Жұптасып орындалған тәжірибе
Уақыт: 10 минут
Процесі:
Оқушыларға өз қалаулары бойынша жұп құруды ұсыныңыз. Олар қазір бір-біріне өздерінің
хоббилері туралы айтатынын хабарлаңыз.
Жаттығу алгоритмі: 2 минут бойы бір оқушы айтады, екіншісі тыңдайды; 2 минуттан кейін
оқушылар орындарымен ауысады.
Екі әңгімеден кейін оқушылар бір-біріне кері байланысты кестеге жазады (беттің № алдын ала
қараңыз).
«Қозғалыстарды қайталау» жаттығуы
Уақыт: 5 минут
Процесі:
1-нұсқа: сынып 2-ге бөлініп, қарама-қарсы қатарға тұрады. Бірінші топ жүргізуші болып,
әртүрлі қозғалыстарды көрсете бастайды (олар қандай болатындығы туралы алдын ала
келіседі). Екінші топтың міндеті – бір де бір секундқа қалмай, қозғалыстарды айна сияқты
толығымен қайталау.
2-нұсқа: тек бір адам көрсетушінің рөлін атқарады, топтың әр мүшесі оның қимылдарын
қайталап көрсетуі тиіс.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Түрлі бейнематериал көрген кезде неге назар аударасыңдар? Ойланып көріңдер.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
45
17-сабақ
Тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары.
Ұғым: көпшілік алдында айтатын сөздің құраушылары.
Сабақтың мақсаты: сөз сөйлеген кезде сөйлеушінің дене тұрысы, киімі, сыртқы келбеті мен
қимыл-қозғалыстарының маңызды рөлін анықтау.
Әдістері: әңгімелесу, шағын дәріс, плакаттармен жұмыс істеу, жаттығулар.
Ресурстар: жаттығулар, диаграмма, жаттығуларға арналған материалдар.
Сабақтың барысы
Достарыңызбен бөлісу: |