Бүгінгі сабақта: - Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастырып, жауап бересің; - Негізгі, туынды зат есімді анықтайсың; Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз. Мақсатымыз - білім алу, Міндетіміз – еңбектену. Еңбектену арқылы, “5 “- ке қолды жеткізу! “Ой қозғау” .
Әнші, қобызшы, күйші cөздерін сөз құрамына талда.
Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейді: ана, бала, кесте, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейді: іскер, суретші, оқулық.
https://www.youtube.com/watch?v=Ja-7aHeJExc 21- жаттығу. Мәтінді түсініп тыңда. Ананың асыл арманы Баяғы заманда жұпыны* ғана үйде бір әйел үш ұлымен тұрыпты. Әйел өте шебер кісі екен. Ол үнемі торқа* орамалды жібекпен кестелеп күнелтіпті. Бір күні әйел өзі кестелеген орамалдарын базарға сатуға апарады. Орамалдарын сатып болған соң, дүкен аралайды. Бір дүкеннен сондай әдемі сурет көреді. Суретте жеміс ағашының ішіндегі әдемі үй, айналасындағы көгал, оны қақ жарып аққан су, бақта сайраған бұлбұл бейнеленіпті. Әйел бар ақшасына әлгі әдемі суретті сатып алады. Әйел үйге келген соң, суретті балаларына көрсетеді. Сурет ұлдарына да қатты ұнайды. Шеше: – Осындай үйде мен де тұрар ма екем? – дейді. Кіші ұлы Сырбай: – Егер сіз осы суретті орамалға дәл өзіндей етіп кестелесеңіз, сол суреттегі өмірдің ішінде өзіңіз де тұрғандай болар едіңіз, – дейді. – Бұл да дұрыс екен. Осылай етіп бір көрейінші, – дейді де, әйел кестелеуге кіріседі. Ана үш жыл кестелеген орамалын сыртқа алып шығып, балаларын қасына шақырады. Орамалдағы ғажайып суретке үш ұлы да таң-тамаша қалады. «Не деген керемет кесте! Ғажайып сурет қой! Осындай да шеберлік болады екен-ау!» – деп таңданыпты олар. Мағзұм Тиесовтен Түсіндірме сөздікпен жұмыс Көгал– біркелкі, тегіс жерге өсірілген, шөбі қысқа, көп жылдық өсімдіктер алаңы. Шебер -өнері дамыған, іскер адам. Кестеленген -мата бетіне жіппен тігіп түрлі өрнек салу. Тапсырма: Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап бер.
Әйел қандай өнермен айналысады?
2.Ол қандай суретті сатып алды? 3.Әйелдің барлық ақшаға әдемі суретті сатып алу себебі неде деп ойлайсың? Дәптермен жұмыс 21-жаттығу Сөздерді салыстырып оқып, дәптерге көркем етіп жазу.
Өнер - өнерпаз Сурет - суретші Шебер - шеберлік Сый - сыйлық