Сабақтың тақырыбы: "Кітап қымбат қазына"



Дата18.03.2017
өлшемі11,83 Kb.
#11907
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • “Кітап – қымбат қазына"
  • Сабақтың мақсаттары:
  • Түрлі тәсілдер арқылы оқушының байқағыштық,
  • тапқырлық, өз ойын жүйелі айту қабілетін дамыту, ,
  • сөздік қорын молайту,
  • кітапты ұқыпты ұстауға үйрету;
  • Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікір алмасу,
  • салыстыру, көрініс, шығармашылық жұмыс
  • Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу, тарих
  • Кітап –өмір ұстазы.
  • Кітап оқымай өмірді білу,
  • білім алу мүмкін емес.
  • С. Жамқұлов
  • Кітап – қымбат қазына
  • Кітап – адамның рухани азығы
  • Кітап – туған жер, туған ел бақытын
  • арттыратын ұландардың көмекшісі

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошағы –кітапхана бір –бірімен ажырағысыз рухани қазына болғандықтан бүгінгі сабағымызды кітап тақырыбына арнамақпыз. II. Алдын- ала берілген үй тапсырмасы: Өздерің оқып жатқан әдеби шығарманың тізімін жасау, талдау, кестені толтыру.

  • Кітаптың аты, авторы
  • Негізгі оқиғалар
  • Жағымды,
  • жағымсыз
  • кейіпкерлер
  • Кітаптан алған әсерім
  • Шыққан жылы,
  • баспасы
  • III. Жаңа сабақ.
  • Бүгінгі сабағымызда кітаптың адам өміріндегі маңызы мен
  • қадір-қасиеті туралы тереңірек білеміз.
  • Ой қозғау. “Топтастыру” стратегиясы
  • Кітаптың адам
  • өміріндегі маңызы
  • қандай?
  • Қымбат қазына
  • Білімнің қайнар көзі
  • Ақылгөй
  • адал досың
  • Есті
  • жолдасың
  • “Мағынаны ашу” кезеңі
  • Кітаптың шығу тарихын зерттеу.
  • Кітапты салыстыру.
  • Кітапты жырға қосу.
  • Кітап болып сөйлеу.
  • “Ой қорыту” кезеңі
  • Компьютердің әсері
  • Кітаптың әсері
  • Белсенділікті арттырады;
  • Еңбексүйгіштікке баулиды;
  • Сөздік қорды байытады;
  • Ой ұшқырлығын дамытады;
  • Білімге, өнерге ұмтылдырады;
  • Адамгершілік, әдептілікке баулиды;
  • Баланың техникалық сауаттылығы артады.
  • Ептілік қалыптасады.
  • Жаңалықтар мен ғылыми деректер жинайды.
  • Ой өрісі дамиды.
  • “Оқушыны ізденіске баулу” кезеңі
  • Кітап туралы эссе жазу
  • Кітап – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Осы керемет қазынаны қадірлеу-біздің еншімізде. Кітап – бар білімнің бастауы, болашаққа жол ашар киелі қазына. Кітапты оқи отырып жақсы қасиеттерді үйреніп, жамандықтан жиреніп, білімді де саналы, тәрбиелі оқушы болуға тырысамыз. Кітап- сенің айнымас сенімді серігің.
  • Барсова Альфинур /6-сынып/

Кітап туралы көрініс

  • “Кітаптың мұңы”/иә-жоқ ойыны/
  • Кітап нені жақсы көреді?
  • - кітап қаптамасын
  • - лас қолмен ұстағанды
  • - тілмені
  • - қар мен жаңбырды
  • - ұқыпты ұстағанды
  • - мейірімділікті
  • - майлы қолды
  • - таза қолды
  • - жерде жатқанды
  • - кітаппен төбелесуді
  • - кітап сөресінде тұруды
  • - сүйікті оқырманды
  • Сауалнама
  • Соңғы оқыған кітабың?
  • Кітаптың маңызы, мәні қандай?
  • “Поэзия менімен егіз бе едің” деп жырлаған қай ақын?
  • Балаларға арнап өлең жазатын ақындарды ата.
  • Мектеп кітапханасы ұнай ма?
  • “Менің атым Қожа” кітабының авторы кім?
  • Қайсысын қалайсың: кітап оқуды, теледидар көруді,
  • компьютер ойнауды?
  • 8. Жерлес ақындардан кімдерді білесің?
  • 9. Қандай тақырыптағы шығармаларды оқығанды қалайсың?
  • 10. Болашақта мектеп кітапханасының қандай болғанын қалайсың?
  • Сабақты қорытындылау.
  • Кітап – заманалар толқынында тербеліс
  • үстіндегі қымбат қазынасын,
  • ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан
  • ой кемесі.
  • Кітап-ақылгөй адал досың,
  • өмірлік есті жолдасың.
  • “Кітап – мәңгілік парасаттың ең киелі
  • ғимараты” – деген Ә. Кекілбевтың
  • сөзімен сабақты қорытындылау.
  • Кітап – білім бұлағы
  • Адамзаттың жарқыраған шырағы,
  • Бізге әкелген бабалардың мұраты.
  • Ұрпақтарға темірқазық бола бер,
  • Болашақта “Кітап – білім бұлағы”
  • * * *
  • О, кітап бас иемін мәртебеңе,
  • Игілік-қазынасың бар адамға.
  • Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
  • Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?
  • * * *
  • Керемет кемеңгер жан ақыл асқан,
  • Ең алғаш әріп жасап, кітап басқан.
  • Емес пе, шын ғажайып осы кітап
  • Халыққа өнер-білім нұрын шашқан.
  • 18.03.17
  • Химия сабағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет