Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Айна алдында түрлі эмоция бейнелеп көріңдер.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
60
22-сабақ
Тақырыбы: Мен және менің эмоцияларым.
Ұғымдар: «Эмоция», «сезім», «аффект», «көңіл-күй» ұғымдары және олардың арасындағы
айырмашылықтар.
Сабақтың мақсаты: эмоцияларға мән беріп, оларды реттеуді, бірақ баспауды үйрену;
аффект, сезім, эмоция, көңіл-күй ұғымдарының айырмашылығын анықтауды үйрену.
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар, демонстрация.
Ресурстар: жаттығулар, жаттығуларға арналған материалдар, жұмыс дәптерлері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:
5 минут
Сергіту сәті
Уақыт: 5 минут
Материалдар:
қағаздан жасалған доп немесе шар
Процесі
Мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызады. Бір оқушы шеңбердің ортасына шығып, басқа
оқушыға несімен ұқсайтынын айтып, допты беруі тиіс. Допты алған оқушы да ортаға шығып,
басқа оқушылармен ұқсастығын айтады. Тапсырма – допты барынша жылдам беру. Оқушылар
бір-біріне ұқсас жақтарын анықтауда көмектесе алады. Өзіңіз де оқушыларға көмектесіңіз:
мүмкін болса, психологиялық ұқсастықтарын айтыңыз. Бұл жаттығуға терең үңілуге
көмектеседі.
«Мен не сеземін?» жаттығуы
Уақыт: 10 минут
Материалдар: қағаздан жасалған доп немесе шар
Процесі:
Қазір біз доп лақтырып, аяқталмаған сөйлемдерді толықтырамыз. Кім де кім допты қағып алса,
сөйлемді сол аяқтайды. Бірақ сөйлемді аяқтағысы келетін оқушы болса, қолын көтеріп, допты
сұрауына болады.
Сөйлемдер әртүрлі болуы мүмкін, мысалы:
• Мен... кезде қуанамын.
• Мен... кезде қатты таңғалдым.
• Мен... кезде қатты шошып кеттім.
• Мен... кезде ызаланамын.
• Мен... кезде қатты ашуландым.
• Мен... кезде сабырлы боламын.
• Мен... кезде рақаттанамын.
• Мен... кезде өзімді жалғыз сезінемін.
• Мен... кезде ұяламын.
Өз сезімдерін білдіре алмайтын оқушыларға назар аударған жөн. Олар өздеріне қиын болып
көрінген сөйлемдерді аяқтап көрсін. Қолын көтерген оқушыларға да мән беріңіз. Олар қазір
сезімдері жайлы айтқысы келетін шығар, оларды қолдаңыз. Алайда сөйлемді екі-үш сөзбен
толықтыру керектігін естеріне салыңыз.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
61
Достарыңызбен бөлісу: |