Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет19/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

 
9-сабақ 
 
Тақырыбы: Коммуникация.
Ұғымдар: коммуникация, байланыс, ақпарат алмасу. 
Сабақтың мақсаты: тоқсанның тақырыптарымен танысу; «коммуникация» ұғымын, оның 
заманауи әлемдегі маңыздылығын анықтау.
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар. 
Ресурстар: жаттығулар, «Болжамдар» плакаты», плакаттар, маркерлер, сурет үлгілері, 
жұмыс дәптерлері. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Бір-бірін таныстыру» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут
Процесі: 
Оқушылар жұптарға бөлініп, өздері туралы кезепен-кезек айтады. Айту жоспарын мұғалім 
хабарлағаны жөн. 
-
Сабақтардан не күтемін? 
-
Адамдардың бойында маған ұнайтын және ұнамайтын қасиеттер. 
-
Менің қызығушылықтарым. 
-
Бос уақытта айналысатын сүйікті ісім. 
-
Менің арманым. 
Тапсырманы орындау уақыты – 6-10 минут. Одан кейін бәрі шеңберге тұрып, алған 
ақпараттың негізінде серіктесі туралы қысқаша айтып береді (1,5-1 минут). 
Мұғалімнің кіріспе сөзі 
Уақыт:
5 минут
«Адамдардың байланысында үш қате болады: біріншісі – орынсыз сөйлеуге ұмтылу; екіншісі 
– ұялшақтық, қажет кезде сөйлемеу; үшіншісі – тыңдаушыға қарамай сөйлеу». Конфуций 
Біз бастайтын жаңа тақырып «Коммуникация» деп аталады.
Коммуникация дегеніміз не? (Оқушылардың жауап нұсқалары). Иә, дұрыс айтасыңдар. 
Коммуникация – ол ақпарат алмасу. Ол әртүрлі болады. Біз ең алдымен үйдегі 
жақындарымызмен, мектептегі достарымызмен және дүкендегі бейтаныс адамдармен күн 
сайын жасайтын коммуникацияларды қарастырамыз. Мұның бәрі байланыс түрлері.
Байланыс – адамдар арасындағы байланысу нысаны, өзара әрекеттесу, бірге жасалатын әрекет. 
«Байланысу» сөзі бірлесуді, біреумен бірге болуды, дос болуды, бөлісуді, біреуге қатысу 
үлесін беруді білдіреді.


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет