Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет31/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
39 
Теориялық материал
Уақыт: 5 минут 
Процесі: 
Сұхбаттастың дене тұрыстары. 
Жабық дене тұрыстары: 
-
Қол немесе аяқты айқастыру. 
-
Шетке қарау. 
-
Дене бөлігін бір нәрсемен жауып тұру. 
-
Саусақтарды айқастыру. 
-
Мұндай қалыпта тұрған адамға ештеңе айтқың келмейді. 
Ашық дене тұрыстары: 
-
Дененің жоғары бөлігі сұхбаттасқа бағытталған. 
-
Ашық алақан – түзу ниет деген сөз. 
-
Визуалдық байланыс. 
Сөйлесіп тұрған адамдар арасындағы арақашықтық: 
-
тым жақын – 0-45 см;
-
тұлға аралық – 45-120 см;
-
әлеуметтік – 120-400 см;
-
қоғамдық – 4-7,5 м.
«Қарым-қатынастағы арақашықтық» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Процесі: 
Қатысушылар қарама-қарсы екі қатарға тұрады, арақашықтығы шамамен 3 м, әрбір қатысушы 
қарсы қатардағы өз жұбын табуы тиіс. Мұғалім белгі бергеннен кейін бір қатар екіншісіне 
ақырын жақындайды. Қозғалмай тұрған қатардағы қатысушылар қарсы жұптардың 
жақындағанын күтеді. Қозғалып келе жатқандар ыңғайсыздық тудырғанша жақындаған кезде, 
тұрған оқушылар оларды қол қимылымен тоқтатады. Бұдан кейін оқушылардың рөлдері 
ауысады – бұрын қозғалмай тұрған қатысушылар жақындай бастайды. 
Одан кейін қатарлар бір-бір адамнан орын ауыстырып жылжиды (шетте тұрған қатысушылар 
басқа қатарға өтеді) және цикл қайталанады. Қатысушылар аз болғанда жаттығуды толық 
шеңбер бойынша орындауға болады (сонда барлық оқушы бір-біріне жақындайды), ал көп 
болғанда 2-3 циклмен шектеледі. 
Жаттығудың психологиялық мәні:
түрлі сұхбаттастармен жайлы қарым-қатынас 
арақашықтығын анықтап көру. 
Талқылау:
-
Қандай қарым-қатынас арақашықтығы ең жайлы болды?
-
Бұл сұхбаттасқа, оның жынысына байланысты ма?
-
Егер арақашықтық едәуір жайлы/жайлы емес болса, қандай эмоция туындайды? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет