Пәндер мемлекеттік емтиханына шығарылатын бөлімдердің мазмұны
ОРМАН ТҰҚЫМ ІСІ
Қазақстандағы орман тұқым ісінің тарихы мен қазіргі жағдайы. Тұқым негізгі шығу материалы, Қазақстанда орман тұқымдарына сұраныс және оларды дайындау көлемі. Тұқым мен жемістің құрылысы. Тұқымның толысу фазалары мен пісіп-жетілу белгілері.
1 Ағаштар мен бұталардың жеміс беруі
Ағаштар мен бұталардың жеміс беруі, оларға әсер ететін әр түрлі факторлар (генотиптік және экологиялық). Жемістенудің кезеңдігі, оларды анықтайтын факторлар, жеміс берудің кезеңдігін өзгерту.
Орман тұқымдарының өнімдерін есептеу және болжау. Екпе ағаштың тұқым өнімділігі. Есептеудің мақсаты мен әдістері, жаппай жинау санын есептеу, үлгі ағаштарынан, статистикалық-санақ, жерге түскен жемістер мен тұқымдардан, өнімді салыстырмалы бағалаудың - фенологиялық әдісі, бұтақтары бойынша. Өнімділікті болжау: қысқа мерзімде – фенологиялық бақылау; ұзақ мерзімде – метеорологиялық, энтомологиялық, статистикалық-санақ, генеративті бүршіктер бойынша және т.б.
2 Орман тұқым базасын ұйымдастыру
Орман тұқым ісінің селекциялық-генетикалық алғышарттары. Тұқымдардың селекциялық санаттары. Ағаштар мен екпе ағаштарды селекциялық бағалау.
Орман тұқым учаскелері (тұрақты және уақытша), орман тұқым плантациялары, оларды құру тәсілдері, өсіру мен пайдалану. Орман тұқым учаскелері мен плантацияларында тұрақты өнім алу үшін жеміс беруді үдету әдістері. Мамандандырылған орман тұқым шаруашылығы. Орман тұқымдарын дайындау мен көшіруді аудандастыру, оларды ғылыми негіздеу. Ағаштар мен екпе ағаштарды селекциялық түгендеу. Клонды архивтер мен селекциялық - аналық плантацияларды құру.
Орманның генетикалық қоры, оларды бөлу және сақтау. Резервтегі қорды сақтау формалары. Резервтегі тұқым қорын сақтау.
3 Орман тұқым шикізатын дайындау, өңдеу және сақтау
Тұқымды жаппай дайындау және олардың сапасын бағалау алдында екпе ағаштарды тексеру. Орман тұқым шикізатын дайындау тәсілдері; жер бетінен жинау техникасы, кесілген ағаштардан, өсіп тұрған ағаштар мен бұталардан; жұмыстарды механикаландыру, орман тұқым шикізаттарын қабылдау мен есептеу, тұқым алу үшін оларды өңдеуге дайындау.
Қылқанды ағаш түрлерінің бүрлерінен тұқымды шығарып алу; теориялық алғышарттары; бүркептіргіштер, олардың типтері, құрылысы мен жұмыс процесі, әртүрлі типтегі бүрікептіргіштердің өнімділігі. Майқарағай, самырсын, европа балқарағайы және арша ағаштарының бүрлерінен тұқым шығарып алу. Қанатсыздандыру, тазалау және тұқымды сұрыптау, орман тұқым шикізатынан тұқым шығымдылығы. Құрғақ және шырынды жемісті жапырақты ағаштардан тұқым шығарып алу.
4 Орман тұқымдарын сақтау және тасмалдау
Қылқанды және жапырақты ағаштардың тұқымдарының себу сапасын сақтау жағдайлары. Тұқым сақтау қоймалары. Олардың құрылысы мен типі, тұқым сақтауға қажетті жағдайлар. Орман тұқымдарын қаптау және тасмалдау.
Тұқымдарды паспорттау. Тұқым партиясы, орташа үлгі және біртектілігінің белгілері.
5 Тұқымның себу сапасы және оларды себуге дайындау
Тұқымның себу сапасы көрсеткіштері мен оларды анықтау әдістері (тазалығы, 1000 тұқым салмағы, ылғалдығы, өнгіштігі, өсу қуаты, өміршеңдігі, сапалылығы, толық дәнділігі, шаруашылық жарамдылығы, тұқымның орташа тыныштық күйі, сапа класы); тұқымның себу сапасын анықтауға қолданылатын аспаптар мен аппараттар; стандарттау және орман тұқымдарын құжаттау. Орман тұқымдарын бақылау станциялары, олардың еліміздегі орман тұқымдарын бақылауды ұйымдастырудағы міндеттері мен ролі; тұқым карантинін бақылау.
Тұқымдарды себуге дайындаудың теориялық негізі; тұқымдардың тыныштық күйінің түрлері және оларды ұзарту тәсілдері, биологиялық үрдістер, тұқымдарда өтетін процесстер. Стратификация және басқа да тұқымдарды себуге дайындау тәсілдер.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1. Литтл Т., Хиллз Ф. Сельскохозяйственное опытное дело. Планирова-
ние и анализ. Перевод с англ. М., Колос, 1981, 319с.
2. Wood S.N. Generalized Additive Models: An Introduction with R. - Chapman and Hall/CRC – 2006, 397 pages
3. Справочник по лесосеменному делу (под. ред. А.И.Новосельцевой). - М., 1978. - 335 с.
4. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. - Алматы, 2015. - 117 с.
5. Кентбаев Е.Ж., Кентбаева Б.А. Деревья и кустарники Казахстана для лесовыращивания. Алматы, 2015. - 343 с.
6. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. М., 1980, 1985.
7. Байзаков С.Б., Медведев А.Н., Искаков С.И., Муканов Б.М. Лесные культуры в Казахстане. 1 и 2 книги, Алматы, 2010
8. Кентбаев Е.Ж., Кентбаева Б.А., Қаспақбаев Е.М. Қазақстан екпе ормандарын өсіру ағаштары мен бұталары / Орман, экология және биология мамандықтарының арналған оқулық. Алматы, «Нұр Принт», 2015.
қосымша:
1. Медведев А.Н., Бессчетнов В.П., Кентбаев Е.Ж. Учебно-методическое пособие по лесосеменному делу. - Алматы, 1998. - 30 с.
2. Огиевский В.В., Огиевский В.В., Родин А.Р., Рубцов Н.И. Лесные культуры и мелиорации. - М.: Лесная промышленность, 1974. - 376 с.
3. Кентбаев Е.Ж., Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело // Электронный учебник. – Алматы, 2009г.
4. Семена деревьев и кустарников. Правила отбора образцов и методы определения посевных качеств семян (Государственные общесоюзные стандарты). Госкомстандарт. - М., 1991г.
Достарыңызбен бөлісу: |