Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет11/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ
CLIL METHODICS, CLIL METHODICS, Ерғазы, зертханалық 8 сынып, тәробие сағаты, 7 сынып КТП 68 сагат 2-тоқсан жаңасы, 5 Қ.Тарих. Жылдық жоспар (1), 3-нұсқа пиза, 5 сынып күнтізбелік жоспар, журнал
Сабақтың барысы 
«Айтсам сенбейсіңдер…» сергіту сәті 
Уақыт: 10 минут 
Процесі: 
Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Тапсырманы жариялаңыз: 
«Қазір сендер 6 минуттың ішінде бір-бірлеріңмен сөйлесесіңдер. Серіктестеріңе өздерің 
туралы ерекше ақпарат айтуларың керек. Ол сендерді айрықша қылатын, басқалардан 
ерекшелейтін мәлімет болсын».
Шеңберге доп лақтырыңыз, оны ұстаған адам серіктесі жайлы ақпаратты мынадай сөйлемнен 
бастауы тиіс: «Айтсам сенбейсіңдер, ол...» 
«Көшбасшылық бас киімі» жаттығуы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдар: әрбір оқушыға арналған А3 парақтары (А1 парағының жартысы), қалам, 
қарындаштар, фломастерлер, поститтер 
Процесі:
Әрбір қатысушыға А3 парағы беріледі. Тапсырма: көшбасшылық бас киімін (шляпа) жасау. 
Әркімнің өз бас киімі болады.
«Балалар, бас киімді кигенде бірден көшбасшы болатындарыңды елестетіп көріңдер. 
Көшбасшы ретінде қандай қасиетке ие болғыларың келеді? Оларды бас киімге жазып 
қойыңдар».
Жазуға берілетін уақыт – 5 минут.
 
Бас киімнің презентациясын жасау – 5 минут. 
«Оларды өздеріңмен бірге алып кетіңдер. Өз ойларыңды жұмыс дәптерлеріңе жазыңдар. Бұл 
бас киім жеке көшбасшылық символы сияқты болсын. Шешім қабылдау керек болғанда оны 
киіп жатқандарыңды елестетіп, нағыз көшбасшы сияқты әрекет етіңдер». 
 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
14 
«Көшбасшы бол» жаттығуы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдар: екі коллаж үлгісі және қатысушыларға арналған материалдар 
Процесі: 
Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Жұптың ішінде «Біріншіні» және «Үздікті» анықтаңыз. Бірінші 
көзін жұмады. Жұп коллаж жасауы тиіс (материалдар үстел үстінде жатады). Коллаждың үлгісі 
тренерде болады, тренер оны Үздікке көрсетеді. Үздік материалдарды ұстай алмайды, ал 
Бірінші ұстай алады. Үздіктің міндеті – Біріншінің әрекеттерін бағыттау, оны басқару. Коллаж 
жасау уақыты – 5 минут. Одан кейін көзімізді ашып, не шыққанын көреміз. 
Талқылау:
-
Үздік не істеді? Өзін қалай көрсетті? 
-
Бірінші қалай әрекет етті? Нәтижесінде не шықты? 
Екінші айналым:
Бірінші мен Үздік орындарын ауыстырады.
А4 парағына түрлі поститтерді жабыстырып, коллаж жасау керек. 4-6 түсті әртүрлі поститтер 
қолдануға болады. Оларды параққа кезекпен-кезек жабыстырған жөн. Қатысушыларға осы 
поститтерді және А4 парақтарын таратып шығыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет