Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет33/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт:
5 минут
Әсерлермен бөлісу 
Уақыт: 10 минут 
Процесі: 
Бүкіл тоқсан ішіндегі сабақтардан алған әсермен бөлісу үшін жеткілікті уақыт жұмсаңыз. Не 
көбірек ұнады? Ең есте қаларлық сәттер қандай болды? 
Жұмыс дәптерлерінде «Көшбасшылық зымыраны» жаттығуын орындау 
Уақыт: 10 минут 
Материалдар: жұмыс дәптері 
Процесі: 
Оқушылар тоқсанның басында жұмыс дәптерлерінде көшбасшы қасиеттерін дамыту үшін не 
керек екенін жазды. Осы уақыт бойы үйреніп-білгендерін, сабақта талқылаған ақпаратты 
ескере отырып, тізімді толықтыруларын сұраңыз. 
Топтың дамуын бағалау 
Уақыт:
5 минут 
Материалдар: жұмыс дәптерлері 
Процесі: 
Қатысушылардан жұмыс дәптерлерінің № __ бетін (№ алдын ала қараңыз) ашып, кестенің 
үшінші бағанын толтыруларын сұраңыз. 
Балалардан сұраңыз: нәтижелер бірінші күнмен салыстырғанда өзгерді ме, нашарлады ма, әлде 
жақсарды ма? Неліктен? 
 
 
 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
42 
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: Болжамдар» плакаты, маркерлер 
Процесі: 
«Болжамдар» плакатын іліңіз. Тізімдегі идеяларды оқи отырып, қатысушыларды осы 
болжамның қаншалықты орындалғаны туралы талқылауға шақырыңыз. Ол үшін «бас бармақ» 
әдісін қолдануға болады. 
«Қазір мен сендер жазған болжамдарды рет-ретімен оқимын. Әр тұжырымнан кейін бұл 
болжам сендер үшін қаншалықты орындалғанын көрсетіңдер. Ол үшін біз оң қолдың бас 
бармағын қолданамыз. Саусақты жоғары көтеру – болжам 100%-ға орындалды, саусақты төмен 
түсіру – болжам мүлдем орындалған жоқ, сәйкесінше саусақты бұру арқылы болжамның 
«орындалу» дәрежесін өзгерте аласыңдар». 
Тренер үшін:
болжамдар тізімінен бір сөйлемді оқып шығыңыз, топқа қараңыз және барлық 
қатысушылардың саусақтарын көтеріп жауап бергеніне көз жеткізіңіз, жалпы балл шамамен 
қанша пайыз екенін бағалаңыз. Осы сөйлемнің жанында қызыл маркермен белгілеңіз: 
көрсеткіш жоғары бағытталған – 100%, көрсеткіш төмен бағытталған – 0%. Аралық мәндерді 
ескеріңіз. Келесі тұжырымға өтіңіз. 
«Болжамдар» плакаты бойынша салыстыруды аяқтағаннан кейін топқа алғыс айтыңыз және 
тұжырымдардың көпшілігіне қол жеткізілгенін хабарлаңыз. Осы сәтті қатысушыларды 
факультатив аясындағы жұмысты жалғастыруға ынталандыру үшін пайдаланыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет