Ой-талқысы нәтижесінде алынған жұмыстардың презентациясы.
Талқылау.
«Бір жаққа бұрылу» жаттығуы
Уақыт: 10 минут
Процесі:
Оқушылар сыныпта еркін жүріп, бір-бірінен кемінде 70-80 см қашықтықта бір жаққа қарап
тұрады (мысалы, есікке қарай). Одан кейін тренердің қол шапалақтаған белгісі бойынша бәрі
орындарында тұрып бір рет секіреді. Секірген кезде кез келген жаққа, 90, 180, 240 немесе 360
градусқа бұрылуға болады. Әр оқушы қайда, қаншалықты бұрылатынын өзі шешеді, сөйлесуге
болмайды.
Секіргеннен кейін оқушылар бір-біріне қарайды (сөзбен емес, мимика және ым арқылы
тілдесуге болады). Келесі шапалақтан кейін көздерін жұмып, қайта секіреді.
Тапсырма: оқушылар бір жаққа бұрылып секіру тиіс.
Талқылау:
•
Жаттығудың басында қиындық туды ма?
•
Жаттығуды «әркім өзі үшін» қағидаты бойынша орындауға бола ма?
•
Жаттығуды сәтті орындауға қандай әрекеттер көмектесті?
•
Басқа оқушылардың ойларын қалай түсініп, өз ойларыңды қалай жеткіздіңдер?
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Әйгілі көшбасшы және оның командасы туралы ақпарат дайындап келіңдер.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
21
8-сабақ
Тақырыбы: «Көшбасшылық» және «Команда» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ.
Ұғымдар: команда, тиімді командалық жұмыс, топтың дамуын бағалау.
Сабақтың мақсаты: «Көшбасшылық» және «Команда» тақырыптары бойынша аралық
қорытынды шығару.
Әдістері: әңгімелесу, дәптермен жеке жұмыс істеу, кері байланыс сауалнамасы.
Ресурстар: «Көшбасшылық зымыраны» жаттығуы, жұмыс дәптері, топтық өсу кестесі.
Достарыңызбен бөлісу: |