Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет41/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Теориялық материал 
Уақыт:
2 минут
Дауыс
– ол тұлғаның бейнесі, адамның ішкі күйінің көрінісі ғана емес, ол – адамның капиталы, 
кәсіби құралы.
Дауысымыздың қаттылығы неге байланысты? 
Ең алдымен тыныс алуға байланысты. Біріншіден, сөйлеу ағынына ештеңе кедергі келтірмесе, 
тыныс алу еркін болса; екіншіден, дыбыс диафрагмаға «сүйенсе», қатты сөйлей аласыңдар. 
Мұнда дыбыстың бағыты да маңызды. Дыбыс доп тәрізді, біз оны тура бағыттасақ, ол төмен 
қарай ұшады, егер оны нысанаға қарағанда сәл жоғары бағыттасақ, доғамен ұшып, «дөп 
түседі».
«Грузин хоры» жаттығуы 
Уақыт:
3 минут 
Процесі: 
Бүкіл топ бір уақытта «а» дыбысын айтады. Мұнда тынысты үнемді пайдалану маңызды. 
Дыбыс біркелкі, қаттылығы бойынша бірдей, өшпейтін болуы керек. Кім де кім соңғы болып 
аяқтаса, сол жеңеді. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
50 
Теория және практика. Интонация 
Уақыт:
5 минут
Дауыстың икемділігі туралы айтатын болсақ, ең алдымен интонацияны, дауыстың өзгеру 
қабілетін меңзейміз.
Интонация
– бұл біздің сөзімізде естілетін эмоциялардың негізгі көрсеткіштері.
Егер интонацияны басқару білмесеңдер, сұхбаттас «әлсіз» екендеріңді сезініп, барлық 
әрекеттерің зая кетеді. Бірақ бізге көбінесе интонациялық әртүрлілік жетіспейді, бұл сөзімізді 
мәнерлі, көркем қылып, қабылдау үшін қызықты етеді.
 
Интонация бойынша жаттығу 
Процесі: 
Әрбір оқушы «иә» сөзін барынша көп интонациямен айтуы, ал тыңдап отырғандар оларды 
санауы тиіс. Мұғалім төменгі шекті белгілейді, ол топтың даму деңгейіне байланысты кемінде 
5, 8, 10 интонация болуы мүмкін.
Топ екіге бөлініп, «Бері кел» сөйлемін түрлі интонациямен айтуы тиіс (ашу, қуаныш, таңғалу, 
ойға бату және т.б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет