Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет44/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Практика 
Уақыт: 20 минут 
Материалдары: жұмыс дәптері 
Процесі: 
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» тақырыбындағы алғашқы сабақта біз жұптасып жұмыс 
істеп, тіпті бір-бірімізге кері байланыс бердік. Енді барлық аудитория алдында сөз сөйлейтін 
кез келді. Әркім өз тақырыбын таңдайды. Бұл тек бос сөздер жиынтығы ғана емес, сонымен 
қатар саналы таңдалған тақырып болуы тиіс. Оқушыларды шынымен қызықтыратын тақырып 
таңдауды ұсыныңыз. Нұсқа ретінде келесі тақырыптарды атаңыз: 
Әр жасөспірімнің қалтасында ақша болуы керек; 
K-pop – бұл жай ғана музыка жанры емес; 
Иттер мысықтарға қарағанда жақсы; 
Киберспорт – әлемдік қауымдастық мойындаған спорт түрі; 
Кітап оқу – әрқашан сәнді; 
Менің сүйікті музыкантым..., өйткені… 
Менің сүйікті фильмім..., өйткені… 
Менің сүйікті мультфильмім..., өйткені…
Біз қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлуіміз керек. 
Уақытты белгілеңіз:
Дайындалуға 5 минут беріледі (аудиториядағы плакаттар, маркерлер немесе басқа заттарды 
пайдалануға болады). 
Әр сөз сөйлеу 1 минуттан аспауы тиіс. 
Атмосфераны бақылаңыз! Әрбір спикердің өзін жайлы сезінуге мүмкіндігі болуы тиіс. Сөйлеу 
уақытын қадағалаңыз. 
Әр қатысушының сөзі бойынша кері байланыс: аудиториядан екі плюс (адам жақсы не істей 
алады) және спикердің өзінен бір плюс-плюс (келесі жолы жақсартатын нәрсе). Әр спикер 
жұмыс дәптеріндегі тәжірибе парағын өз бетінше толтырады. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
55 
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы 
Тәсілдер 
Жұптасып орындалған 
тәжірибе 
Аудитория алдындағы тәжірибе 
«+» 
«++» 
«+» 
«++» 
Дене тұрысы 
Қозғалыстар
Қимылдар
Мимика
Визуалдық байланыс 
Ырғақ және кідірістер
Әзіл мен шегініс 
Жалпы әсер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет