Күні________________
№1 зертханалық жұмыс.
Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу
Жұмыс мақсаты:дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап,өсімдік ұлпаларының құрылысымен танысу.
Құрал-жабдықтар:микроскоп,өсімдік жасушалары мен ұлпаларының дайын микропрепараттары.
Жұмыс барысы
1.Өсімдіктің 6 түрлі ұлпасының әрқайсысының құрылысын қараңдар.
2.Ұлпалардың әртүрлі типтерінің құрылысының мынадай қырына назар аударыңдар:
1)Жасушалар бір типті ме? Олардың пішіндері қандай?
2)Жасушалар тығыз орналасқан ба,әлде бос орналасқан ба?Жасушааралық қуыстары ірі ме,әлде жасушалар бір-біріне тығыз орналасқан ба?
3)Вакуольдің құрылысы қандай? Олар көріне ме?
4)Пластидтері көріне ме? Егер көрінетін болса,түсі қандай?
5)Көрген ұлпалардың суретін салыңдар.Олардың атауларын жазыңдар.
6)Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама беріңдер.
Кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.
Сипаттамасы
(белгісі)
|
Өсімдік ұлпаларының типтері
|
жабын
|
түзуші
|
негізгі
|
тірек
|
өткізгіш
|
бөлуші
|
Орналасқан жері
|
|
|
|
|
|
|
Ұлпа тип тармағы
|
|
|
|
|
|
|
Жасуша пішіні
|
|
|
|
|
|
|
Жасуша типтері
|
|
|
|
|
|
|
Жасушалар қалай орналасқан?
|
|
|
|
|
|
|
Вакуолінің болуы
|
|
|
|
|
|
|
Ерекшеліктері
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды.Ұлпалардың құрылысы мен қызметінің өзара байланысты екенін өсімдік ұлпасының кез келген типінің мысалында дәлелдеп,
қорытынды жасаңдар.
Дескриптор Білім алушы(білу,түсіну)
- микраскоп арқылы өсімдік ұлпалардың типтерін
анықтайды;
- өсімдік ұлпаларының ерекшеліктерін ажырата алады;
- ұлпадағы жасушалардың пішіні мен орналасу тәртібін
анықтай алады;
- қандай ұлпада вакуольдің болатындығын анықтайды;
- ұлпалардың құрылысы мен қызметін талдап,қорытынды
жасайды;
Күні________________
№2 зертханалық жұмыс.
Жануарлардың ұлпаларын жіктеу
Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, ұлпалардың құрылысымен танысу.
Құрал-жабдықтар:микроскоп,жануар ұлпасының дайын микропрепараттары.
Жұмыс барысы
1.Жабын,дәнекер,бұлшық ет,жүйке ұлпаларының микропрепараттарын қараңдар.Олардың құрылысындағы ұқсастықтары мен айырмашлылықтары туралы қорытынды жасаңдар.
2.Бар болса,осы ұлпалардың негізгі және қосымша жасушаларын табыңдар.
3.Жабын және жүйке ұлпаларының жасушалары қалай бір-біріне жанасып жатады?
4.Микропрепараттарды оқулықтағы суреттермен салыстырыңдар.Осы ұлпалардың ағзадағы орнын анықтаңдар.
5.Қарастырған ұлпалардың суреттерін салыңдар,олардың атауларын жазыңдар.
6.Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама беріңдер.Кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.
Сипаттамасы
(белгісі)
|
Жануар ұлпаларының типтері
|
эпителий
|
бұлшық ет
|
жүйке
|
дәнекер
|
Орналасқан жері
|
|
|
|
|
Ұлпа тип тармағы
|
|
|
|
|
Жасуша пішіні
|
|
|
|
|
Негізгі және қосымша ұлпалар
|
|
|
|
|
Жасушалар қалай орналасқан?
|
|
|
|
|
Жасуша бояуының ерекшеліктері
|
|
|
|
|
Қорытынды:Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама беріңдер.Дәптерге «ұлпа» түсінігіне анықтама жазыңдар.
Дескриптор Білім алушы(талдау)
- микраскоп арқылыжануар ұлпалардың типтерін
анықтайды;
- ұлпадағы жасушалардың пішіні мен орналасу тәртібін
анықтай алады;
- негізгі және қосымша ұлпалардың айырмашылығын
анықтайды;
- ұлпалардың құрылысы мен қызметін талдап,қорытынды
жасайды
Күні________________
№3 зертханалық жұмыс.
Өсімдікбөлімдерінің:балдырлар,мүктәрізділер,қырықжапырақтәрізділер
ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ерекше белгілерін анықтау.
Жұмыс мақсаты:өсімдіктердің негізгі топтарының құрылысының ерекшеліктерін анықтау.
Құрал-жабдықтар:мүктәрізділер,қырықжапырақтәрізділер,ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың кеппе-өсімдіктері мен суреттері.
Жұмыс барысы
1.Ұсынылған өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің кеппеөсімдігін қараңдар.
2.Өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің мүшелерін анықтаңдар.
3.Қарастырылып отырған мүшелердің құрылысының ерекшелігіне назар аударыңдар.
4.Жасаған бақылау негізінде кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.
Белгі
|
мүктәріздестер
|
Қырықжапырақ
тәріздестер
|
Ашық
тұқымдылар
|
Жабық
тұқымдылар
|
Тамыр
(ерекшелігі)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабағы
(ерекшелігі)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жапырағы
(ерекшелігі)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Споронгий
(болуы)
|
|
|
|
|
Тұқымы
(ерекшелігі)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жемісі
(ерекшелігі)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Гүлі
(ерекшелігі)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды:күрделену-эволюция барысында өсімдік бөлімдерінің жетілу үдерісін дәлелдеңдер.
Дескриптор Білім алушы (қолдану)
- кеппешөп арқылы өсімдік мүшелерін анықтайды;
- өсімдіктің әрбір бөлімдерінің сыртқы құрылысына
қарап ерекшеліктерін ажырата алады;
- әрбір мүшелердің орналасу тәртібін анықтай алады;
- эволюция барысында өсімдік мүшелерінің күрделенуін
талдап,қорытынды жасайды;
Күні_______________
№4зертханалық жұмыс
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер
кластарының белгілерін зерттеу
Жұмыс мақсаты:нақты өсімдіктің қандай класқа жататынын анықтауды үйрену.
Құрал-жабдықтар:даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер өкілдерінің ірі тұқымдар жиынтығы мен кеппеөсімдік материалдары.
Жұмыс барысы
1.Берілген өсімдіктердің тұқымдарына қараңдар,олардың қабығын алып тастаңдар.Оларды екі жарты бөлікке бөлуге бола ма?Анықтаңдар.
2.Берілген өсімдіктің әрқайсының кеппеөсімдігін қараңдар.
3.Жапырақ,тамыр,жүйесінің типі,жүйкелену типі сияқты құрылысын анықтаңдар.
4.Гүлдердің құрылысына қараңдар.Гүл бөліктерін санаңдар.Тостаған жапырақшалары бар ма?
5. Жасаған бақылаулар негізінде өсімдіктердің гүлді өсімдіктердің белгілі бір класқа жататыны туралы қорытынды жасаңдар.
6. Гүлді өсімдіктердің екі класының негізгі айырмашылықтарын белгілеп,кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.
Даражарнақтылар класы
|
Белгісі
|
Қосжарнақтылар класы
|
|
Тұқымдағы тұқымжарнағының саны
|
|
|
Тамыр жүйесінің типтері
|
|
|
Жапырақтарының жүйкелену типтері
|
|
|
Жапырақтарының типтері
|
|
|
Тостаған жапырақшаларының болуы
|
|
|
Гүл бөліктерінің еселенуі
|
|
|
Камбий мен сүрегінің болуы.
|
|
|
Тіршілік формалары
|
|
Қорытынды: қарастырған өсімдіктердің кластарын дұрыс анықтағандарыңды дәлелдеңдер.
Дескриптор Білім алушы(талдау)
- тұқым жарнағы арқылы өсімдіктің класын анықтайды;
- өсімдіктердің класы бойынша өсімді мүшелерін
ажырата алады;
- көбею мүшелеріндегі ерекшеліктерді анықтай алады;
- кесте арқылы екі класқа жататын өсімдіктердің
құрылысы мен қызметін талдап,қорытынды жасайды;
Күні________________
№5 зертханалық жұмыс.
Азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтау
Жұмыс мақсаты:азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтаудың қарапайым әдістерін меңгеру.
Құрал-жабдықтар:қара қарақат,лимон,алма,ашыған қырыққабат,апельсин,картоп шырыны, дистилденген су,крахмал суспензиясы немесе коллоид1,дәріханалық йод,5%-дық спирт ерітіндісі, химиялық ыдыс.
Жұмыс барысы
1.Әртүрлі сынауыққа 20 мл-ден шырын құйыңдар.
2.Шырынға дайындалған крахмал суспензиясынан шамамен 5 мл су құямыз.Сосын сынауықтағы қоспаны араластырамыз.
3.Йод ерітіндісін 40 есе сұйылтамыз.Енді осындай йодтың 1 мл-іне 0,875 мг С дәрумені сәйкес келеді.
4.Арнайы химиялық ыдыс арқылы шырыны бар сынауықтарға тамшылатып(титрлеу) дайындалған йод ерітіндісін қосыңдар.Жұмсалған йод мөлшерін мұқият санап алыңдар.
5.Шырыны бар ерітіндінің көкшіл түске айналуы бұл-йодтың С дәруменін толықтырып һ, крахмалмен әрекеттесе бастағанына дәлел.Әр сынауыққа неше мл йод жұмсалғанын жазыңдар.
6.Йод сынамасы бояуының өзгеру дәрежесі және жұмсалған йод мөлшері бойынша әртүрлі өсімдік шырынындағы С дәруменінің мөлшері туралы қорытынды жасаңдар.
7.Шырындарды Сдәрумені мөлшерінің арту реті бойынша орналастырып, кестені толтырыңдар.Сдәруменінің мөлшерін шамамен есептеп, көрсетуге болады.
Дескриптор Білім алушы(талдау)
- әр түрлі тағам құрамынан С дәруменін анықтайды;
- йод ерітіндісі арқылы әр шырынның құрамындағы
Сдәруменінің мөлшерін ажырата алады;
- кесте арқылы Сдәруменінің мөлшері бойынша өсу
тәртібін анықтай алады;
- шырындардың құрамындағы Сдәруменін
талдап,қорытынды жасайды;
Күні________________
№6 зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |