Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет30/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

 
 
 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
37 
«Көзбен тұрғызу» тапсырмасы 
Уақыт:
5 минут
Процесі: 
Топ мүшесінің бірі бүкіл топты «орнынан тұрғызуы» тиіс. Яғни ол басқа адамның көзіне тіке 
қарап, визуалдық байланыс орнатып, орнынан тұрғызады. Ол адам ішінен 5-ке дейін ақырын 
санап, тұра бастайды. Осылайша бүкіл топ орнынан тұруы тиіс. 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
Үй тапсырмасы: 
Достарыңмен немесе жақындарыңмен бірге белсенді тыңдау техникасына бағытталған 
жаттығу орындап көріңдер. 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
38 
14-сабақ 
 
Тақырыбы: Коммуникация.
Ұғымдар: сөйлеушінің дене тұрысы, арақашықтық, байланыс. 
Сабақтың мақсаты: сөйлеушінің көңіл-күйін анықтауды және тиімді коммуникация үшін 
кері байланыс орнатуды үйрену. 
Әдістері: әңгімелесу, дәптермен жеке жұмыс істеу, кері байланыс сауалнамасы. 
Ресурстар: «Көшбасшылық зымыраны» жаттығуы, жұмыс дәптері, топтық өсу кестесі. 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Самурай, ханшайым және айдаһар» сергіту сәті 
Уақыт: 5 минут 
Процесі: 
«Екі командаға бөлініп, сапқа тұрыңдар – бір команда екіншісіне қарама-қарсы тұрады. Бұл 
жарыс сияқты жаттығу. Командалар бір-бірімен жарысады. Үш ұпайға дейін ойнаймыз. Жарыс 
өткізу үшін үш фигураны жаттап алуымыз керек. Назар аударыңдар, фигураларды көрсетемін» 
(мұғалім оларды кезекпен-кезек көрсетеді, ал оқушылар есте сақтау үшін оларды қайталайды). 
Ханшайым:
Тренер әдемі көйлек кигендей жүріп, «Ля-ля-ля-ля» деп әндетеді. 
Айдаһар:
Тренер аяғы иық деңгейінде, қолы басының үстіне көтерілген, саусақтары тырнақтар 
сияқты ашылған. Айдаһарға тән ызалы «А-А-А-А!!!» дыбысын шығарады. 
Самурай:
Тренер күресетіндей болып тұрады: бір аяғымен тізе бүгіп тұрып, бір қолын алға 
созады, қиялдағы семсерді қарсыласқа сермегендей болады. Және «У-У-У-У!!!» деген дыбыс 
шығарады.) 
Командаларға қандай фигураны көрсететінін таңдау үшін 30 секунд беріледі. Одан кейін 
тренер «Үш-екі-бір!» деп айтады. Сол кезде екі команда таңдаған фигураларын бір уақытта 
көрсетеді. Олар бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін. Бірдей болса, ойын нәтижесі тең болады. 
Әртүрлі болса, «Самурай Айдаһарды өлтіреді», яғни Самурайды бейнелеген команда ұпай 
жинайды. Сәйкесінше, егер Айдаһар Ханшайымды жеп қойса, Айдаһарды бейнелеген команда 
ұпай жинайды. Егер Ханшайым Самурайға ұнап қалса, Ханшайымды бейнелеген команда ұпай 
жинайды. 
«Ал, бастайық! Көбірек ұпай жинау үшін қандай фигура бейнелейсіңдер? Ол үшін 30 секунд 
бойы ойланып, келісіңдер». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет