Домбыра Домбыра – қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы. Домбыраны самырсын, шырша, қарағай, т б. ағаштан, ал ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасайды
Домбыра – қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы. Домбыраны самырсын, шырша, қарағай, т.б. ағаштан, ал ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасайды.
Атақты домбырашылардың бiрi Қазақ халқының музыканты және Қазақ музыкалық мәдениетiнiң дамуына үлкен ықпал еткен Құрманғазы болып табылады. Ол шетелде де, Қазақстанда да музыкалық композицияларымен әйгiлi.
1989 жылы Алматы облысы, Майтөбе жайлауында профессор С.Акитаев жартас суреттерінен бір адамның аспапта ойнап, оның айналасында билеп жүрген адамдардың бейнесін көрген. Домбыра - әрбір қазақ үйінің қымбатты заты. Домбырамен күй тартуға, ән сүйемелдеуге болады. Оны халық күнделікті қолданады. Қазақ халқының айтуынша: «Домбыра тарта білмеген қазақ – қазақ емес».
Деңгейлік тапсырмалар орындау:
ІІ деңгей
1. Мына төрт бағанға мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазыңдар.
Қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады.