БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
27
«Байланысу жолдары» ой-талқысы (тренер бір плакатқа жазады)
Уақыт:
10 минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер
Процесі:
Өте жақсы, балалар, сендер адамдардың бір-бірімен не үшін байланысатынын айттыңдар. Енді
бәріміз
бірге ойланайық, біз қалай байланысқа түсеміз (сөйлесеміз)?
Байланысудың қандай
жолдары бар?
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Уақыт:
10 минут
Материал: мәтін
Процесі:
5 ерікті шақырылады, олардың міндеті – келесі мәтінді жеткізу. Сонымен қатар, мәтінді оны
келесі адамға жеткізетін адам ғана тыңдай алады. Қалғандары есіктің артында тұрады.
Мәтін:
«Мектебімізге жаңа компьютерлер сатып алынды. Бір
айдан кейін кітапхананың
орнында
компьютерлік сынып болады, ал кітапхананы бірінші
қабаттағы бос кабинетке
көшіреді. Сабақтан кейін мектеп аумағын 30 минут бойы абаттандыратын оқушылар үшін
кешке компьютерлік сыныпта ойнауға болады».
Талқылау:
-
Неліктен ақпарат толығымен жеткен жоқ деп ойлайсыңдар?
-
Қандай сәттерде ақпарат жоғалады?
-
Күнделікті өмірімізде мұндай бола ма? Үйде, мектепте, достарыңмен?
-
Сендер айтқан нәрселер мүлдем басқаша түсінілген кездер болды ма?
-
Тыңдаушыға барынша көп ақпарат жету үшін не істеу қажет?
-
Өздерің үшін ақпаратты жоғалтпай, осы сияқты жағдайларды қалай азайтуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: