Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет12/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
Үй тапсырмасы: 
Нағыз көшбасшыға команда керек екенін дәлелдеңдер. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
15 
«Команда» бөлімі 
Мақсаты:
оқушыларда командалық өзара әрекеттесу процестеріне деген оң көзқарас 
қалыптастыру. 
Қалаулы нәтиже:
оқушылар бірлескен әрекеттерді қалай үйлестіру және айналадағы 
адамдармен өзара түсіністікті қалай орнату керектігін біледі; оқушылар командалық қызмет 
тиімділігінің құраушыларын біледі (процесс, өзара қарым-қатынас және нәтиже); оқушылар 
тиімді командалық жұмысты қалыптастыратын құралдармен таныс; оқушылар командада 
жұмыс істеудің жағымды тәжірибесін алды. 
 
5-сабақ 
 
Тақырыбы: Команда.
Ұғымдар: команда, адамдар тобы, командалық жұмыс. 
Сабақтың мақсаты: «командалық жұмыс» ұғымын анықтау; командалық өзара әрекеттесу 
принциптерін іс жүзінде меңгеру; тиімді команда құраушыларын анықтау. 
Әдістері: әңгімелесу, практикалық жұмыс. 
Ресурстар: теориялық материал, жаттығулар, жаттығуларға арналған материалдар. 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Шот» жаттығуы 
Уақыт: 40 минут 
Процесі: 
1. Оқушылар сыныпта еркін жүреді. Олар шеңбер немесе қатар түземей, кез келген жерге 
барып тұруы тиіс. Әркім өзіне ыңғайлы орын тапқаннан кейін көзін жұмып тұрады. 
2. 
Жаттығудың мақсаты:
топ бірден жиырмаға дейін санауы тиіс. (Ойыншылар саны аз 
болса, онға дейін санау жеткілікті.) Сонымен бірге, келесідей ереже бар: бір ойыншы 
қатарынан екі сан айтпауы тиіс (мысалы, төрт және бес), бірақ ойын барысында әр қатысушы 
бір саннан көп сан айтуы мүмкін. Егер бірнеше оқушы бір уақытта бір санды айтса, ойын 
басынан басталады. Оқушылар ойын стратегиясы жайлы алдын ала келіспеуі тиіс. 
Тапсырманы орындаған кезде сөйлесуге болмайды. 
3. Егер ойын ойдағыдай өтпей жатса, оқушылардың көңіл-күйін көтерген жөн. Оларды кейде 
күлдіру керек болады, себебі бұл ойын оңай емес. 
4. Ойынды оқушылар рақаттанып ойнағанша дейін жалғастырыңыз. Кейбір топтарда 
оқушылар тіпті уақыт туралы ұмытып, жеңіске жету үшін барын салады. 
 
Ескертпелер: 
Бір қарағанда ойын оңай болып көрінуі мүмкін, бірақ топтың тіпті онға дейін санаған кездері 
сирек кездеседі. Әрбір сәтсіздіктен кейін нәтижені талқылаңыз: оқушылар сәл демалып, 
мәселені шешу жолдары туралы ойласын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет