Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет21/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Үй тапсырмасы
Үйлеріңде қарым-қатынас қалай жүзеге асады? Достарыңмен ше? Бір-бірлеріңді әрдайым 
түсініп, естисіңдер ме? 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
26 
10-сабақ 
 
Тақырыбы: Коммуникация.
Ұғымдар: коммуникация, байланыс, ақпарат алмасу. 
Сабақтың мақсаты: қарым-қатынас әдістерін, тиімді және тиімді емес қарым-қатынас 
заңдылықтарын анықтау. 
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар, ой-талқы. 
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жаттығулар, жаттығуларға арналған материалдар. 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут
«Шынтақпен амандасу» сергіту сәті 
Уақыт:
5 минут 
Процесі: 
Дайындық: 
Үстелдер мен орындықтарды шетке қою қажет, себебі оқушылар сыныпта емін-еркін жүруі 
тиіс. 
1. Оқушылардан шеңберге тұруларын сұраңыз. 
2. Бірден төртке дейін санап, келесіні орындауды ұсыныңыз: 
• әрбір «бірінші нөмір» қолын желкесіне қояды, шынтақтары екі жаққа қарауы тиіс; 
• әрбір «екінші нөмір» қолын бөксесіне қояды, шынтақтары оңға және солға қарауы тиіс; 
• әрбір «үшінші нөмір» сол қолын сол жақ бөксесіне, оң қолын оң жақ тізесіне қояды, қолдары 
бүгіліп, шынтақтары екі жаққа қарауы тиіс; 
• әрбір «төртінші нөмір» қолын кеуде тұсында айқастырады, шынтақтары екі жаққа қарауы 
тиіс. 
3. Қатысушыларға жаттығуды орындау үшін 5 минут қана берілетінін айтыңыз. Осы уақыт 
ішінде олар барынша көп оқушымен танысуы керек, яғни бір-бірін шынтақтарымен жанап
есімдерін айтады. 
4. 2 минуттан кейін біріншілерді, екіншілерді, үшіншілерді және төртіншілерді біріктіріп, төрт 
шағын топ құрыңыз. Оқушылар шағын топ ішінде бір-бірімен амандассын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет