Есту ерекшеліктерін зерттеу(есту қабілетін анықтау)
Жұмыс мақсаты:есту қабілетін анықтау
Құрал-жабдықтар:сыбырлап сөйлеуді анықтауға арналған сөздер жазылған кесте,7 м-ден кем емес рулетка
Жұмыс барысы
Жұппен жұмыс істеу керек:алдымен бір оқушы зерттелуші,екіншісі зерттеуші рөлін атқарады.Сосын рөлдерін ауыстырады.
1.Толық тыныштықта 6,5-7 м арақашықтықта зерттелуші кестедегі сөзді сыбырлап айтады.
2.Зерттелуші кезек-кезек біресе оң,біресе сол құлағын жауып,зерттеушінің сөзін қайталайды.Зерттеуші сөздің дұрыс не қате айтылғанын жазып алады.
3.Егер айтушының сөзі қате болса,арақашықтық біртіндеп 5 м-ге дейін қысқартылады.
Сыбырлап сөйлеуді зерттеуге арналған сөздер кестесіне мысал:
Жиілігі төмен сөздер Жиілігі жоғары сөздер
|
Бала Рига Вагон Саша Шұжық Басқа
Дәм Бөбек Мәре Жас Шұлық Босқа
Олжа Дін Өрік Шаш Тас Тіс
Үкі Қайрат Қалам Шай Құлық Шу
Мәре Ұн Өгіз Сіріңке Зат Шайға
|
Есту қабілетің туралы қорытынды жаса.Қалыпты есту 6 м-ден алыс қашықтықта,ал нашар есту 5 м-ден аз қашықтықта сыбырлап сөйлеуді анықтауға байланысты екенін ескеріңдер.
Дескриптор Білім алушы(қолдану)
- Есту қабілетін анықтайды;
- дыбыстаудың қашықтығы арқылы оқушылар есту
мүмкіндігін ажырата алады;
-Есту қабілеті туралы қорытынды жасайды.
Күні________________
№13 зертханалық жұмыс
Соқыр дақты анықтау.Түстерді алмастыра отырып,сүйек және ауа
өткізгіштігін анықтау
Жұмыс мақсаты:торлы қабықтағы соқыр дақты табу.Түстерді алмастыра отырып,сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау.
Құрал-жабдықтар:соқыр дақты анықтауға арналған суреттер,түрлі түсті
бояулар:қызғылт,қызғылт сары,сары,жасыл,көк және т.б., қылқалам,суы бар ыдыс.Тербеліс жиілігі 128 Гц және 2048 Гц болатын екі камертон.
Достарыңызбен бөлісу: |