Пәндер мемлекеттік емтиханына шығарылатын бөлімдердің мазмұны



бет5/5
Дата09.12.2022
өлшемі38,85 Kb.
#162074
1   2   3   4   5
Байланысты:
172838294var 1551
Оразбек Айжан БТ 21 11, f60503b35424760, Untitled, 12 тема, 10-сынып Қазақ әдебитеті ЖБ 2-т бжб1
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚҰРУ

«Орман шаруашылығын құру» - ормандарды түгендеу, орман шаруашылығын ұйымдастыру, орман шаруашылық іс шараларын, оны үздіксіз және үнемді пайдалану, өнімділігін көтеру мен оны қорғау және күзету жұмыстарын жобалауға бағытталған маңызды мемлекеттік шара болып табылады.


Ұзақ жылдарға бағытталған мемлекеттік орман мекемелерін ұйымдастырумен оның дамуы қаралғанда «Орман шаруашылығын құру» негізінен таксациялық көрсеткіштеріне, қолданылып жүрген нормативтік сұрақтама материалдарына, заң актілерінің ұсыныстарына және үкіметтің орман шаруашылығына байланысты қаулыларына сүйенеді.

1 Орман шаруашылығын құрудың жалпы негіздері


Орман шаруашылығының келешекте даму және ұйымдастыру негіздерін айқындаушы экономикасы. Орман мемлекеттік және жеке меншікте.
ҚР заң актілері, орман шаруашылығына байланысты ҚР заң актілері және қоршаған ортаны қорғау туралы үкімет қаулылары. Орман шаруашылығын жүргізудің дамуы мен жалпы экономикалық жағдайлары. Мемлекеттік орман қоры. Орман шикізатының ресурсы. Қазіргі кездегі сүректі және рекреациялық пайдалану. Сүректі кешенді пайдалану. Сүректі пайдалану, сұрыптау жүйесі. Орман шикізат ресурстары мен орман пайдалануды қажеттілігіне орналастыру. Сүректердің пайдалану, үздіксіз және есептеу сипаты мен орман орналастырудың әдісі, орман потенциалы мен орман пайдалану тепе-теңдігі.

2 Орман шаруашылығының түрлері


Орман шаруашылығы пішіндерінің классификациясы. Орман алқаптарының шығу тегі бойынша пішіні: биік діңді, аласа дінді және орташа шаруашылық. Тауарлық пішіні бойынша: ірі тауарлы және ұсақ тауарлы шаруашылық. Кесу тәсілі бойынша пішіні: жаппай кеспе ағаш, тұқымдық кеспе ағаш, таңдамалы шаруашылық кесулер. Ормандарды әр түрлі мақсатқа тағайындалған дифференциалдық шаруашылық пішіні. Қазақстан ормандарының орман шаруашылығындағы басым көпшілік пішіні.

3 Орманның пісіп жетілуі


Орманның пісіп-жетілуі туралы жалпы мағлұмат. Орманның қайта түлеуінің және табиғи пісіп – жетіліу жасы. Қайта және табиғи түлеудің жасы. Сандық түлеуі. Сапалық түлеуі. Техникалық түлеуі. Басқада түлеу түрлері. Орманның пісіп-жетілуі туралы бастапқы анықтаушы ақпараттар мен әдістері және техникалық қуралдары. Су барысының және сортименттер мен тауарлық кестелері негізінде сандық және техникалық пісіп-жетілуін анықтау. Орманды түгендеу мәліметтермен пісіп-жетілуін анықтау. Техникалық пісіп-жетілуін зауыт – фабрикалардың өнімдері арқылы аңықтау. Орман шаруашылығында орманның теориялық пісіп-жетілуінің дамуы.
4 Кесу айналымы, кесу жасы, шаруашылық айналымы
Кесу айналымы туралы түсінік. Кесу айналымының үлгісі. Орман шаруашылығындағы кесу айналымының маңызы. Кесу айналымын анықтауы. Түлеп өсу кезеңін есепке алу. Кесу айналымы мен жас құрылымы арасындағы байланысы. Орман шаруашылығын ұйымдастырудың негізі болып орманның кесу жасы болып табылады. ҚР Орман және аң шаруашылығы комитеті бекіткен оптималды кесу жасы. Шаруашылық айналымы туралы түсінік.

5 Орман шаруашылығын құру нысанын зерттеу және оның


сипаттамасы
Орман шаруашылығын құру объектісі, оның әкімшілік-шаруашылыққа бөлінуі. Ауданның табиғи – тарихи жағдайын зерттеп білу. Жағрафиялық жағдайы, ауа-райы, топырағы, рельефі. Гидрологиялық жағдайы. Орман өсіру аймағы. Орманның жағдайы және түлеп өсу биіктігін зерттеу. Ормандарды картаға түсіру. Объектіні кварталдарға бөлу. Ормандарды түгендеу. Далалық және камералық өңдеу жұмыстары. Орман түгендеу корытындысы бойынша жинақталған мәліметтер. Орман шаруашылығының экономикалық жағдайын зерттеу. Әкімшілік-шаруашылық және экономикалық аудандастыруға бөлу. Орман қорының көлемі. Басты халық шаруашылығының саласы. Аудан халқының тығыздығы мен еңбек ресурстары. Аудан халқының отынға қажеттілігі, қанағаттанарлық дәрежесі мен қайнар көзі. Сүрекдіңнің орман таксалары. Орман шаруашылығы өнімдерінің аудан экономикасындағы маңызы. Орман орналастыру объектісі, орман (шикізат базасы болып келетін) өнеркәсіп мекемелерінің шикізат базасы болып табылуы. Оның бұрынғы және қазіргі кездегі жағдайларының сипаттамасы. Талдау жасау кезеңіндегі орман қорындағы өзгерістер. Орман шаруашылық іс шараларының талдауы және орман шаруасының дамуына тигізетін әсер. Жұмысшы және ИТК қамтылуы.

6 Орман шаруашылығын дамыту мен ұйымдастыру негіздері


Ағаш тасымалдау түріне және орналастырып жатқан объекті территориясын дайындау. Шаруашылық бөлімдерді бөлу. Басты тұқымдаспен жолшымалы тұқымдастарды тағайындау. Кесу тәсілімен орманды орнына келтіруді шешу. Шаруашылық секция тағайындау. Кесу жасын тағайындау.

7 Орманды пайдалану


Орман пайдалану түрлері, олардың классификациялануы, ролі. Орманды басты пайдалану. Басты пайдаланудың теориясымен тәсілдері. Қалыпты кеспе ағаш, жасына байланысты кесу, интегралдық кеспеағаш, өсім бойынша кеспеағаш, жағдайы бойынша кеспеағаш. Басқа кесу тәсілдері. Есептелген кеспеағаш, тағайындау. Оны тағайындайтын критериі. Кеспеағаш ретін бекіту. Ағаш пайдалануды сұрыптаумен есептеуге ЭВМ бағдарламаларын пайдалану. Басты пайдалану, оның есебімен көлемі. Аралы пайдалану. Орман күту, кесу шешімін есептеу және жобалау.

8 Орманды аралық пайдалану мен жанама пайдалану


Орманды қосымша пайдаланудың негізгі түрлері. Орманды мәдени-сауықтыру мақсатында пайдалану. Орманды аңшылық шаруашылығы қажетіне пайдалану. Бекітіліп берілген министрліктің мекемелерімен ведомтсваларының, қорықтағы ормандардың пайдалану ерекшеліктері.

9 Орман шаруашылық іс шараларын жобалау


Орманды өрттен қорғау жобасы. Ескерту шаралары. Орман өрттерін табу және сөндіру шаралары. Аймақты өртке қарсы орналастыру. Орман заңдарын бузудан қорғау. Орманды қорғау шаралары көлемін негіздеу. Орман өсіру және қайта қалпына келтірудің жобалау шаралары. Екпе орман қоры. Екпе орман жумыстарды механикаландыру.

10 Орман орналастыру нысаны. Орман орналастыру жұмыстары. Орман орналастырудың қайталанылуы


Орман шаруашылығын жүргізетін заңды және жеке тұлғалардың тұрақты жер пайдалануындағы орман қорының жерлері орман орналастыру нысаны болып табылады.
Орман иеленушісі аумағының бір бөлігінде ғана орман орналастыруды жүргізуге болады, бірақ ол бір орманшылықтың немесе шеберлік учаскенің аумағынан кем болмайды.

11 Орман орналастыру жұмыстарының түрлері мен разрядтары


Орман орналастырудың негізгі әдістері ретінде жас кластары әдісі мен учаскелік әдіс алынады.
Орман орналастырудың разряды орман орналастыру жұмыстарының бөлшектік дәрежесін көрсетеді. Орман орналастырудың үш разряды бар. Жеке объектілерде немесе олардың бір бөлігінде орман орналастырудың разрядын өкілетті орган белгілейді.

12 Шаруашылық бөлімшелерге бөлу


Жобаның негізгі көрсеткіштер: орман орналастыру директивтерінің орындалуы, орман қорын пайдалану, орман қорындағы тексеру соңындағы өзгерістер. Орман өнімділігін көтерудің болжамдары. 1-га орман алаңына бағытталған кіріс пен шығыс.

13 Орман орналастыру мәжілістері. Орман орналастыруға дайындық шаралары


Далалық орман орналастыру жұмыстары басталарда орман орналастыру мекемесінің мамандары телімнің таксациялық көрсеткіштерін көз мөлшермен қажетті нақтылықпен анықтау мақсатында, орман шаруашылық шараларын және орман түгендеу тәсілдері мен әдістерін бірдей белгілеуден тәжірибе жинақтауда көзді жаттықтыру мақсатында үжымдық жаттығу жүргізіледі. Ұжымдық жаттығу үшін ағаш қүрамының, қүрылымының, жас және тауарлық қүрылымының, өнімділігінің, орман өсіру жағдайының әр -түрлілігін көрсететін объектіде көп тараған алқаағаштар іріктеліп алынады.

14 Орман таксациялык жұмыстары


Жоспарлы-картографиялық құжаттары: планшеттер, орман жоспары, типографиялық сүлбі, ормандар картасы. Аэро және ғарыштық суреттері. Кестелік құжаттар: геодезиялық журналдар, таксациялық журнал, сынау алаңдары модельдерінің ведомосі, класс жасы кестесі, бонитеті, толымдылық, қоры кварталдар бойынша қорытындысы, басты мақсатта пайдалану мен аралы пайдалану ведомосі. Ормандарды пішіні бойынша есептеу. Бірінші және екінші техникалық кеңеске қолжазба құжаттар. Орман құру инструкциясында көрсетілген басқада құжаттар.

15 Далалық орман орналастыру жұмыстарын өткізу-қабылдау мерзімі, тәртібі


Далалық орман орналастыру жұмыстарын өткізу әр орманшылық бойынша 1 қосымшаға сәйкес актімен рәсімделеді. Объекті бойынша жүмыстарды өткізу орманшылық бойынша жүмыстарды өткізу актісінің негізінде 5 күн мерзімінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, орман иеленушісінің мамандары қосымша тексеру жүргізеді.
Орман орналастыру мамандары далалық орман орналастыру жұмыстарынан келгеннен соң, орман орналастыру үйымының комиссиясы далалық техникалық құжаттарды тавдамалы әдіспен тексеріп, олардың сапасын, камералды өндеуге жарамдылығын анықтайды.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


негізгі


  1. Қазақстан Республикасының Орман Кодексі. Астана, 2003ж.

  2. Правила проведения лесоустройства в государствен ном лесном фонде РК. Астана, 2005г.

3. Анучин Н.П. Лесоустройство. Москва. Изд.МГУЛ, 2001г.

қосымша
1. Қазақ республикасының орманын қалпына келтіру үшін кесу және басты пайдалану үшін жүргізілетін кесудің негізгі ережелері.


2. Анучин Н.П. Теория и практика организации лесного хозяйства. М., . Изд.МГУЛ, 2007г.
3. Антанайтис В.В. Современное направление лесоустройства. М. Изд.МГУЛ, 2007г.
4. Бугаев В.А. Основы лесоустройства. Изд., Воронежск. университета, 2005г.
5. Ермаков В.Е. Лесоустройство - Минск, Высшая школа, 2002г.
6. Байзаков С.Б., Токтасынов Ж.Н. и др. Леса и лесное хозяйство Казахстана, Алматы, 2006г.
7. Ludek Praus, Barbora Vojaskova. Urban forestry. Lecture notes. 2014

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет