Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет27/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

«Байланыс бар!» жаттығуы 
Уақыт: 20 минут 
Материалдары: поститтер, маркерлер, карточкалар 
Процесі: 
Шарттары: 
• 
Оқушылар түрлі жағдайлардың көрінісін қояды. 
• 
Жағдайлар екі адамға есептелген. 
• 
Алдын ала дайындалмай, импровизация ретінде көрсету керек. 
• 
Жұптар кездейсоқ түрде құрылады. 
• 
Әр көріністен кейін қалған оқушылар кері байланыс беруі мүмкін. 
• 
Барлық коммуникативтік дағдыларды қолдану қажет! 
Оқушылардың есімдерін стикерлерге жазып, оларды бүктеңіз, жазғаныңыз көрінбеуі тиіс. 
Әрбір көрініс үшін кез келген екі стикер алып шығыңыз – бірінші оқушы бас кейіпкер, ал 
екіншісі – қосалқы болады. Оқушылар көп болса да, әрқайсысы бас кейіпкер рөлін сомдап 
көрсін. 
Жұпты ортаға шақырып, оларға жағдаят оқып беріңіз. 
Көрініске/диалогқа шолу жасау. 
Қол шапалақтау. 
Басқа оқушылардың/көрермендердің кері байланысы. Кері байланыс талқылау сияқты өтеді: 
мұндай жағдайларда не істеу керек? 
Келесі жұп ортаға шығады. 
Жағдаяттар: 
1. Бас кейіпкер: Алдыңда сен жақсы танитын, бірақ көптен бері көрмеген адам тұр. Сен оны 
көргеніңе қуаныштысың. 
Қосалқы кейіпкер: алдыңда таныс адам тұр. Қал-жағдайын сұрағың келеді, алайда үйге асығып 
тұрсың (итті серуендеуге шығару керек). 
2. Бас кейіпкер: Алдыңда бейтаныс адам тұр. Онымен танысып, есімін, қайда оқитынын, хоббиі 
қандай екенін сұра. 
Қосалқы кейіпкер: алдыңда бейтаныс адам тұр. Бүгін сенің көңіл-күйің жақсы. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
33 
3. Бас кейіпкер: Алдыңда бейтаныс адам тұр. Онымен танысып, есімін, қайда оқитынын, хоббиі 
қандай екенін сұра. 
Қосалқы кейіпкер: алдыңда бейтаныс адам тұр. Ертең сен күрделі емтихан тапсырасың, бар 
ойың сонда. 
4. Бас кейіпкер: Алдыңда кішкентай бала тұр. Ол бір нәрседен шошып қалып, жылағалы тұр. 
Оған жақындап барып сөйлес, тыныштандыр. 
Қосалқы кейіпкер: Сен 3 жастасың, саған қарай жүгіріп келген (бірақ қашып кеткен) иттен 
қорқып қалдың. Қасыңда ата-анаң жоқ. 
5. Бас кейіпкер: Сені автобуста біреу қатты итеріп жіберді. Бұрылып қарасаң, ол қарт адам 
екен. 
Қосалқы кейіпкер: Сен 85 жастасың, автобуспен немереңнің туған күніне бара жатсың. 
6. Бас кейіпкер: Көптен бері көрмеген жақын адаммен қауышып, қатты қуанасың. Мінеки, ол 
жаныңда. 
Қосалқы кейіпкер: Көптен бері көрмеген жақын адаммен қауыштың.
7. Бас кейіпкер: Алдыңда бейтаныс адам тұр, оны бірінші рет көріп тұрсың. Алайда ол саған 
ұнады, онымен танысқың келеді. Сәл ойланып тұрып, онымен танысуға бел буасың. 
Қосалқы кейіпкер: алдыңда бейтаныс адам тұр. 
8. Бас кейіпкер: Метро вагонында танымал актер/актрисаның қасында отырсың. Оның өнеріне 
тәнтісің, әрине, онымен тілдескің келеді. Себебі бұл керемет мүмкіндік қой.
Қосалқы кейіпкер: Сен танымал актер/актрисасың. Дайындыққа бара жатқанда сөзіңді 
қайталап отырсың. Себебі оған уақытың болған жоқ, сен өте жұмысбасты адамсың. 
9. Бас кейіпкер: Киім дүкенінің кассасында кезек алып тұрсың. Кассаның жанында тұрған 
тауарларға көңілің бөлініп кетіп, алдыңа әлдебір адам тұрып алды. Кезектегі өз орныңды 
қайтарғың келеді. 
Қосалқы кейіпкер: Кассаға жақындап, кезектегі соңғы адам болып тұрдың. 
10. Бас кейіпкер: Достарыңмен бірге жазда бір лагерьге баруды шештіңдер. Лагерь алыста 
орналасқан, осыншама алыс жерге ата-анаңсыз бұрын-соңды барып көрмегенсің. Ата-анаңмен 
тілдесіп, олардан сұрануың керек. 
Қосалқы кейіпкер: Балаңыз достарымен бірге әлдебір лагерьге баруға сұранып жатыр. Ол 
осыншама алыс жерге бұрын-соңды барып көрмеген. Үйде тіпті түскі асын жылытып жей 
алмайды, ал енді екі аптаға сұранып жатыр. Өз бетімен бара алатынына сенімді емессіз. 
Талқылау:
-
Кіммен жақсы байланыс орната алдыңдар?
-
Кіммен сөйлесу мүмкін болды?
-
Кіммен тілдесе алмадыңдар?
Талқылау барысында топ мүшелерінің сезімдеріне назар аудару керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет