БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
40
«Баған құрып тұрайық!» жаттығуы
Уақыт: 15 минут
Процесі:
Оқушылар сыныпта емін-еркін қозғалып жүреді. Мұғалім белгі
бергенде келесі нышандар
бойынша кезекпен-кезек баған құрып тұру қажет:
-
оқушылардың бойы;
-
туған күні және айы (жасы емес, туған күндері бойынша);
-
үйлерінен мектепке дейінгі арақашықтық (қаншалықты алыс орналасқаны бойынша).
Сөйлесуге
немесе хат жазысуға болмайды, мимика немесе ым
арқылы ғана байланысуға
болады. 2-ші және 3-ші нұсқаларда оқушылар бағанға тұрғаннан кейін туған күндері немесе
мекенжайларын айтады, бұл ретте жаттығудың дұрыс орындалғаны тексеріледі.
Жаттығудың психологиялық мәні:
күрделі ақпаратпен еш сөз айтпастан алмасуға болатынын
көрсету, экспрессия және вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Жұмыс барысында туындаған
әсерлермен бөлісу
. Егер оқушыларда қиындық туса, оның немен
байланысты екенін және оны қалай еңсеруге болатынын айтсын.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Қазіргі әлемде түрлі деңгейде коммуникация жасай білу несімен маңызды?