Тыңдаушылардың қажеттіліктерін анықтауға арналған кері байланыс сұрақтары:
Оқудың алғашқы екі күнінде Сіз не үйрендіңіз?
Сізге өтілген материалдар түсінікті және қолжетімді ме?
Бағалау
Бағалау деген не? Бағалау не үшін қажет?
Бағалаудың мақсаты қандай? Бағалаудың мүдделі тараптары кімдер?
Бағалау
дегеніміз не?
Бағалау латын тілінен аударғанда «біреумен бірге отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде біз оқушымен бірге отырамыз. Біз бағалауды оқушымен бірге және оқушы үшін іске асырамыз. Біз жай ғана оқушыны бағалау тәсілін қолданумен шектелмейміз.
Грин, 1999
Бағалау – бұл мұғалімдер мен оқушылар оқу үдерісін дамыту үшін дәлелдер жинақтау мақсатында қолданатын ресми және бейресми үдерістер.
Блэк және Уильям, 1998
Бағалау – белгілі бір нәрсенің құныдылығын немесе маңыздылығын анықтау. Үлкен психологиялық түсіндірме сөздік
Біз не үшін бағалаймыз?
Оқушының ілгерілеуін қолдау үшін. Мұғалімдер мен оқушыларға оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруге көмектесу мақсатында
Оқушы қалай оқиды және оның оқуын қалай жетілдіруге болады?
Оқушының күшті жақтары қандай және оның қабілетін қалай жетілдіруге болады?
Оқушы қандай қиындықтарға кездесуі мүмкін және оларды қалай еңсеруге болады?
Джеймс және Педдер (2006) оқуды бағалау туралы пікірлерді қорыта келіп, үш факторды сипаттайды:
Оқу үдерісінің айқындығы мен ашықтығы
Өз бетінше білім алуға ынталандыру
Оқудың нәтижелілігіне бағдарлау
«Дұрыс бағалау» дегеніміз не?
Талқылаңыз және өз тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз.