Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт:
5 минут
Теориялық материал. Аудитория неге назар аударады? 
Уақыт:
5 минут
Сөз сөйлеу туралы басты құпия 
Сөз сөйлеу туралы басты құпия. Мазмұны - 7%, 
дауыс және интонация - 35%, дене және қозғалыс - 
58%. 
Дене және қозғалыс келесі тармақтарды 
қамтиды: 
-
Сыртқы келбеті/киімі
-
Визуалдық байланыс 
-
Дене тұрысы 
-
Қимылдар және мимика 
Әрбір секторды қарастырайық. Ең үлкен сектор – 
дене және қозғалыстан бастайық.
Шатасып кетсеңдер, ештеңе етпейді: TED 
спикерлерінің көпжылдық тәжірибесіне сүйенсек, 
аудитория мұндай сәтсіздіктерге оң қабақпен қарайды және спикердің өз әңгімесінің тізбегін 
қайта табуын күтеді. 
Дене және қозғалыс:
Сыртқы келбеті/киімі
Аудиторияның құрметіне ие болуға көмектеседі, ол ең алдымен көзге көрінетін нәрсе. 
Тым ашық емес, үлкен аксессуарлар жоқ (әйтпесе барлық назар сөзіңе емес, соларға 
аударылады). 
Ыңғайлы киім (биік өкшелі аяқ киім, қозғалысқа кедергі келтіретін тығыз белдемше жоқ). 
Аудитория деңгейіне сәйкес келеді (егер бұл сахна болса, сәл салтанатты киім). 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
46 
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы 
Уақыт:
10 минут
Процесі: 
Қатысушыларға келесі жағдайларда сөйлеушілерге қалай киінуге болатыны туралы ойлануды 
ұсыныңыз: 

Ғылыми конференцияда; 

Оскар жүлдесін табыстауда; 

Оқу орнымен қоштасу кешін жүргізген кезде; 

Танымал журналистпен сұхбат кезінде; 

Егер сен фитнес жаттықтырушысы болсаң, тікелей эфир кезінде; 

Егер сен өнертапқыш болсаң, тікелей эфир кезінде; 

Егер сен музыкант болсаң, тікелей эфир кезінде. 
Диалогты қорытындылаңыз. Сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті маңызды фактор екеніне 
назар аударыңыз. Бірақ бұл аудиторияның есінде қалатын жалғыз нәрсе болмауы керек. Стив 
Джобс қара свитер мен тозған джинсы киіп, жаңа гаджеттердің тұсаукесерлерін жүргізгенін 
еске түсіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет