БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
19
7-сабақ
Тақырыбы: Команда.
Ұғым: командалық жұмыстың тиімділігі.
Сабақтың мақсаты: команданың қалыптасу процестерін анықтау; командаға, оның бірлігі
мен жұмысына не әсер ететінін анықтау.
Әдістері: жаттығулар, ой-талқы, презентациялар.
Ресурстар: жаттығулар, презентациялар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:
5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап,
орындау.
Уақыт:
5 минут
«Тиімді команда» ой-талқысы
Уақыт:
20 минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер
Процесі:
Сыныптың әр жеріне пішіндер салынған плакаттар іліңіз: шаршы, үшбұрыш,
шеңбер және
зигзаг.
«Мына төрт фигураға қараңдар. Оларға қарап, «Бұл мен!» деп айта алатын біреуін таңдаңдар.
Тек логикалық тұрғыдан талдамай, ештеңе ойламаңдар. Өз пішіндеріңді сезінуге тырысыңдар.
Егер қатты қиналсаңдар, суретке қараған кезде алғаш қызықтырған пішінді таңдаңдар.
Таңдадыңдар ма? Енді тиісті плакатқа жақындап барыңдар.
Шаршыны таңдағандар шаршы
көрсетілген плакатқа барады, үшбұрышты таңдағандар – үшбұрышқа, шеңберді таңдағандар –
шеңберге және зигзаг – зигзагқа.
Оқушылар таңдалған фигураға сәйкес шағын топтарға бірігуі тиіс.
Сіздің міндетіңіз –
геометриялық фигураларға сәйкес команданың
тиімді қызметінің
факторларын тұжырымдау:
Шаршы – командадағы тәртіп пен құрылымды сақтауға көмектеседі.
Үшбұрыш – командаға нәтижеге жетуге көмектеседі.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
20
Шеңбер – командаға жақсы адамгершілік қарым-қатынас сақтауға көмектеседі.
Зигзаг – командадағы адамдарға шығармашыл болуға және жаңа идеялар табуға көмектеседі.
Жазуға берілген уақыт – 5 минут.
5 минуттан кейін қатысушылардан өздерінің шағын топтарымен
сағат тілімен жылжуды
сұраңыз: шаршылар үшбұрыш
салынған плакатқа, үшбұрыштар шеңбер
салынған плакатқа,
шеңберлер зигзаг салынған плакатқа, зигзагтар шаршы салынған плакатқа жылжысын.
Міндеттерің – сыныптастарыңның не
жазғанын мұқият оқып шығу,
егер тақырып бойынша
қосатын нәрсе бар болса, қосуға болады. Бұл үшін сендерге 3 минут беріледі.
Уақыт өткеннен кейін шағын топтарды сағат тілімен тағы бір рет жылжытыңыз, плакаттарды
тағы бір рет оқып, өз ойларын қосуды сұраңыз (егер идеялар болса). Уақыты – 2 минут.
Уақыт өткеннен кейін шағын топтарды сағат тілімен тағы бір рет жылжытыңыз, плакаттарды
тағы бір рет оқып, өз ойларын қосуды сұраңыз (егер идеялар болса). Уақыты – 2 минут.
Шағын топтарды
тағы бір рет жылжытыңыз, оларды бастапқы плакаттарына қайтарыңыз.
Қатысушыларға басқалары не жазғанын оқуға уақыт беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: