Г.К. Сатыбалдиева, Н.Т. Абылайханова, Р.Е. Карибаева
ЭКОЛОГИЯ
ФАКУЛЬТАТИВТІ КУРС
Жалпы білім беретін мектептің
6 сынып оқушыларына арналған
жұмыс дәптері
Алматы 2011
УДК 373.167.1(075.3)
ББК 20.1я72
С 23
Пікір жазғандар: С.С. Айдосова – биология ғылымдарының докторы, профессор; С.Т. Иманбаева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Л.Д. Адыбаева – Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының биология пәнінің әдіскері
Экология: Факультативті курс: Жалпы білім беретін мектептің
С23 6-сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптері/ Құраст.:
Г.К. Сатыбалдиева, Н.Т. Абылайханова, Р.Е. Карибаева.
– Алматы, 2011. – 80 б.
ISBN № 978-601-247-173-1
УДК 373.167.1(075.3)
ББК 20.1я72
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті биология факультетінің Ғылыми кеңесі (№3 хаттама 19 қараша 2010 ж.) ұсынған.
ISBN № 978-601-247-173-1 С
Құрметті оқушы!
«Экология және балалар» атты проект «Аджип» компанияның қолдауымен атқарылуда. Сіз «Экология» пәнін факультативті курс ретінде игересіз. 5 сыныптың бағдарламасы бойынша лабораториялық сабақтар мектеп жылыжайында жоспарланса, 6 сынып оқушылары табиғат бұрышында бақылау жұмыстарының жүргізуге мүмкіндік алады.
Ұсынылып отырған жұмыс дәптерінде табиғат бұрышында жоспарланған лабораториялық сабақтар мен күз, қыс, көктем және жаз мезгілінде байқалатын өзгерістерге бақылау жүргізуді талап ететін практикалық сабақтардың және экскурсиялардың тақырыптары, орындауды талап ететін тапсырмалар берілген.
Лабораториялық сабақтардың тақырыптарын орындау барысында сіздер:
аквариумның түрлерімен, ерекшеліктерімен, қызметтерімен;
аквариумда тіршілік ететін су организмдерінің өніп-өсуіне қажетті қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге арналған құрал-жабдықтарымен;
аквариумда тіршілік ететін организдерге су температурасымен жарықтың әсерін;
аквариумда өсетін өсімдіктердің құрылысымен, ортаға бейімделу ерекшеліктерімен және атқаратын қызметтерімен;
балықтардың құрылысымен және ортаға бейімделу ерекшеліктерімен;
кең таралған аквариумдық балықтардың құрылысымен және ерекшеліктерімен;
аквариумдық балықтарды қоректендіру жұмыстарын жүргізуді және қоректердің түрлерімен;
лабораториялық жағдайда тірі қорек ретінде дафнияны өсіру ерекшеліктерімен;
аквариумды күтуге арналған қажетті құрал-жабдықтарымен танысасыз және аквариумды тазалау жұмыстарын жүргізуді үйренесіз.
Жыл мезгілдеріне байланысты табиғаттағы өзгерістерді бақылау арқылы ауа-райындағы өзгерістер мен табиғат арасындағы байланыстар ерекшеліктерімен танысасыз.
Табиғатта және табиғат бұрышында тапсырмаларды орындау барысында сіз өзіңізді жас эколог ретінде сезініп, тірі организмдерді зерттеуде әртүрлі ғылыми-зерттеу тәжірибелерін жүргізуді, туған жеріңнің табиғатын аялауды, онда болып жатқан әртүрлі құбылыстарға сипаттама беруді үйренесің.
Сонымен қатар, су қорлары, жер қорлары, өсімдіктер мен жануарлар - табиғи қорлары туралы мәліметтер жинап, ауыз су тазалығын қадағалау, өсімдіктер мен жануарларды қорғауды жауапкершілікке аласыз. Су көздерін тазалау үшін, жеріңді қорғау үшін сенбіліктер ұйымдастыруға белсене қатысасыз. Табиғатта жоспарланған практикалық сабақтар мен экскурсиялардың мақсатын орындаған жағдайда Сіз өз аймағыңыздың маусымға байланысты болатын өзгерістерді, олардың өзара байланыстарын, ауа-райының өзгерістерін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын білетін боласың және бақылау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерін игересің.
Достарыңызбен бөлісу: |