы – ата-анасы. Сол құсымызды бақытымыздың бағынан ұшырып алмайық. Бұл өмірде ештеңе де мәңгілік емес. Дер кезінде қолда бар алтындарымызды бағалай білейік. Ата-аналарымызды құрметтейік, сыйлайық, аялайық. Олардың бізге жасаған жақсылықтарын еселеп қайтарайық.
Досыбай Айымкүл
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Ұлттық тәрбие – ел болашағы
Біздің ең асыл қазыналарымыздың бірі – ұлттық тәрбие. Ұлттық тәрбие қазір елімізде болып жатқан мәселелердің негізгі жолы болып табылады. Ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен ұрпақ ақылды, білімді, еңбекқор,дені сау, сыпайы болады. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
«Тәрбие тал бесіктен», «Балаға жақсы тәрбие беру – ата-ананың міндеті» ата-ананың жақсы-жаман атқа ие болуы баласына, нақтырақ айтсақ берген тәрбиесіне байланысты. Менің ойымша, тәрбиені ең алдымен қыз балаға беру керек сияқты. Өйткені, ол болашақ ана, болашақ ұрпақ тәрбиелеуші. Сондықтан да қыз бала тәрбиесі аса қажеттілердің бірі. Еліміз ерте кезден қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, бойына салт-дәстүрімізді сіңіріп, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет білдіретін ибалы, инабатты, көркем мінезді келсін деп тілеп отырған. Бүгінде осындай қыздарымыз аз емес. Алайда, батыстанып бара жатқан жайымыз көп қынжылтады. Құлағы мен кіндігін қойып, енді қабағы мен ернін тесіп сырға тағатын, түрлі ессіздіктер жасайтын қыздар да, ұлдар да көп. Осылардың қылығына, жасап жатқан ессіз істеріне қарап тұрып «Ата-анасы қарамай ма?», «аАта-анасының берген тәрбиесі осы ма?», «Еліміздің келер күні қалай болмақ?» деген сұрақтар еріксіз ойға оралады. Менің ойымша, бұндай қылықтардың алдын алу үшін отбасы ғана емес, мектеп те баланың қалыптасып келе жатқан санасын одан әрі дамыту үшін жұмыс жүргізі керек. Мектепте өзін-өзі тану пәнінен дұрыс жүріп-тұру, дұрыс сөйлей білу мен өмірге деген көзқарастарымызды үйрететін болса, дінтану пәні діни сауаттылығымызды арттыруға өзіндік үлесін қосып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білуге, өзіңді басқа ортада еркін ұстауға үйретеді.
20
Бауыржан Момышұлы 3нәрседен қорқамын: «Бірінші – баласына бесік жырын айта алмайтын анадан, екінші – бір-бірімен қазақша сөйлесе алмайтын қазақтардан, үшінші – немерелеріне ертегі айта алмайтын әжеден», - депті. Сондықтан да, ең әуелі тілімізді, ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді ұмытпай, жалғастырайық. Олар біздің таусылмайтын байлығымыз!
Оразбек Әсел
Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы
Жастар дегеніміз кімдер? Олар –жалындап тұрған, әлі ыстық-суығы басылмаған, өзінің дәрежесінің қаншалықты екенін білмейтін, миында қаншама тың ойлар жатқан, жалындаған оттар.
21
24
адамгершілігі жоқ кісінің жүрегін махаббат мекендемейді,» -дейді. Мына әлемді махаббатсыз елестету мүмкін емес. Ойлап қараңызшы, егер әлемде сүю, ғашық болу, ұнату, жақсы көру сезімдері жоқ болса, өмір қандай болар еді? Әрине, өмір қатігездікке толы болар еді. Міне, махаббаттың тылсым күш екенін осыдан аңғаруға болады. Ол біз өмір сүріп жатқан әлемді жарық, әрі нұрлы етеді.
«Достық пен махаббат – осы екі ұлы сезім адамды мүлдем өзгертіп жібереді,» - дейді, шетелдік Паль және Фридерих Нище: «Тек махаббат адамды – мықты, әйелді – сұлу, еркекті –мейірімді, өмірді мәнді ете алады,» - дейді. Міне, махаббаттың ұлылығы осында шығар. Достық та өзі ұлы сезім. Менің оған таласым жоқ. Алайда қазіргі жігіттердің көпшілігінің әңгімесіне қарасаңыз: «Ой досым, не қыласың сол махаббатты? Біз тұрғанда ештеңеге алаң болма!» - дейді. Бұлай достықты ұлыға балап, махаббатқа көз жұма қарайтын адамдарға айтарым, сізге жетпіс жасыңызда достарыңыз емес, әйеліңіз күтім жасайды. Сол себепті махаббатты достықтан төмен қоймаңыз!
Махаббат екеуге – талас, үшеуге – ортақ. Иә, қазіргі таңда Қозы мен Баянның махаббатына Қодардың келіп, талас қылатынын білеміз. Мұны махаббат үштігі деп атар едім. Махаббат деген екеуді бақытты қылып, үшіншіні мұңға бөлейді.
Көпшілік айтады Қодар мен Бекежандай адамдарды жек көретінін, онда менің де көпшілікке
өмір сүруімізге септігін тигізген. Бізде келешек ұрпаққа жақсы дүниелер қалдырып, елімізді қазіргіден де биік дәрежеге көтерейік. Елімізге пайдамыз тимесе де, зиянымыз тимесін!
Елбасымыздың өзі жастарға сенетінін, мол үміт күтетінін, өзінің кезекті халқына деген Жолдауында айтқан. Сол сенімді ақтап, өзіміздің әлі қаншама белесті бағындырып, Қазақстанның жарқын болашағы екенімізді дәлелдейік!
Бегманова Баян
Махаббатсыз дүние бос
Махаббат бұл – алаулаған ыстық от. Және күшті де керемет сезім. Махаббат жайлы жырламаған ақын кемде-кем шығар?! Махаббат деген өзі бір түсініксіз сезім. Бұлай деуімнің себебі: «Махаббат ақылгөй дананы да, ақмақты да бірдей аямайтын аурудың сұрпы,» - деген Альбер Камьюдің сөзі. Көпшілік айтады ғой: «Ғашықтарда көз жоқ,» -деп. Мен бұл сөзге толықтай қосыламын. Себебі, өзімізге жақсы таныс Шәкәрімнің Мәжнүнін алып қарайық. Ол Ләйліға қолы жетпей тау-тасты аралап, аңдарға қосылып, Мәжнүн атанып кетеді. Махаббаттың да бір керемет тұсы осы шығар. Ессізге ес беріп, естіні ессіз қылады.
Абай атамыз: «Махаббат өмір көркі,» - дейді. Махаббатсыз дүниенің бостығын айтады. Мен де дәл солай, махаббатсыз өмір сүру мүмкін емес дегім келеді. Әзілхан Нұршайықов көкеміз: «Махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал
22
23
Қазір бәрімізге белгілі ХХІ ғасыр – даму заманы,. ХХІ ғасыр – осы сөзді естіген кезде, кімде-кімнің ойында болмасын: «Бұл ғасырға қалай жеттік?» деген сұрақ тұрады. ХХІ ғасыр – бұл бізге берілген сыйлық, яғни ата-бабаларымыздан қалған мұра. Өзімізге белгілі, мұра етіп қалдырған мол қазынаны көзіміздің қарашығындай сақтап, қаншама ата-бабаларымыздың маңдай терімен, қасық қандарытөгілген мол мұраны болашақ ұрпаққат аманат етіп тапсыруымыз керек. Бізге аманат етіп тапсырған өмірге елімізге қиянат жасап алмайық. Сол үшін мен Міржақып ағамыз сияқты «Оян, қазақ!» дегім келеді.
Менің ойымша, қазір ұйықтап жүретін жастардың заманы емес, білсем, көрсем, оқысам, не болмаса жақсы дүниені шығарып, еліне көмек беріп, ақыл, білімі тасыптұрған жастардың заманы. Бұл менің ғана ойым емес, заман талабы. Қазіргі жастарға қарасаң, кітаптың орнына қолдарына ұялы телефон ұстаған, кітапханаға барудың орнына түнгі клубқа баратын жастарды көптеп байқаймыз. Иә, көпке топырақ шашпаймын, бұл тек менің ойым. Дегенмен бұл қазіргі жастардың ащы шындығы. Егер менің сөзімді бұрыс деп санайтындарға бір сұрақ: «Сіз жиырма жасыңзда не істедіңіз?» Біле білсеңіз Шоқан Уәлиханов он тоғыз жасында Ыстықкөл экспедициясына қатысып қырғыз жерін зерттеген, ал Мұхтар Әуезов «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықта сахнаға шығарған, Қазбек би он сегіз жасында-ақ қалмақ қонтайшысын тілімен шағып алған. Қабанбай батыр болса, он үш жасында қолына найзасын алып, жоңғарларға қарсы қол бастаған. Ал 1986 жылғы Алматының жалынды жастары не істегенін айтпасам да белгілі. Солардың арқасында бүгінде Тәуелсіздіктің – 25 жылдығының дәмін татып отырмыз. Міне, ата-бабаларымыз бізге қаншама жақсы дүниелер жасап, біздің жаңа заманда
Мазмұны
1.Өмір құндылықтары----------------------------------------------
2.Мен бақыттымын------------------------------------------------
3.Ақиқатқа сүйіспеншілікпен қызмет ет----------------------
4.Ұстаз –ұлағатты есім-------------------------------------------
5.Өзіңді басқаруды үйрен----------------------------------------
6.Жақсы сөз-жарым ырыс---------------------------------------
7.Тәуелсіздік-Тәңірің берген тәтті сый-----------------------
8.Баланың бәрібақыттыболуы үшін жаралған--------------
9.Ардақты- әкем,асыл-анам---------------------------------------
10.Ұлттық тәрбие-----------------------------------------------------
11. Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы
12.Махаббатсыз дүние бос--------------------------------------------
13.Мен қазақ қыздарына қайран қалам -------------------------
14.Бес нәрсеге асық бол,бес нәрседен қашық бол!---------- 15.Қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рөліндегі өзгерістерге не себеп болды?----------------------------------------------------
16.Ғаламтор мен әлеуметтік желілер жастарға не береді?---
17.Егер де мен..... -----------------------------------------------------
18.Киноөндіріс қазақ жастарына әсерін тигізеді ме?--------
19. Смартфондардың пайдасы мен зияны. ---------------------
20.Аяулы -анашым --------------------------------------------------
21.ҰБТ мен Жаңа форматтың пайдасы мен зияны . ---------
45