Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Теориялық материал 
Уақыт:
5 минут
Сөйлеп тұрған адамның дене тұрысы 
-
Денені бос ұстап, еркін тұруға мүмкіндік береді. 
-
Құзыреттілікті көрсетеді. 
-
Сахнадағы қозғалыстар аудиторияның назарын аударады (бір жерде тұру жалықтырады). 
-
Көрермендерге демалуға және ой жинақтауға мүмкіндік береді. 
-
Ешкімге теріс қарамау үшін алыста қозғалған жөн.
-
Жүгірудің қажеті жоқ. 
Қолайлы сұлба: бір жаққа үш қадам, сәл тұру, бір нәрсе айту; басқа жаққа үш қадам және т.б. 
Оқушыларды кезекпен-кезек сыныптың ортасына тұруға және басқалардың алдында тыныш 
әрі қобалжымай жүруге шақырыңыз, өйткені бұл жай ғана жаттығу. Егер үнсіз жүру ыңғайсыз 
болса, бір нәрсе айтуға болады. Ең бастысы – оқушыларға өздерін аудитория алдында жайлы 
сезінуге мүмкіндік беріңіз. 
Қимылдар және мимика 
-
Қимылдар еркін. 
-
Айтылғанның мәнін көрсетеді. 
-
Сезім мен ынта-ықыласты білдіреді. 
-
Күн өрімінің деңгейіндегі ашық алақандар – бұл қолдың негізгі позициясы. 
-
Шарды елестетеміз – алақанды бір-бірімен байланыстырмаймыз, алақан арасында бос орын 
қалдырамыз. 
-
Тек алақан, саусақтар көрсетілмейді. 
Қол қимылының үш түрі болады: иықтан, шынтақтан, қолбасынан (залдан үш ерікті шақырып, 
қимылдардың бір түрін қолдана отырып, айтқан заттарды көрсетулерін сұрай аласыз: мысалы, 
күнге дейінгі қашықтық, иненің өлшемі, доптың пішіні). Бұл мысал арқылы қимылдар 
айтылғанға сәйкес келуі керек екенін көрсетіңіз. Шағын аудиторияларда шынтақ қимылдары 
(қолбасынан ештеңе көрінбейді), үлкен аудиторияларда иық қимылдарын қолдануға болады, 
бірақ оларды асыра пайдаланбау керек. 
Сәл күлімсіреу қажет.


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
47 
 
Визуалдық байланыс 
-
Тыңдаушыларды тартады. 
-
Сөйлеуші және тыңдаушы арасындағы кедергілерді жояды. 
-
Үлкен аудиторияны секторларға бөлеміз. Әр секторға бірнеше секунд арнаймыз. Бастан сәл 
жоғары қараймыз. 
-
Шағын аудитория – егер көзге қарауға ұялатын болсақ, екі көз аралығына қараймыз. 
Практика 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: поститтер 
Процесі: 
Бірнеше еріктіге эмоциялар жазылған (ашу, қуаныш, реніш, көңіл және т.б.) поститтер 
беріледі. Тапсырма: бір минут ішінде өз сөзін тек қимылдар мен мимиканы қолданып көрсету. 
Қимылдар мен мимика сезімдерімізді басқаларға оңай жеткізуге көмектесетінін айтыңыз. 
Сондықтан сөз сөйлеу кезінде толқуды, сенімсіздікті немесе қорқынышты емес, көздеген 
нәрсені «жеткізу» маңызды. Сонымен қатар, барлық тренингтерімізден кейін оқушылар 
аудитория алдында еркін сөйлеуді үйренетінін айтыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет