Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет39/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

«Стоп-кадр» жаттығуы 
Уақыт: 5 минут 
Процесі: 
Мұғалім-тренер екі еріктінің ортаға шығуын сұрайды және оларға қойылым қоюды тапсырады 
(олар сөйлеп немесе үнсіз көрсете алады – өз қалауыңыз бойынша). Бір сәтте (күлкілі кадрды 
ұстаңыз!) мұғалім: «Тоқтаңдар!» дейді де, балалар қатып қалады. Қатысушылардың бірін 
ауыстыра отырып, тренер жаңа қойылым қоюды тапсырады, жұптардың міндеті – жаңа 
қойылымды ескере отырып, олар қатып қалған дене тұрысынан «шығу».
Мысалы, сіз «телебағдарлама түсіру» қойылымын қоюды тапсырдыңыз. Бір сәтте балалар 
қатып қалады, сіз адамды өзгертіп, «Формула-1 жарысы» деген жаңа қойылым қоюды 
тапсырасыз. Мұндай әртүрлілік, сонымен қатар күтпеген жағдай адамдардың алдында сөйлей 
отырып, өзін ашуға мүмкіндік береді. Өз тәжірибемізге сүйене отырып, қойылымдардың 
реттілігін алдын ала ойластырып, соларға сәйкес «стоп-кадрларды» таңдауға кеңес береміз. 
Барлық балаларды жұмылдыруға тырысыңыз, ол үшін әрдайым екі қойылымда ойнаған 
адамды ауыстырыңыз. 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
Үй тапсырмасы: 
Сендерді қандай тақырып қатты қызықтырады? Сөйлеушіні қай кезде тыңдаған қызық? 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
48 
18-сабақ 
 
Тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. 
Ұғымдар: сөйлеу қарқыны, кідіріс, паразит сөздер, сөйлеу мазмұны. 
Сабақтың мақсаты: материалды берген кезде сөйлеушінің дауысы мен интонациясының 
маңызды рөлін түсіну; жоғарыда айтылған қорытындыларды дәлелдеп көрсету. 
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар, практика. 
Ресурстар: жаттығулар, плакаттар, проектор, презентациялар, жаттығуларға арналған 
материалдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет