БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
18
Көшбасшы
– міндетті түрде топты басқаратын, не істеу керектігін көрсететін, ынталандыратын
және стратегия ойластыратын адам емес.
Көшбасшы
басқа адамдардың тиімді жұмыс істеуі
үшін қолайлы жағдай жасайтын және «біз өзара байланыстымыз»
деген негізгі принциппен
орта құратын адам бола алады. Бұл қауіпсіздік атмосферасын қалыптастырады.
Команда –
ол бір-бірін толықтыратын дағдылары бар
адамдар тобы,
оларды
ортақ мақсат
,
қойылған міндеттер
,
жұмыс істеу тәсілі
және
жауапкершілік
біріктіреді.
«Жұлдыз» жаттығу
Уақыт:
10 минут
Материалдары: жіп, жұлдыз және т.б. фигуралардың кескіні
Процесі:
Сізге 10 метрлік (сақиналы) жіп пен бес ұшты жұлдыздың суреті керек. Жұлдыздың суретінде
оның ұштарын бір-бірімен байланыстыратын 5 сызық көрінуі тиіс.
1. Оқушылар жіптен ұстайды.
2. Мұғалім бес ұшты жұлдыздың суретін қабырғаға іліп қояды немесе жерде қояды.
Оқушылардың бәрі оны көре алуы тиіс.
3. Мұғалім-тренердің сөзі: «Міндеттерің – мына жіптің көмегімен
суреттегідей бес ұшты
жұлдыз жасау, бірақ ешкім жіпті жібермеуі тиіс. Жаттығуды орындау үшін 20 минуттарың
бар».
4. Егер оқушылардың бірі жіпті жіберсе, жаттығу басынан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: