Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі



Pdf көрінісі
бет46/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі 
Мақсаты:
оқушыларды өзін-өзі тану, эмоционалдық спектрді түсіну үдерісімен қызықтыру.
Қалаулы нәтиже:
оқушылар эмоциялар мен сезімдер арасындағы айырмашылықты түсінеді; 
оқушылар өз эмоцияларын дұрыс білдірудің, сезімдермен бөлісудің маңыздылығын түсінеді; 
оқушылар өздері үшін эмоциялардың пайдалы көрінісі және басқалардың эмоцияларымен 
өзара әрекеттесу туралы кеңестер қалыптастырды. 
 
21-сабақ 
 
Тақырыбы: Мен және менің эмоцияларым. 
Ұғымдар: эмоциялар, сезімдер, көңіл-күй, эмоцияны басқару. 
Сабақтың мақсаты: өз эмоцияларын, олардың атауларын және адам үшін маңызын 
анықтауды үйрену. 
Әдістері: әңгімелесу, жеке жұмыс, жаттығулар, мысал. 
Ресурстар: теориялық материал, жаттығулар, мысал, плакат, маркерлер, жұмыс 
дәптерлері. 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт:
5 минут
 
«Сезімдер сөздігі» жаттығуы 
Уақыт:
10 минут 
Материалдар: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптерлері 
Процесі: 
Оқушыларға көңілді ойын ойнауды ұсыныңыз. Бәрі сыныптың ортасына тұрсын. Таңдау үшін 
екі тұжырым айтыңыз. Бірінші тұжырыммен келісетін оқушылар оң жақ қабырғаны, екіншімен 
келісетіндері – сол жақ қабырғаны ұстайды. 
• Осы аптада көбірек қуанған оқушылар оң жаққа, аз қуанғандар – сол жаққа. 
• Көп таңғалатын оқушылар оң жаққа, ешқашан таңғалмайтындар – сол жаққа. 
• Көп жағдайда сабырлы болып қалатындар – оң жаққа, жиі уайымдайтындар – сол жаққа. 
• Көп жағдайда қатты ашуланатындар – оң жаққа, жиі қорқатындар – сол жаққа. 
Түрлі тұжырым айтуға болады, бастысы – олар сезімдерге қатысты болуы тиіс. Егер оқушыға 
таңдау жасау қиын болса, ол ортада қалып, неге таңдау жасай алмайтынын түсіндіреді. 
Одан өзі білетін сезімдерді атауын сұраңыз. Барлық сезімдерді плакатқа жазыңыз, ал 
оқушылар дәптерлеріне жазсын. Бұл ақпарат келесі әрекет үшін қажет болады. Әдетте 
оқушылар кемінде 20 сезім айтады. Кейбір топтар шамамен 40 түрлі сезім айтады. 
Ал енді оқушыларға «Сезімдер сөздігін
»
жасайтынымызды айтыңыз. Барлық адамдарда түрлі 
сезімдер болады. Бірақ сол сезімдердің неге және не үшін туындайтынын, олар тулағанда не 
істеу керектігін бәрі біле бермейді. Бойымызды түрлі сезімдер билеп, ішімізде тулауы мүмкін. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
58 
Тіпті оларды еңсере алмайтындай боламыз. Кейде адам – кішкентай қайық, ал сезімдер – 
қайықты ары-бері лақтыратын дауыл сияқты болады. Оқушыларға «қайықтарын» тиісті түрде 
бағыттау үшін психолог болып, сезімдерді жан-жақты зерттеуді ұсыныңыз. Себебі бір нәрсені 
жақсылап түсіну үшін оны жақсылап меңгеру керек. Қазір барлық оқушыларда өз сезімдер 
әлемімен жұмыс істеу мүмкіндігі туады. 
Алдымен оқушылар сезіп көрген сезімдерді таңдап, олардың астын бір сызықпен сызады. Жиі 
сезетін сезімдердің астын екі сызықпен сызады. Бәрі дайын болғанда келесі кезеңге өтіңіз. 
Олар жиі сезінгісі келетін сезімдерді дөңгелектеп, ал ешқашан сезінгісі келмейтіндерді мүлдем 
сызып тастасын. 
Бәрі тапсырманы орындағаннан кейін сөздіктегі кейбір сезімдер фаворит, кейбірі – аутсайдер 
екендеріне оқушылардың назарын аударыңыз. Өмірде адамдардың бәрі сезінгісі және аулақ 
болғысы келетін сезімдер болатынын айтыңыз. Мұны қоғам да қолдауы мүмкін, яғни сезімдер 
әлеуметтік тұрғыдан мақұлданған және әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз болады. Түрлі 
қоғамдарда бұл санатқа түрлі сезімдер түсуі мүмкін. 
Оқушыларға топ сезімдерінің рейтингін жасауды ұсыныңыз.
Ол үшін әр сезім қанша қолдайтын, қанша қарсы дауыс жинағанын санаңыз. Соның негізінде 
3 ең қалаулы және 3 ең жағымсыз (қабылданбайтын) сезімдерді анықтауға болады. 
Әр оқушының пікірін ескеру маңызды. Себебі біреу үшін жалғыздық қалаулы сезім болса, 
басқасы оны қабылдағысы келмеуі мүмкін. 
«Сезімдер сөздігімен» жұмысты қорытындылаңыз.
Оқушыларды топтардың сезімдер 
рейтингімен таныстырыңыз. Адамдар өз сезімдеріне түрліше қарайтынын атап өткен жөн. Бір 
адам әлдебір сезімді ұнатса, екіншісі ұнатпай, одан бас тартуы мүмкін. Нәтижелерін 
оқушылармен талқылаңыз. Олар жаңа нәрсе үйренді ме? Оларды не таңғалдырды? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет