Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет40/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт:
5 минут
Теориялық материал. Дауыс және интонация 
Уақыт:
5 минут
Тіл. 
-
Тыңдаушылардың қызығушылығын оятады. 
-
Аудитория деңгейіне сәйкес келеді. 
 
Кідірістер. 
-
Назарды шоғырландыруға мүмкіндік береді. 
-
Бір ойды екіншісінен бөлуге көмектеседі.
-
Назарды қандай да бір ойға аудартады.
-
Сөйлеушіге ойын жинақтауға мүмкіндік береді. 
-
Тыныс алуға мүмкіндік береді. 
-
Паразит сөздерден аулақ болуға көмектеседі. 
 
Интонация. 
-
Сөзді айқын қылады. 
-
Сөздерге эмоционалдық бояу береді (мимика сияқты).
-
Айырмашылықтарды ерекшелеп көрсетеді.
-
Бір ойды екіншісінен бөлуге көмектеседі.
-
Тақырыпқа сәйкес келуі керек.
-
Бірсарындылықтан аулақ болуға көмектеседі. 
-
Егер бір нәрсені баса айту қажет болса, дауыс қаттылығын өзгертуге болады (дауыс күшін 
арттырып, не күрт төмендету қажет). 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
49 
Дауыс пен дауыс ырғағын жақсарту үшін тілді жаттықтыру 
Уақыт: 5 минут
Процесі: 
Аз қимылдайтын және бос тіл көбінесе сөздер анықтығының жоғалуына әкеп соғады, сөздер 
анық емес және түсініксіз болады. 
Тілді түтік тәрізді ораңдар. Тілді ауыздан мүмкіндікше қатты шығарып, оны солға, оңға, 
төменге және жоғарыға қарай қозғалтыңдар. Ауыздың ішін тілмен жанап, ең алыс бұрыштарға 
дейін жетуге тырысыңдар. Тілді таңдайға мықтап басып, содан кейін күрт төмендету арқылы 
таңдайларыңды тартыңдар. 
Жаңылтпаштар 
Жаңылтпаштар дыбыстар мен сөздерді нақты айтып үйренуге, дұрыс дикцияға қол жеткізуге 
және сөйлеу ақауларынан арылуға көмектеседі. 
Жаңылтпаштарды айту ережелері: 
Алдымен сөздерді баяу, буынға бөліп нақты айту керек, айтылу ырғағын қадағалап, содан 
кейін жақсарған сайын қарқынын тездету қажет. 
Жаңылтпаштарды біртіндеп, бір деммен айтуға тырысу қажет. 
Оларды айна алдында үнсіз, содан кейін сыбырлап айтуға болады, бірақ дыбыстар түсінікті 
болып, жақсы естілуі керек. 
Таныс мәтінді әртүрлі дауыспен: балалар, әйелдер, ерлер дауысымен айтып, сөздерді ән қылып 
айтып көру қажет. 
Мұғалімге арналған кеңес:
Топтың жасына сәйкес келетін бірнеше жаңылтпаш дайындаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет