Файл №2 Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы



Дата07.05.2017
өлшемі205,4 Kb.
#16164
Файл № 2
«Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы »

пәнінен ҚО ұйымдастыру үшін Қосымша
1. Студенттер үшін әдістемелік нұсқаулық.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мына принциптерге негізделеді:

- кредиттік технологияны пайдалану;

- аудиториялық сабақтарды сақтау;

- кейстік және желілік технологияларға негізделген қашықтықтан оқыту;

- білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру;

- білім беру ресурстарына еркін қол жеткізу.
Оқылатын пәндер көлемі мен жұмсалатын уақыт есебі кредит түрінде көрсетіледі, бір кредитті оқу үшін 6 сағат көлемінде аудиториялық сабақ (4 сағат дәріс, 2 сағат практикалық сабақ) және 4 сағат СОӨЖ беріледі, студенттің өзіндік жұмысы үшін (СӨЖ) 35 сағат қарастырылған. Аудиториялық сабақтың 1 сағаты және СОӨЖ (сабақ кестесінде көрсетіледі) бір сағаты 50 минутке тең.

Барлық оқу кезеңі ішінде оқытылатын пәндердің тізімі және бөлінген кредиттер көлемі студенттің жеке оқу жоспарында көрсетіледі.

Оқу жылы теориялық және емтихандық сессиялардан тұрады, бірінші курста ұйымдастыру (бағыттау) сессиясы жүргізіледі. Ұйымдастыру сессиясы тек теориялық болып саналады, ал кейінгілері - теориялық және емтихандық болады. Аудиториялық сабақтар мен СОӨЖ және емтихан сессиясы бір сессия кезінде жүргізілмейді. Бір сессияда дәрістер мен практикалық сабақтар өтеді, ал келесі семестрдегі сессияда СОӨЖ (бұл уақытта студенттер аралық бақылау тапсырады) және қорытынды бақылау (емтихандық сессия) жүргізіледі. Сессияаралық кезеңде студенттер берілген сағат көлемінде СӨЖ орындайды.

Студентердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін пәннің оқу әдістемелік кешенінің (бұдан әрі – ПОӘК) электронды вариантын қамтамасыз ету керек. Папка оқу пәнінің атымен және оқытушы фамилиясымен аталады немесе ПОӘК-інің бірыңғайланғандығы көрсетілуі керек. Мысалы: «ПОӘК «Философия» - бірыңғайланған» немесе «ПОӘК «Философия» - құрастырған: доцент Иванов И.И.». Папка келесі файлдардан тұрады:

- файл №1: «ПОӘК күндізгі оқу бөлімі үшін»;

- файл №2: «ҚО ұйымдастыру үшін ПОӘК-іне қосымша»;

- файл №3 «ҚО үшін қажетті оқу материалдары».

Студенттердің ПОӘК-іне еркін қол жетілімінің болуын қамтамасыз ету мақсатында олар кафедрадағы мәліметтер базасында, оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінде, офис-тіркеуші бөлімінде, БҚМУ-дің портал сайтында болады немесе оқытушылардың өздерінде болады.

Теориялық сессия кезінде аудиториялық сабақтың мақсаты болып тек дәріс оқу немесе практикалық сабақты өткізу болып саналмайды, сонымен қатар а) студенттерді оқылатын пәннің мақсаты, міндеті және құрылымымен таныстыру, ПОӘК-ін (электрондық нұсқасын) таратып беру; б) теориялық материалдарды өз бетімен оқу-үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулар; в) практикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар; г) өз беттерімен орындайтын жұмыстарына бағыт беретін әдістемелік нұсқаулар мен қойылатын талаптар; д) қорытынды бақылауға (компьютерлік тестілеу) дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар беру саналады.

Өзіндік жұмысты орындау үшін, аралық және қорытынды бақылауға дайындалу үшін студенттер БҚМУ-дың ғылыми кітапханасының қорын пайдалануға құқықтары бар Электрондық оқу құралдары болған жағдайда - БҚМУ-дың білім беру сайтын және электронды кітапханасын да пайдалана алады.


2. Пән бойынша білімді тексеру мен бағалау схемасы.

Оқыту дәріс, практикалық сабақ, кеңес беру сабақтары түрінде ұйымдастырылады. Оқыту барысында оқу материалының негізгі мазмұны баяндалады, өз бетімен оқып-үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулар беріледі, алынған түсініктер және практикалық дағдылар бекітіледі.

Студенттердің білімін тексеру аралық бақылау кезінде олардың теориялық білімді игеруін тексеру, практикалық тапсырманы және басқа да тексеру жұмыстарды орындау және қорытынды бақылау кезінде компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі.

Оқытушы сессия соңында 100-баллдық жүйемен қорытынды баға қояды, білімді бағалау нәтижесі аралық бақылаулар кезінде (оқу қызметінің көрсетілген түрін орындағаны үшін) және қорытынды бақылау (компьютерлік тестілеу) кезінде жинақталған баллдар қосындысы бойынша есептеледі.




№№

Бағалау критерийі және бақылау формасы

Емтихан ведомостісінің графасы

Ең жоғарғы балл саны

1

Үй тапсырмасы.

Жеке тапсырма




Рейтинг. бақылау № 1

30

2


Практикалық тапсырманы орындау.

Бақылау жұмысы.

Студиялық жұмысына белсенділігі



Рейтинг. бақылау № 2


30

4

Емтихан.

Компьютерлік тестілеу

Тестілік бақылау, емтихан

40

5

Қорытынды

Қорытынды баға (100 баллдық жүйемен)

100

Студенттердің білімін аралық және қорытынды бақылау нәтижелері емтихан ведомостілері мен студенттің сынақ кітапшасына жазылады.


Студенттердің білімі, іскерлігі мен дағдылары төмендегідей бағаланады:


Баға

Баллдық

Дәстүрлі жүйе бойынша

90 - 100

Өте жақсы

71 - 89

Жақсы

51 - 70

Қанағаттанарлық

0 – 50

Қанағаттанарлықсыз


3. Теориялық білім деңгейін тексеру бойынша сұрақтар тізімі

Студенттердің теориялық білім деңгейін тексеру бойынша сұрақтар күндізгі оқу бөлімі үшін ПОӘК-інде көрсетілген дәріс тақырыптары мен құрылымына сәйкес құрастырылады. Тапсырмалар саны бір кредит үшін 10 сұрақтан кем емес болуы тиіс.

Сұрақтар:

1.8.1 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Пәнді оқыту мақсаты, міндеті, мазмұны. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің тарихы.

  2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі курсының мазмұнын ашу және он басқа да арнайы ғылымдармен байланысы.

  3. Кеңес дәуіріндегі сурет салу әдістері.

  4. Сурет салудың шетелдік әдістемесі. Ежелгі Ассирия мен Египет мемлекеттеріндегі, алғашқы қауымдық қоғамда бейнелеп сурет салу әдістемесі.

  5. 20 ғасырдың 60-70 жылдарындағы Ресейдегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін тереңірек қарастырып, үлес қосқан әдіскерлер.

  6. Қазақстан Республикасының және Ресей бейнелеу өнері жаңа буын оқулықтарына және бағдарламаларына тереңірек анализдік талдаудар жасау.

  7. Жарық пен түстер табиғаты туралы айту.Спектрлі түстерді атау, оларға мінездеме беру. Түстердің қасиеттері.

  8. Түс шеңбері дегеніміз не?

  9. Заттық түс және түс дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  1. Контрастті және қосымша түс деп нені айтуға болады.

  1. «Салқын» және «жылы» түстер деп қандай тустерді атаймыз. Түстердің салқынды жылылығы кескіндемеде қандай орын алады?


8-15 апта материалдарын бақылау сұрақтары.

  1. Түстердің өзгеруі. Жарық пен ауа құбылыстарының перспективасы.

  2. Алдыңғы көріністегі (пейзаж, натюрморт, интерьер) заттардың қабылдану ерекшеліктері.

  1. Сурет пен нұсқа салудағы натура заттарының бір-бірімен қатынасының түстік шағылысуын берудің қандай мағынасы бар?

  1. Жарық көзінің түсі табиғат көріністерінің жалпы колоридтік жағдайына қандай әсерін тигізеді? Суретшілер туындыларына анализ жасаңыз және уақыт мезгілі мен жыл мезгілін көрсететін суреттердің колоридтік ерекшеліктерін атаңыз.

  1. Суретің идеясы мен образды құрамын берудегі колорид маңызы қпандай? Бірнеше суретшілер туындылырына салыстырмалы анализ жасаңыз.

  1. Кескіндемедегі түстердің тондық қатынасы туралы; Қатынастар арқылы жұмысты орындау неге негізделеді.

  1. Бейненің кескіндік тұтастығы деген не? Оны орындау үшін сураетші қандай тәсілдер қолданады?

Емтиханға дайындау сұрақтары:

  1. Живопись түстерінің салқынды-жылылық табиғаы және ол неге негізделген?

  2. Қандай түстерді констракты деп атаймыз?

  3. Күштің және жарықтың спектрлі құралы негізінде натурада түс қалай өзгереді.

  4. Натура мен нұсқаның жалпы тондық және түстік жағдайы дегеніміз не?

  5. Живописьте түстік және жарықтау камертоны қалай қолданылады?

  6. Бейненің тональды түстік масштабы қалай сақталады?

  7. Натура нұсқасын орындауда живописьтегі композициялық орталық қалай ерекшеленеді?

Студенттердің теориялық білім деңгейін тексеру әдістемесі:

- теориялық білім деңгейін тексеру сабақ кестесіне сәйкес оқытушылардың басшылығымен студенттердің өз беттерімен орындайтын жұмыстары (СОӨЖ) уақытында жүргізіледі;

- студент оқытушының таңдауы бойынша ұсынылған сұраққа конспект, анықтамалық материалдарды, оқулықтарды және т.б. қолдану құқығынсыз жазбаша немесе ауызша жауап береді, Оқытылатын пәннің бір кредитіне есептегенде кем дегенде екі сұрағына жауап берілуі тиіс;

- оқытушы жазбаша жауаптарды тексеріп және оқытылған материалдар бойынша студенттермен әңгімелесу өткізеді. Жазбаша жұмыстың тексеру қорытындысы және әңгімелесу нәтижелері бойынша №1 рейтинг қойылады;
4. Практикалық тапсырманың тақырыптары мен сұрақтары. Тексеру жұмыстарының тақырыптары және орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Практикалық тапсырманың тақырыптары мен сұрақтары күндізгі оқу бөлімі үшін ПОӘК-інде көрсетілген практикалық сабақтың тақырыптары мен сұрақтарына сәйкес болуы тиіс. Оқылатын пәннің бір кредитіне есептегенде 5-тен кем емес практикалық тапсырмалар орындалуы керек.


4.1 Тақырыптар мен практикалыќ сабаќтың мазмұны:

Кредит сағат: 1

тақырыбы: Студенттерді жаңа буын оқулықтарымен және де қосымша әдістемелік әдебиеттермен таныстырып өту.

Мақсаты: Білім берудің жаңа сапалық деңгейін көтеру.

Сұрақтар: 1. Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс-тәсілдері.

2. Жас ұрпаққа бейнелеу өнері арқылы тәлім-тәрбие беру.



Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер: Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970

Кузин В.С. ИЗО и методики его преподавателя в начальных классах. М; Просв. 1984

Неменский Б.М. Мудрость красоты: книга для учителя; М; Просв.4981
Кредит сағат: 2

тақырыбы: Семинар сабақтарына дайындалу және материалдарды конспектілеу. Өз беттерімен кітапханаларға бару. Иллюстрациялық материалдармен танысу.

Мақсаты: Дәріс тақырыбына қатысты материалдарын конспектілеу

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер: Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие – М; Наука, 1974.

Сагимбаев А.А. Педагогические условия формирования творческой деятельности учащихся начальных классов посредством изоб-ного искусства. 2003.- 148 стр

Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980


Кредит сағат: 3

мазмұны: Ежелгі Мысырдағы суретті оқыту әдістемесі: канондық ережелер.

Сұрақтар: канондық ережелер.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер:

Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980

К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.


Кредит сағат: 4

мазмұны: Тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материалдар жинақтау

Сұрақтар: Иллюстрациялық материалдармен танысу.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиет: Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980

Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
Кредит сағат: 5

мазмұны Көркемөнер термин сөздігімен жұмыс жасау.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Сұрақтар: канондық бейнелеу әдістері жөнінде мәлімет беру.

Әдебиеттер: Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері . 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж.

Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982

Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997
Кредит сағат: 6

мазмұны: Н.Н.Ростовцевтың, В.С.Кузиннің, Н.М.Сокольникованың және Ұ.Ш.Ибрагимов, Қ.К.Болатбаевтың әдістемелеріне талдау жасау.

Сұрақтар: Тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материалдар жинақтау және альбомдар құрастыру.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер:

Байжігітов Б.К. Бейненің тұрақты нақыштарына философиялық қатынас.Алматы.1998. -228 бет.

Самуратова Т.К. Қазақ қолданбалы өнері негізінде болашақ мұғалімдердің эстетикалық тәрбие беруге даярлығын қалыптастыру.
Кредит сағат: 7

мазмұны : А. Дюрердің гравюрлік шығармаларының біреуінің көшірмесін жасау. Леонардо да Винчи және А. Дюрердің адамды бейнелеудегі ережелеріне байланысты жұмыстарынан көшірме жасап суретін салу.

Сұрақтар Кітапханаларға барып өз беттерінше иллюстрациялық материалдармен танысу.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер:Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982

Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997

Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
Кредит сағат: 8

мазмұны Леонардо да Винчидің «Мадонна» атты шығармасының типологиялық ерекшеліктеріне байланысты конспект жасау.

Сұрақтар: Микеланджело, Рафаэль фрескаларының композициялық схемаларын сызу және суретін салу. Тақырып бойынша семинар сабақтарына дайындалу және материалдар конспектілеу.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер: Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитат.процесса. М; Просвещ.1982

Барщ А.О. Рисунок в средней художественной школе. М; Искусство 1957

Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982

Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997


Кредит сағат: 9

мазмұны Прейслер И.Д., Гиппиус Г.А., Сапожников А.П., Чистяков П.П. әдістемелік әдебиеттерін негізге ала отырып қолдану.

Сұрақтар: Ортағасырлық Батыс Еуропа және Орыс өнерінің ұқсастары мен ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер: К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.

Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
Кредит сағат: 10

мазмұны: Ғылыми әдебиеттермен жұмыстану /№7-к.оқу залы/

Сұрақтар: Бейнелеу өнері әдістемесі бойынша ғылыми деректерге шолу жасау (ғылыми әдебиеттер, монографиялар, диссертациялар)

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер: Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері. 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж

Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980


Кредит сағат: 11

мазмұны: Педагогикалық шығармашылық ізденістері, педагогика-психологиялық қызметтің жұмысын бекіту

Сұрақтар: мектепке кадрлар таңдау мен жұмысқа орналастыру мәселесін бақылау, өндірістік және әлеуметтік қордың жұмсалу бағыты.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер : Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980

Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері . 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж.

Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982
Кредит сағат: 12

мазмұны: Каллиграфиялық жазу.Тушпен, гуаш бояуымен жазу.

Сұрақтар: Бейнелеу өнерінің тарихи даму жолдарын, мәнін түсіндіріп бағалай білуге үйрету.

Оларды белгілі бір мақсатқа /көркемөнерге/ бағыттап үйретіп, олардың көркем творчествалық қабілетін дамыту арқылы кәсіби білім беру.



Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер: Неменский Б.М. Мудрость красоты: книга для учителя; М; Просв.4981

Программа по ИЗО 5-6кл. Изд. РГИ и «Рауан», 1999

Ростовцев Н.Н. Академический рисунок; М,1984

Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977


Кредит сағат: 13

мазмұны: Қажетті әдебиеттермен жұмыстану.

Сұрақтар: Бейнелеу өнерін оқытуда теориялық білім беру әр жанрмен терең таныстыру, нақтылы бейнелеуге жаттықтыру.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер: Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство и методика в начальных классах. М, 1999

Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977
Кредит сағат: 14

мазмұны: Бағдарлама мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктер мен тұрмыстық дәстүрге сай ерекшеліктерді қамтиды.

Сұрақтар: Типтік оқу бағдарламаларымен жұмыстану.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер: Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980

Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977

К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
Кредит сағат: 15

мазмұны: Оқушылардың шығармашылық қиялын ұштау.

Сұрақтар: Мектепте оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай қойылым қою ережелері.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.

Әдебиеттер: Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнеріндегі философиялық мәселелер. Алматы; Ғалым, 1998

Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты: рис.,жив.; М.; Просвещ.1981

Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
Практикалық тапсырмалардың орындалуын тексеру әдістемесі:

- практикалық тапсырмаларды орындалуын тексеру сабақ кестесіне сәйкес оқытушылардың басшылығымен студенттердің өз беттерімен орындайтын жұмыстары (СОӨЖ) уақытында жүргізіледі;

- студент орындалған практикалық тапсырманың конспектісін тексеруге береді, оқытушы конспектіні тексереді және студентпен игерілген материал бойынша әңгімелесу жүргізеді.

Бір кредитті меңгеру барысында студент таңдауы бойынша бір өз бетімен орындалатын тексеру жұмысын орындау қажет.

Тексеру жұмысының нысаны - реферат. Талаптары: көлемі 15 беттен кем болмау керек, тақырыбы көрсетілген атаулы бет, оқытушының аты-жөні, студенттің аты-жөні, топ нөмірі және мамандығы, мазмұны, жұмыстың мақсаты және міндеті негізделген кіріспе, негізгі материал, қорытынды, қолданылатын әдебиеттер тізімі болуы тиіс.

4.2 Студенттердің таңдауы бойынша реферат тақырыптары:

Бұл пән бойынша бұл семестрге курстық жұмыстар қарастырылмаған



Тексеру жұмыстарының орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар:

- тексеру жұмыстарын талдау және бағалау сабақ кестесіне сәйкес оқытушылардың басшылығымен студенттердің өз беттерімен орындайтын жұмыстары (СОӨЖ) уақытында жүргізіледі

- студент орындалған тексеру жұмысын оқытушыға береді, оқытушы тексеру жұмысының орындалу қорытындысы бойынша студентпен әңгімелесу жүргізеді.

Практикалық тапсырмаларды орындау нәтижелері және тексеру жұмыстарының орындалу қорытындысы бойынша №2 рейтинг қойылады.
6. Компьютерлік тестілеуге дайындалу үшін әдістемелік материалдар.

Қорытынды емтихан курстың практикалық және теориялық материалдарының негізгі мазмұнын қамтитын сұрақтар бойынша компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі. Бір кредитке есептегенде тест тапсырмаларының саны 150-ден кем болмау керек. Студентке емтиханда тест тапсырмасының 30 сұрақтан тұратын 5 нұсқасының бірі беріледі.

Тестілеуге дайындалу үшін оқытушы әдістемелік нұсқау дайындайды және осы бөлімге шамамен ұқсас болатын тест тапсырмаларының жауабы берілмеген сұрақтары немесе тест тапсырмаларының 5 нұсқасының жауаптары берілген 1 ғана нұсқасын берілуі мүмкін.

Егер тест тапсырмаларының базасында бір кредитке есептегенде 300 немесе одан артық сұрақ болса осы бөлімге тест тапсырмалары жауап нұсқасымен қосылуы керек.


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

1.Пәнді оқыту мақсаты, міндеті, мазмұны. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің тарихы.

2.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі курсының мазмұнын ашу және он басқа да арнайы ғылымдармен байланысы.

3.Кеңес дәуіріндегі сурет салу әдістері.

4.Сурет салудың шетелдік әдістемесі. Ежелгі Ассирия мен Египет мемлекеттеріндегі, алғашқы қауымдық қоғамда бейнелеп сурет салу әдістемесі.

5.20 ғасырдың 60-70 жылдарындағы Ресейдегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін тереңірек қарастырып, үлес қосқан әдіскерлер.

6.Қазақстан Республикасының және Ресей бейнелеу өнері жаңа буын оқулықтарына және бағдарламаларына тереңірек анализдік талдаудар жасау.

7.Жарық пен түстер табиғаты туралы айту.Спектрлі түстерді атау, оларға мінездеме беру. Түстердің қасиеттері.

8.Түс шеңбері дегеніміз не?

9.Заттық түс және түс дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

10.Контрастті және қосымша түс деп нені айтуға болады.

11.«Салқын» және «жылы» түстер деп қандай тустерді атаймыз. Түстердің салқынды жылылығы кескіндемеде қандай орын алады?

12.Түстердің өзгеруі. Жарық пен ауа құбылыстарының перспективасы.

13.Алдыңғы көріністегі (пейзаж, натюрморт, интерьер) заттардың қабылдану ерекшеліктері.

14.Сурет пен нұсқа салудағы натура заттарының бір-бірімен қатынасының түстік шағылысуын берудің қандай мағынасы бар?

15.Жарық көзінің түсі табиғат көріністерінің жалпы колоридтік жағдайына қандай әсерін тигізеді? Суретшілер туындыларына анализ жасаңыз және уақыт мезгілі мен жыл мезгілін көрсететін суреттердің колоридтік ерекшеліктерін атаңыз.

16.Суретің идеясы мен образды құрамын берудегі колорид маңызы қпандай? Бірнеше суретшілер туындылырына салыстырмалы анализ жасаңыз.

17.Кескіндемедегі түстердің тондық қатынасы туралы; Қатынастар арқылы жұмысты орындау неге негізделеді.



18.Бейненің кескіндік тұтастығы деген не? Оны орындау үшін сураетші қандай тәсілдер қолданады?

.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет