БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
11
Көшбасшы деген кім?
Белгілі бір топтың құрамында болу біреудің көшбасшылығын білдіреді. Көшбасшылық
тұжырымдамалары әртүрлі теорияларға негізделген. Топты басқару үшін адамға қандай
қасиеттер керек?
Көшбасшы – ол адамдардың басын қоса алатын және оларды қандай да бір мақсатқа жетуге
бағыттайтын адам. Сонымен бірге, «көшбасшы» және «мақсат» бір-бірінен ажырамайтын
ұғымдар. Алайда алдыңа мақсат қойып, оны жоспарлы түрде жалғыз жүзеге асыру – басшы
болу деген сөз емес. Әрбір көшбасшының артынан еретін жақтаушылары болуы тиіс.
«Жас лидер ассоциациясының» (ЖЛА) ұстанымы
Біз үшін
көшбасшылық
– ол өзіңе ғана емес, өзгелерге де пайда әкеле отырып, өзіңе және
айналадағы адамдарға көмек көрсету.
Көшбасшының негізгі құзыреттері:
Құзыреттілік
(лат. сompetere – сәйкес келу) – білімді, іскерлікті қолдану, жалпы міндеттерді
атқаруда практикалық тәжірибе негізінде табысты әрекет ету қабілеті.
Жеке:
•
Жеке қасиеттер.
•
Өзін-өзі түсіну.
•
Өзін-өзі ынталандыру.
Топтық:
•
Топтың дамуы, топтық процестер туралы білім.
•
Жағдаяттық көшбасшылық.
•
Ақпарат беру.
•
Ынталандыру.
•
Топ ішіндегі өзара әрекеттесу/Командалық рөлдер.
•
Мақсаттарды дұрыс қоя білу.
Достарыңызбен бөлісу: