БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
42
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Уақыт: 5 минут
Материалдары: Болжамдар» плакаты, маркерлер
Процесі:
«Болжамдар» плакатын іліңіз. Тізімдегі идеяларды оқи отырып, қатысушыларды осы
болжамның қаншалықты орындалғаны туралы талқылауға шақырыңыз. Ол үшін «бас бармақ»
әдісін қолдануға болады.
«Қазір мен сендер жазған болжамдарды рет-ретімен оқимын. Әр тұжырымнан кейін бұл
болжам сендер үшін қаншалықты орындалғанын көрсетіңдер. Ол үшін біз оң қолдың бас
бармағын қолданамыз. Саусақты жоғары көтеру – болжам 100%-ға орындалды, саусақты төмен
түсіру – болжам мүлдем орындалған жоқ, сәйкесінше саусақты бұру арқылы болжамның
«орындалу» дәрежесін өзгерте аласыңдар».
Тренер үшін:
болжамдар тізімінен бір сөйлемді оқып шығыңыз, топқа қараңыз және барлық
қатысушылардың саусақтарын көтеріп жауап бергеніне көз жеткізіңіз, жалпы балл шамамен
қанша пайыз екенін бағалаңыз. Осы сөйлемнің жанында қызыл маркермен белгілеңіз:
көрсеткіш жоғары бағытталған – 100%, көрсеткіш төмен бағытталған – 0%. Аралық мәндерді
ескеріңіз. Келесі тұжырымға өтіңіз.
«Болжамдар» плакаты бойынша салыстыруды аяқтағаннан кейін топқа алғыс айтыңыз және
тұжырымдардың көпшілігіне қол жеткізілгенін хабарлаңыз. Осы сәтті қатысушыларды
факультатив аясындағы жұмысты жалғастыруға ынталандыру үшін пайдаланыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: