Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет43/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
Үй тапсырмасы: 
Дауыс интонациясын тіпті жануарлар да ажырата алады. Ол қалай болуы мүмкін? Ойланып 
көріңдер. 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
52 
19-сабақ 
 
Тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. 
Ұғымдар: көпшілік алдында айтатын сөздің мазмұны, сындарлы кері байланыс.
Сабақтың мақсаты: барлық меңгерген құралдардың көмегімен аудитория алдында сөйлеп 
жаттығу; кері байланыс беру және қабылдау бойынша жаттығу. 
Ұғымдар: көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі, сындарлы кері байланыс. 
Ресурстар: жұмыс дәптерлері, сөз сөйлеу құрылымы, сындарлы кері байланыс сұлбасы. 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт:
5 минут 
Теориялық материал. Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу және айтатын сөздің 
мазмұны. 
Уақыт:
10 минут
Аудиторияның назары ауатын ең маңызды 7%.
Тыңдаушылардың назарын аудару тәсілдері: 

графиктер мен диаграммалар; 

аудиторияға сұрақ қою; 

үлестірме материалдар; 

сұрақтар мен жауаптарға уақыт бөлу. 

әзіл. 
 
Көпшілік алдында айтылатын сөзді қызықты ету және одан ләззат алу құпиялары. 
Сөйлеудің 95%-дық сәттілігі дайындыққа байланысты. 
Өздеріңе сұрақ қойыңдар: 

Мен қандай әсер қалдырғым келеді? 

Сөзімнің мақсаты не? (бір нәрсені көрсету, бір нәрсені дәлелдеу…) 

Менің аудиториям қандай болады? 

Мен қан жерде тұрып сөйлеймін? (сахна, трибуна, үлкен зал, камералық аудиторияда, 
микрофон ұстап…) 

Менде қанша уақыт болады? 
 
Сөз сөйлеу мәтіні: 
Жатталған мәтін – бірсарынды, жалықтырғыш, аудиториямен байланысы жоқ (сұрақ қоюға 
мүмкіндік жоқ). 
Толық импровизация – кідірістер, бір тақырыптан екінші тақырыпқа секіру, сәтсіз әзілдер 
болуы мүмкін.
Дұрыс нұсқа – тезистерді дайындау. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
53 
Тезис – бұл қысқаша тұжырымдалған ой. Бір сөйлем немесе тіпті сөз. Анық және логикалық 
сөз. Алдын ала ойластырылған қызықты сәттер (сұрақтар, фактілер, дәйексөздер, әзілдер). Егер 
бір нәрсені ұмытып кетсең, көмекшінің бар екенін іштей сезуге көмектеседі. 
Сиқырлы үштік: 
Естеріңде болсын: айтқан сөздің тек 3 идеясы/ойы аудиторияның жадында қалады.
Аудитория неге назар аударатынын еске түсірейік. Кестесі бар плакатты іліп қойыңыз және 
аудиториядан білгендері туралы айтуларын сұраңыз.
 
Қобалжымау үшін не істеу керек? 
Жауап беріп жатқанда сыныпта болатын барлық нәрсені алдын ала елестетіп көріңдер – 
мұғалім мен сыныптастардың ықтимал сөздері, үшінші партадағы Ануардың бетін 
тыржитқаны және т.б. Бұл жағдайда тақта алдында жақсы жауап беретін, сонымен қатар қате 
жауап беретін сыныптастардың не істейтінін елестету өте пайдалы. 
Тақтаға шыққан кезде сабақты үйде айтқан сәтті еске түсіре отырып, тақтаға ақырын, 
қобалжымай шығу керек. Сөздеріңді әрқашан күлімсіреп бастаңдар. Сендерге жауап ретінде 
күлімдеген адамға қарап сабақ айтыңдар. 
Әдетте сөз сөйлеу алдында ұялшақ адамдар жабырқаулы болады. Сондықтан өздеріңе: 
«Тоқта!» деп айтып, ішіңнен 3 сұраққа жауап беру керек: «Мен кіммін? Мен қайдамын? Мен 
не істейін деп жатырмын?». Мысалы, «Мен – Жанабекова Айдана. Мен сыныпта, тақтаның 
алдында тұрамын. Үйде жаттаған өлеңімді айтамын». Тәжірибе көрсеткендей, бұл – 
жинақталып, қойылған тапсырмаға назар аударудың ең тиімді әдісі.
 
Сөз сөйлеу алдындағы қорқынышпен күресу жолдары: 
Жақты алға-артқа тез қозғалту керек, бұл бет жүйкелерін босаңсытуға көмектеседі, осылайша 
бет-әлпеттерің ежелгі театр маскасына ұқсамайтын болады. 
Қол буынын сілкіңдер, саусақтарыңды қозғалтыңдар, алақанды уқалаңдар. Бұл жаттығу 
толқудың әсерін жеңілдетуге көмектеседі, сөйлеу аппаратын ынталандырады; реакция 
жылдамдығы мен шешендік қабілеттерің айтарлықтай артады. 
Ары-бері жүріп өтіңдер, қолмен бұлғаңдар. Дене белсенділігі қобалжуды жеңілдетуге 
көмектеседі. 
Баяу ырғақпен жүріңдер. Өкшені жерден алмай, қолдарыңды жоғары қарай созыңдар, 
тартылып, қолдарыңды сілкіңдер. 
Сөйлеуге дайындалғанда: 
• Таныстыру туралы ойланыңдар: кімсіңдер, құндылықтарың қандай, айналысып жүрген 
істеріңнің мақсаты не? Осы тақырыптағы бірнеше сөз тіркестері аудиторияға сендерді 
түсінуге, ал сендерге жақсы сөйлеуге көмектеседі. 
• Үш сұраққа жауап беріңдер: сөз сөйлеу арқылы неге қол жеткізгілерің келеді? Аудиториядан 
не күтесіңдер? Аудитория сендерден не күтеді? 
• Айтатын сөздің негізгі идеясын анықтаңдар. Барлық маңызды емес нәрсені тастап, тек 
қажетті және маңызды ақпаратты айта білу керек. Сөйлеу үшін бір тезисті таңдаңдар, бірақ 
оны егжей-тегжейлі қарастырыңдар. 
• Ойды нақты әрі дәл жеткізіңдер. Дайын сөз орамдарынан аулақ болыңдар. 
• Тыңдаушылардың төрт түрі болады: коннекторлар (адамдар мен құбылыстар арасында 
байланыс орнатқанды ұнатады және іс-әрекеттің себептеріне қызығушылық танытады), 
логиктер (фактілерді, статистиканы, сарапшылардың пікірлерін ұнатады), практиктер (іске 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
54 
асырудың практикалық тұстарына қызығушылық танытады) және экспериментаторлар 
(жасырын мүмкіндіктер мен кез келген идеяны әдеттен тыс қолдану жолдарын іздейді). Барлық 
тыңдаушылар үшін хабарлама дайындаңдар. 
• Сөйлеу жоспарын жасаңдар. Алдымен барлық тезистерді жеке парақшаларға жазыңдар, содан 
кейін талдаңдар, артық және маңызды емес ақпаратты алып тастап, қалғанын логикалық 
реттілікпен топтастырыңдар.
• Сюжеттің дамуын қарастырыңдар: алдымен тыңдаушылар алдында үлкен көрініс 
бейнелеңдер, содан кейін егжей-тегжейлерін атап, қорытындылаңдар. 
• Әңгіме айтыңдар: ол адамдарға зор әсер етеді. Мысалдарың есте қалуы үшін олардың 
қарапайым сюжеті болуы керек. 
• Дайындалыңдар. Дайындаған сөзді бірнеше рет толық қайталап, оны барынша ұғынуға 
тырысыңдар. 
• Барлық қосалқы құралдардың ішінен негізгі тезистер үлкен және түсінікті етіп жазылатын 
презентацияларды, карточкаларды немесе аудиторияның артында орналасқан телесуфлерді 
пайдаланған жөн (егер бұл таңдалған алаңда техникалық жағынан мүмкін болса).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет