Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет26/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ
CLIL METHODICS, CLIL METHODICS, Ерғазы, зертханалық 8 сынып, тәробие сағаты, 7 сынып КТП 68 сагат 2-тоқсан жаңасы, 5 Қ.Тарих. Жылдық жоспар (1), 3-нұсқа пиза, 5 сынып күнтізбелік жоспар, журнал
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
31 
12-сабақ 
 
Тақырыбы: Коммуникация.
Ұғымдар: вербалды және вербалды емес коммуникация. 
Сабақтың мақсаты: вербалды және вербалды емес коммуникация құраушыларын меңгеру. 
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар, эстафета. 
Ресурстар: жаттығулар, плакаттар, поститтер, маркерлер. 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт:
5 минут
«Коммуникация туралы не білеміз?» эстафетасы 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ эстафета принципі бойынша бір параққа анықтамалар, 
тезистер, әдістемелердің атауларын жазады. 
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес 
Уақыт: 5 минут
Вербалды байланыс – ол біз айтатын сөздер. Ол сөздердің мағынасы. 
Жазу және сөйлеу өте маңызды.
 
Вербалды емес байланыс:
Дыбыстық: дауыс тембрі, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, тіл (әсіресе шет тілі болса). 
Визуалдық: көз қарашығының өлшемі; сөйлеушілер арасындағы арақашықтық; тыныс алу 
жиілігі; қимылдар, дене қимылдары; дене мүсіні; киім; бет әлпеті; мәртебе белгілері; көзге тік 
қарау. 
Вербалды коммуникация белгілі бір ақпаратты беретін ауызша және жазбаша байланыстарды 
қамтиды. Вербалды емес коммуникация сөздерді, ауызша немесе жазбаша тілді қолданбай 
ақпарат беруді білдіреді. Бұл ретте біз ақпаратты көзбен көру арқылы алып, оны бет әлпеті, 
қимыл, тұрыс, мимика, жалпы сыртқы көрініс сияқты мінез-құлықтың мәнерлі элементтерімен 
бекітеміз. Вербалды емес коммуникация сөздерді толықтырады, суреттейді немесе ерекшелеп 
көрсетеді. Кейде вербалды емес сигналдар мен ауызекі сөз тіпті бір-біріне қайшы келеді. Бұл 
жағдайда біз әдетте естігеннен гөрі көргенге көбірек сенеміз. Осылайша, вербалды емес 
коммуникация тиімділігі жағынан кейде вербалды коммуникациядан да асып түседі. 
Вербалды және вербалды емес коммуникация арасында келесі айырмашылықтарды бөліп 
көрсетуге болады. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
32 
1. Вербалды коммуникация саналы, ал вербалды емес сигналдар автоматты және бейсаналық 
болып табылады. Адам қандай да бір әңгіме барысында дене қимылдарын жоспарламайды, 
бірақ әдетте не айтқысы немесе жазғысы келетіні туралы ойлайды. 
2. Вербалды емес коммуникация вербалды коммуникация сияқты әрдайым анық бола бермейді 
және нақты ережелермен анықталмайды. Егер сұхбаттас сағатқа қараса, ол не білдіруі мүмкін? 
Ол сөйлесуден шаршады ма, әлде шұғыл жұмыстары бар ма? 
Байланыс туралы әсер, әсіресе бір-бірін онша танымайтын немесе мүлдем бейтаныс адамдарда 
90%-ға вербалды емес элементтерден және тек 10%-ға вербалды компоненттен, яғни 
әңгімелесушінің не айтатынынан тұрады. Осыдан болар, қазір әлеуметтік желілерде бет-жүзі 
әдемі, жақсы сөйлейтін танымал блогерлер өте көп, бірақ олардың сөздері көп жағдайда 
мағынасыз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет