Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет29/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
36 
Белсенді тыңдау техникасына бағытталған жаттығу 
Уақыт: 15 минут
Процесі: 
Аудитория жұпқа бөлінеді, жақын отырған көршілер бір-біріне қарап бұрылады. Жұптағы бір 
адам А, екіншісі – Б болады. 
1-айналым: 
А-ның міндеті: сүйікті фильмі/мультфильмі туралы айту, Б-ны сол фильмді/мультфильмді 
көруге көндіру. 
Б-ның міндеті: үнсіз тыңдап отыру, А-ның көзіне қарамау. Сұрақтарына мән бермеу. 
2-айналым:
Оқушылардың рөлдері ауысады. 
3-айналым:
Б-ның міндеті: демалыста не істегені туралы егжей-тегжейлі айту. 
А-ның міндеті: Б-ның көзіне тесіле қарау, басын изеп отыру. «Солай ма?», «Мәссаған!», «Ары 
қарай не болды?» деп айту. Жиі қайталап сұрау. 
4-айналым: 
Оқушылардың рөлдері ауысады. 
5-айналым:
А-ның міндеті: сүйікті хоббиі туралы айту. 
Б-ның міндеті: А-ның көзіне қарап, мұқият тыңдау, реакция білдіру, нақтылайтын сұрақтар 
қою. Кейде «иә, түсінемін» деп айту. 
6-айналым: 
Оқушылардың рөлдері ауысады. 
Оқушылардан диалог барысында сезген сезімдері жайлы сұраңыз. Олар диалогты қай кезде 
жалғастырғылары келді? Өздерін жайлы сезінді ме?
Негізгі қорытындылар: 
Бір-бірін тыңдау және есту қажет. 
Сөйлеушінің не туралы айтып тұрғанына назар 
аударыңдар. Ойдың бөлінуіне жол бермеңдер. Сөйлеушінің көзқарасын анықтауды көздеңдер. 
Тыңдау процесін логикалық тұрғыдан жоспарлау қажет. 
Айтылған сөздің бәрін есте сақтау 
қиын, бірақ негізгі ойды түсіну қажет. 
Сөйлеушінің сезімдерін түсінуге тырысу қажет. 
Сөздердің мағынасын ғана емес
сөйлеушінің сезімдерін де түсініп көріңдер. Естеріңде болсын, адамдар ойлары мен сезімдерін 
қоғамдық нормаларға сәйкес «кодтап» береді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет